Н. Ж. Жақашов, Ж. Ж. Бекмағамбетова, М. Е. Жоламанов, Қ.Қ. Тоғызбаева



бет248/296
Дата02.10.2023
өлшемі9,48 Mb.
#112645
түріОқулық
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   296
Байланысты:
Учебник Гигиена-каз

11.3.- кесте
Иондағышшы емес электромагниттік сәулеленулер мен рентген сәулеленулері деңгейлерінің рұқсат етілген рұқсат етілген мәндері.



Параметрлерінің аталуы

ЖАК, БТ бөліктері

Бақылаудағы арақашықтық, см

Рұқсат етілген мәні

Кәсіби қолдаушыларға арналған электросатикалық өрістің кернеулігі

Монитор

Клавиатура



Басының деңгейінде
1,0

20 кВ/м

Балалардың оқу орындарының және компьютерлік клубтарының жұмыс орындарындағы электросатикалық өріснің кернеулігі

Монитор

Клавиатура



Басының деңгейінде
1,0

15 кВ/м

ЖАК, ЕТ айналасындағы электрлік өрістің кернеулілігі:
5Гц-2кГц жиілік диапазонында
2-400 кГц жиілік диапазонында

Монитор
Монитор

Бас деңгейінде

25 В/м
2,5 В/м

Магниттік ағым тығыздығы:
5 Гц-2 кГц жиілік диапазонында
2-400 кГц жиілік диапазонында

Монитор
Монитор



Басының деңгейінде



250 нТл
25 нТл



Монитордан шығатын беткі электросатикалық потенциал, артық емес

Монитор

Дисплей мен одан 10 см қашықтықта орна-ласқан жерге қосыл-ған өлшеу пластина-сының арасы

500 В

Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістің кернеулігі (50 Гц)

Клавиатура
«Тышқан» («Мышь»)

1,0
1,0

0,5 кВ/м
0,5 кВ/м

Эквивалентті дозаға айналдырып қайта есептелген ретген сәулесінің экспозициялық дозасының қуаты, мк3В/сағ

Экран
Корпус

5


0,1


Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, компьютерді немесе мониторды ұзақ уақыт қосылған күйінде қалдыруға болмайды. Егер ЖАК уақытша қолданылмайтын болса, оны сөндіріп қойған дұрыс.


Көзге көрінетін параметрлерлерінің ішінен белгінің жарықтығы (фонның жарықтығы), экранның жұмыс бетінің жарықтығы бір келкі еместігі, бейнелердің уақытша тұрақсыздығы, бейнелердің кеңістіктік тұрақсыздығы мен бейнелердің жаңалану жиілігі нормаланады.
Монитордың адам денсаулығына әсер ететін маңызды сипаттамаларына, келесі құрастырылымдық (контрукциялық) параметрлері жатады:

  • экранның өлшемі– 15 дюймнен кем болмауы керек (1дюйм – 2,54 см) = 38,1 см

  • кадрлердің жиілігі (регенерация жиілігі) ТСО-99 бойынша – 85 Гц кем емес

  • түйіршіктер көлемі (нүктелер) – 0,28 мм артық көп емес

  • түрлі-түсті экрандағы түстердің саны – 256 кем емес

  • жылтылдау болмаған кезде 800×600 нүктелер рұқсат естілуі.

Компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу үшін, оның құрастылырылымдық параметрлерімен тікелей байланысты факторлардан басқа, еңбек ету жағдайының да үлкен маңызы бар, олар: микроклимат параметрлері, ауа ортасының және жарық деңгейінің сапасы, жұмыс орындарын ұйымдастыру және жабдықтау, жұмыс істеу кезінде дене қалпын ыңғайлы ету, жұмыс және демалу режимін дұрыс ұйымдастыру.
ЖАК-пен жұмыс істеуге арналған бөлмелерді жертөле қабатындағы бөлмелерде орналастыруға болмайды, ал мектептерде және мектепке дейінгі мекемелерде – цокольдық қабатында орналастыруға рұқсат етілмейді. Жұмыс орындарының орналастырылуы бөлменің периметрі бойынша, қатар-қатарымен, бөлменің ортасында болуы мүмкін. Ең қолайлысы – периметрі бойынша орналасуы. Қатармен және бөлменің ортасында орналастыру кезінде 1 жұмыс орнының ауданы 6 м2 (ЭСТ-ПК), периметрі бойынша орналасуында - 4м2 , жалпақ дискретті экрандарды қолданғанда кез-келген орналасуы түрінде – 4 м2 кем болмауы тиіс. Бір компьютердің артқы жақ бетінен екіншісінің экранына дейінгі аралық 2 м кем емес, бүйір беттері арасындағы арақашықтық – 1,2 м кем болмауы керек.
Жұмыс бөлмелерінің ішкі беттерін өңдеу үшін, шағылысу коэффициенті төбесі үшін – 0.7-0.8, қабырғалары үшін 0,5– 0,6, еден үшін – 0,3-0,5 болатын, диффузды шағылыстыратын материалдар қолданылуы қажет. Мектепке дейінгі ұйымдарда бөлмелердің ішкі бетін өңдеуі үшін ағашты-жаңқалы плиталар, бірнеше қабаттан тұратын пластик, синтетикалық кілем төсеніштер қолдануға тыйым салынады. Бөлмелер жерге жалғанған болуы керек, ұзартқыштар, сүзгілер, үштармақты тоқ көздері (тройник) – жерге қосатын контакттармен жабдықталуы тиіс. Компьютерді пайдаланушылар үшін қауіпті электромагниттік өріс деңгейлері құралдың электрлік желісінің жерге қосылмауы себебінен болуы мүмкін.
15-дюймдік компьютер үшін экранға дейінгі арақашықтық 50 см кем болмауы керек, ал 17-дюймдік компьютерлер үшін - 80 см кем емес. Монитордың биіктігін қарау сызығы экранның ортасына перпендикуляр болатындай етіп қою керек (±5%). Монитор тура алдында, столдың ортасында орналасуы тиіс. Монитор столдың шетінде, ал адам оған жартылай бұрылып отырған күйінде, жұмыс істеу мүлде дұрыс емес.
Компьютермен жұмыс істеуге арналған орындықтың отырғышы көтеріліп, төмен түсірілетін, айналатын, бұлшықеттердің статикалық зорлануын төмендету мақсатында, жұмыс кезіндегі дене қалпын өзгерту үшін биіктігі және еңкею бұрыштары реттелінетін болуы керек, анатомиялық арқалығы, жалпақ шынтақ қойғышы және кеңістікте жеңіл қозғалу үшін дөңгелектері болуы керек. Ең жақсы шешім – арнайы креслолар болуы. Креслоларға, орындықтар мен киімдерге синтетикалық маталарды қолдану ұсынылмайды.
Компьютерлік столдар көп жағдайларда компьютермен ұзақ жұмыс істеуге жарамсыз. Стол, қолданылатын жабдықтарды қолайлы орналастыруды қамтамасыз етуі керек, стол мен орындықтардың негізгі көрсеткіштері адамның бойына сәйкес келуі тиіс. Столдың бөлек екі беті болуы керек: біреуі монитор үшін, екіншісі – клавиатура үшін. Стол мен орындықтардың ұсынылған өлшемдерін СанЕмН-ға қосымшаларынан табуға болады.
ЖАК жұмыс істеу кезінде қолайлы дене жұмыстық қалпы: дене тік болуы, омыртқа бағанасының табиғи иілімдері және жамбастың иілу бұрышы сақталуы керек. Бас сәл ғана алға еңкейюі (5-7º), статикалық зорлануды болдырмау үшін білек столдың бетіне сүйенуі тиіс. Білек және иық арасында, сондай-ақ тіземен санның арасында пайда болатын бұрыш 90º кем болмауы керек. Қарау сызығы экранның ортасына перпендикуляр болады (±5%).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет