Н. Ж. Шаймерденова п І к І р б І л д І р г е н д е р


  Аудармадағы  лакуналар  және  метафоралардың



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата24.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#10277
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2.4  Аудармадағы  лакуналар  және  метафоралардың 
сақталу кӛрінісі 

 
118 
Аударма  әртүрлі  мәдениеттер  мен  халықтардың  жақындасу 
мен ӛзара түсінісу процесінде маңызды рӛл атқарады, сондықтан 
болар 
кӛптеген 
сала 
мамандары 
– 
психологтардың, 
этнографтардың, 
әлеуметтанушылардың, 
философтардың, 
әдебиеттанушылардың,  тілшілердің  назарын  бұрыннан  бері 
аудартып жүр. 
Аударма  теориясы  мен  практикасы  үшін  мәтін  деңгейінде 
салғастырудың  мәні  оның  белгіленуіне  және  мағынасына 
байланысты.  Нақты  тілдегі  грамматикалық  мағынадағы,  сӛздік 
құрамдағы  қарама-қарсылықтар  аударылмайтындықтан,  олар 
арнайы  белгілеулердің  құралы  болып  табылады.  Мағына  (мән) 
тек  тілдік  қана  емес,  сонымен  бірге  экстралингвистикалық 
құралдар  арқылы  беріледі.  Міне,  сондықтан  аударма  мәтін 
мағынасын  барлық  уақыт  толық  жеткізе  алмайды.  Аударма 
теориясы  негізгі  мәтіннен  басқаға  назар  аударуы  керек,  ӛйткені 
аударма  –  тілдік  кодты  тек  жай  ауыстыру  ғана  емес,  сонымен 
бірге  басқа  мәдениет  призмасы  арқылы  қабылдауға  мәтін 
адаптация [94, 46 б.]. 
Әрбір  ұлттың  мәдениетіне  жалпы  адамзаттық,  сондай-ақ 
ұлттық,  нақты  тарихи  ерекшеліктері  мен  халық  тұрмысының 
тарихи даму жағдайларын кӛрсететін ӛзіндік дәстүрлілігі тән. Бұл 
ерекшеліктері  тілден  де  кӛрінеді,  себебі  “тілдердің  кӛптігі 
арқылы  біз  үшін  әлемнің  байлығы  және  оның  әрқилылығы 
ашылады және адам болмысы кеңдеу кӛрінеді, себебі тілдер бізге 
нақты  кӛріністер  арқылы  ойлау  мен  қабылдаудың  әртүрлі 
әдістерін  береді”  [13,  61  б.].    Осылайша,  аударма  барысында 
әртүрлі  тілдік  жүйелерді  салыстырумен  қатар  әр  түрлі 
мәдениеттердің салыстырылуы да қатар жүреді. А.Д. Швейцердің 
пайымдауынша,  “аударма  тілдердің  тек  ӛзара  қатынасы  ғана 
емес,  сонымен  бірге  мәдениеттердің  ӛзара  қатынасы...  Аударма 
процесі тілдердің шекараларын ғана кесіп ӛтпейді, сонымен бірге 
мәдениеттер шекарасынан да ӛтеді” [95, 54 б.]. 
Бәрімізге белгілі, кӛркем аударма рухани байлықтарды ӛзара 
алмасуды 
білдіретін, 
әртүрлі 
мәдениеттер 
арасындағы 
байланыстарды  нығайтатын  әдіс  ретінде  маңызды  қызмет 
атқарады. 
Әдетте  түпнұсқаның  ұлттық-мәдени  ерекшелігіне  оның 
поэтикалық  тілінің  тілдік  құралдар  жүйесін  жатқызады,  себебі 
олардың  ұлттық  ерекшелігі  тек  осы  халықтың  поэзиясында  ғана 

 
119 
қолданылып,  басқаларына  таныс  немесе  таныс  еместігіне 
байланысты  айқындалмайды.  Кӛптеген  жағдайларда  бір  ғана 
құбылыстар  мен  заттардың  шеңберімен  байланысты  поэтикалық 
троптар,  образдар  халық  ӛмірінің  әртүрлі  ерекшеліктерін,  оның 
кӛркемдік-эстетикалық түсініктерін кӛрсете отырып, осы ұлттық 
поэзияда қайталанбас ерекшеліктерін, ұлттық колоритін табады. 
Тілдердің  лексикалық  жүйелерінің  ерекшеліктерін  айқындау 
үшін  конфронтация  әдісі  қолданылады,  оның  кӛмегімен 
тіларалық 
сәйкестіктері 
бар 
нақты 
болмыстың 
жеке 
фрагменттерінің  лексикалық  кӛрінісінің  айырмашылықтары 
зерттеледі.  Осылайша,  екі  тілдің  лексикасын  салыстыру  кезінде 
лакуналарды  табуға  болады,  басқаша  айтқанда  “мағына  ашушы 
құрал”,  яғни  баламасы  болмаған  кезде  басқа  тілдің  сӛзіне 
сәйкесті  сӛз  түрінде  пайда  болады.  Мұндай  “ақтаңдақтар”  Ю.С. 
Степановтың  анықтамасы  бойынша  тілдерді  салыстырған  кезде 
ғана кӛрінеді [96, 120 б.]. Лакуналық  құбылысының себептері әр 
түрлі. Бір  жағдайларда лакуналар  мәдениеттердің әр қилылығын 
кӛрсетеді.  Р.Д.  Сафарян  “Ӛзге  тілдік  (армян)  аудиториясында 
кӛркем  мәтінді  қабылдау  кезіндегі  мәдени  лакуналар” 
мақаласында “әрбір тілдік мәдени қауымдастықта пайда болатын 
лакуналармен ӛлшенетін ӛзге тілдік кӛркем мәтінді қабылдаудың 
шегі  болады”  [97,  204  б.].    Басқа  жағдайларда  лакуна  бір  тілде 
сәйкесті денотаттың жоқтығымен емес, бір тілдің анықтайтынын 
екінші  тілде  анықтау  міндетті  еместігінде  екенін  кӛрсетеді.  [98, 
73 б.]. 
Ә.  Нұрпейісовтің  “Соңғы  парыз”  романын  орыс  тіліндегі 
аудармаларымен  салыстыра  талдау  кӛркемдік  бейнелегіш  тәсіл 
болып 
табылатын 
метафораларды 
аудару 
кезінде 
аудармашылардың  кездестіретін  қиыншылықтарын  аңғартады. 
Әрине,  аудару  кезінде  оларды  бейтарап  сӛздермен  алмастырып 
қолдануға болады, бірақ  жоғарғы стиль  ерекшелігін сақтау үшін 
орыс  тілінің  экспрессивтік  құралдарын  барынша  шебер 
пайдалана білу керек. 
....  сұрқы  қашып  тұрған  сүреңсіз  жүдеу  аспан  астына 
қапелімде  қара  түн  қайта  орнап  келе  жатқандай...(438-б.).  
Образға  негізделген  кӛрініс  тіл  арқылы  жарыққа  шыққанда 
ондағы 
ұлттық 
қабылдау, 
қазақи 
дүниетаным, 
ойлау 
ерекшеліктері  бірден  аңғарылады.  Сол  сияқты  аудармашылар 
аудармаған  бұл  метафоралық  тіркестің  бойынан  ұлттық  негіздің 

 
120 
нышаны  жатқанын  байқауымызға  болады.  Мұндай  тіркестерге, 
мағынаға  тірек,  негіз  болатын  нәрсе  –  адамдардың  күнделікті 
ӛмірінде  кӛріп  жүрген  дүниедегі  заттар  айналасындағы 
құбылыстар,  содан  туындайтын  жағдайлар,  түрлі  жағымды, 
жағымсыз әрекеттердің ықпалы. 
...  қоңыр  жалдың  басынан  сонау  тас  тӛбедегі  сабалақ  сұр 
бұлт салбыраған түнеріңкі аспанға шаншылып шыққан еді-ау! 
(84-б.). 
... аспан асты булығып тұншығып барады (84-б.). 
Ұлттық психологияның негізі болып саналатын ұлттық салт-
дәстүр,  ұлттық  мінез,  ұлттық  сезімге  қатысты  жасалған  автор 
шығармасындағы  метафоралар  арқылы  ұлттық  мәдениеттің  ұлт 
тіліне  қатысы  айқындалады.  Сӛйлеушінің  тілдік  әлемінде 
шынайы  заттар,  құбылыс  ерекшеліктері  субъективті  түрде 
қабылданып,  бағаланады.  “Объективті  дүниенің  субективті 
образы” сияқты боп шығатынын айта келе В.А. Маслова: “Әлем 
туралы  ілім  деп  айтуға  болатын  әлем  бейнесі  жеке  және 
қоғамдық  сана  негізінде  жатыр.  Тіл  болса,  танымдық  процестің 
талаптарын  орындайды.  Әлемнің  концептуалдық  кӛрінісін  әр 
түрлі адамдар түрліше қабылдауы мүмкін, мысалы ғылыми білім 
салаларының  ӛкілдерінде  және  т.б.  Әртүрлі  тілдерде  сӛйлейтін 
адамдарда әлемнің белгілі бір бейнесі қалыптасуы мүмкін, ал бір 
тілде  сӛйлейтіндердікі  әртүрлі  болуы  мүмкін”  [99,  51  б.].  Әлем 
бейнесі, шынында да зат, құбылыс, әрекеттердің  жинағы сияқты 
ғана  емес,  бұл  кӛріністер    қаншалықты  нақтылы  болса,  оны 
қабылдап,  танушы  адамның  да  ӛзіндік  ішкі  кӛзқарасы  да 
соншалықты  дәл  болады.  Ол  –  ӛзі  таныған  іс-әрекет,  зат, 
құбылысты  қабылдап  қана  қоймай,  ӛз  түсінік,  әсерін  ӛз  ұлт 
тілінде кесіп, пішуі. 
...  кәрі  теңіздің,  сиқырлы  аспанның  ұшымен...  (249-б.).  Әр 
халықтың  ұлттық  мәдени  ерекшеліктері  оның  ғасырлар  бойы 
жасалған  тілінен  кӛрінеді.  Кейде  сол  ұлттың  тілінде  ұлттың 
әлдебір  қасиеттерін  ӛзгелерден  оқшау  етіп  бағалайтын, 
анықтайтын тіркестер қалыптасады. Жалпы ұлт тілдерінің ішінде 
концептуалдық 
тілдік 
қолданыстары 
кӛбірек 
немесе 
эмоционалдық  тілдік  бірліктері  басым  түсіп  жататын  тілдер 
болады.  Ойды  астарлап,  тұспалдап,  адам  жанын  сипай  отырып, 
мораль  мен  этиканы  ұқтыруда  қазақ  тіліндей  мәнерлі  тіл  кем  де 
кем.  Ғалым  З.К.  Ахметжанова  бұл  тұрғыда  мынадай  пайымдау 

 
121 
жасайды:  “салғастырылатын тілдердің сӛзжасамдық, лексикалық 
жүйелерінің ерекшеліктерін табатын тілдік лакуналар талданды” 
[100, 21 б.]. 
Түн құшағында түксиген теңіздің әрегірек бір жерінен әлде 
бір  құс  қырқылдады  (148-б.).  Мәдени  ұлттық  дүниетанымның 
сыры  мен  ерекшеліктері  тек  ұлт  тілі  арқылы  жетіп  танылады. 
Адамдардың  материалдық  тұрмыс  тіршілігі  қоршаған  ортасы 
және 
рухани 
ой-ӛрісі 
бір-бірімен 
тығыз 
байланысты 
болғандықтан, бұл бірлік мәдени ӛмір сүру заңдылықтарына сай, 
сол ұлттың ӛзіндік менталитетін айқындайды. Тіл-тілде сақталып 
келген  образды,  метафоралы  тіркестер  халық  менталитетінен 
хабардар етеді. Ұлт ерекшелігін тұтастай тану үшін оның тілдік, 
танымдық  қасиеттерін  зерттеп  білмейінше,  түпкілікті  ой  пікір 
айтуға  болмайды.  Тіл  дүниенің  ұлттық-мәдени  айшықтарын 
бейнелеуде,  адамдардың  танымдық  әрекетін  қоршаған  ортаның 
ықпалымен  ұштастырады.  Халықтың  күн  кӛрісі,  тұрмысының 
мән-мазмұны жинақталған метафораларды талдау арқылы ұлттық 
дүниетаным,  құбылысты  қабылдаудағы  кӛркемдік  ақыл,  ой 
деңгейін  бағдарлауға  болады  [14,  55  б.].  Ұлттық  қабылдау 
ерекшелігі  ӛзгерген  соң  ассоциация  да  ӛзгереді.  Уәждемеге 
негізделген  ұлттық  мәдени  жағдайдың  әсері  ассоциацияға  да 
ықпалын тигізеді. Әлемнің концептуалдық бейнесі әр кезеңдерде, 
әр  әлеуметтік  жағдайларда  адамдар  үшін  түрлі  ыңғайда 
танылады. 
Кӛркем  шығарманың  эстетикалық  әсерін,  автордың  ӛзіндік 
қолтаңбасынан,  стильдік  ерекшеліктерінен,  сондай-ақ  әр  түрлі 
әлеуметтік,  мәдени  факторларды  баяндаудағы  тілдік  қордың 
байлығын  қаншалықты  жүзеге  асырғандығы,  ӛрнекті  сӛздер 
табиғатын  танып  біліп,  жұмсай  алғандығынан  да  байқалады. 
Алайда  мұнда  автор  кӛркем  сӛз  шебері  ретінде  метафорасыз 
сӛйлем құрауы мүмкін емес. 
Адамзат  метафораны  дүниенінің  сан  саласын  ойлау  мен 
танып  білудің  ғажайып  құралы  ретінде  метафораны  жұмсайды. 
Метафора 
қажеттіліктен 
туындамайтындығын, 
адамның 
ойлауына 
тән 
құбылыс 
екенін 
ғалымдардың 
тұжырымдамаларымен  дәлелдедік.    Тіл  тұтынушы  зат  пен 
құбылыстың түрлі ерекшелігін ескере отырып, ұғымды жеткізуде 
тілдік  түрлі  тәсілдерді  пайдаланады,  яғни  ұқсату,  бағалау, 

 
122 
бейнелеп  кӛрсету  т.б.  арқылы  атауды  қалыптастырудың  жолын 
таңдайды. 
Метафора  –  ұлттық  тілдегі  ӛзіндік  күрделілігі  бар,  әртүрлі 
ұлттық  бояуға  қаныққан  категория.  Метафораның  тамыры  
ұлттың  дамуында,  қалыптасуында,  сонымен  қатар,  оның  ӛзіндік 
мәдениетінің, 
тарихының, 
халықтық 
менталитетінің 
қалыптасуында  жатыр.  Метафора  –  қоғам  мен  тілдің  тікелей 
сабақтастығының  әсерінен,  ұлт  дамыған  сайын  әртүрлі  сипатта 
кӛрініп  отыратын  бірлік.  Метафора  жалпы  әмбебаптық  сипаты 
бар  құбылыс,  сонымен  қатар  ұлттық  дүниетанымға,  сол  тілді 
игеруші  халықтың  тұрмыс-тіршілігіне,  табиғатына,  қоршаған 
ортасына  тән,  бір  сӛзбен  айтқанда,  мәдениеттің  тілдегі  кӛрінісі. 
Метафораның  дамуынан,  оның  жеке  авторлық  шеңбердегі 
қолданысынан  ұлттың  дамуын,  тілдің  даму  кӛрінісін  аңғаруға 
болады.  Себебі,  тілдегі  ұлттық  ӛрнек,  әлем  бейнесі,  адам 
интеллектуалы  үнемі,  шексіз,  қарқынды  дамуда  болады.  Қазақ 
тіліндегі  метафоралар  –  ұлттық    мағына  мен  түрдің  бірлігі 
ретінде халқымыздың рухани жан дүниесінің айнасы. Метафора – 
әлем  бейнесінің  белгілі  бір  үзіктерін  танытатын  танымның 
кӛрінісі. 
Аударманың  кез  келген  қызметінде  эквиваленттілік  пен 
баламалық сәйкестігі бағдарлама таңдау арқылы анықталады. Ол 
аудармашы  аудармашылық  факторларын  есепке  алу  негізінде 
таңдай  алады.  Осы  факторлардың  ішінде  аударма  мақсатының 
аударылатын мәтіннің түрі мен  сипатының үлкен маңызы бар. 
Лакуна  теориясына  қатысты  В.Л.  Муравьевтің  де  кӛптеген 
еңбектерін  атап  ӛтуімізге  болады.  Лингвистикадағы  абсолютті, 
стильдік  және  қатысты  және  этнографиялық  тұрғыда  абсолютті, 
қатысты  және  векторлы  және  ассоциативті  болуын  қолдайды 
[101,  93  б.].  Салғастырмалы  тілдердегі  стилистикалық 
лакуналардың  болуы,  мәдениеттердің  ӛзгешілігін  растайды, 
себебі  денотат  бойынша  сәйкесетін  сӛздер,  коннотативтік 
семантикасымен 
ерекшеленеді. 
Кӛріп 
отырғанымыздай, 
аудармадағы  мәдениетті  кӛрсету  процесінің  қиындығы,  ең 
алдымен  ӛткен  кезеңдердің  мәтіндерінде  пайдаланылатын 
сӛздердің мәдени-тарихи ӛзгешелігімен байланысты. 
Сонымен 
лакуналар, 
мәдениеттердің 
айырмасымен 
ӛзгешеленеді  және  фондық  айырмаларға  байланысты  кӛптеген 
сӛздер “аяғына дейін” аударыла алмайды екен [102, 207 б.]. 

 
123 
Мәдени  дәстүрлер,  ӛмір  сүру  қалпы  әр  халықтың  кӛркемдік 
қабылдауының  ерекшеліктерін  айқындайды,  олар  тілдік 
бірліктерді  пайдалану  кезінде  кӛрініс  табады  және  де  кӛркем 
аударманың  мақсаты,  туындының  дәл  берілуін  ғана  кӛздемейді, 
сонымен  бірге  аударылып  отырған  тілге  халықтар  мәдениетінің, 
тұрмысының,  салттарының  ӛзіндік  сипатын  танытатын  бейнелік 
кӛріністерін  толық  жеткізу  үшін  сәйкесті  тілдік  құралдарды 
іздестіру болып табылады. 
Осылайша,  аударманың  ең  негізгі  мәселелерінің  бірі, 
түпнұсқа  туындыда  және  оны  басқа  тілге  аударғанда  ұлттық 
бастаулардың ӛзара байланысы мен ӛзара қарым-қатынасы болып 
табылады.  Кӛркем  әдебиетте  және  мәдениетте  кӛрініс  тапқан 
ұлттық  ӛзгешелік,  тұтастай  алғанда,  әрбір  халыққа  тән  және 
үнемі  даму  үстінде  болатын  ерекшеліктер  мен  сипаттардың 
тұтастығы болып табылады. 
Ә. Нұрпейісов 25 жыл бойы қазіргі таңдағы соңғы романы – 
“Соңғы  парыз”  мың  ойланып,  мың  жазып,  мың  түзеген  күрделі, 
ой  ұшқыры  бейнелеген,  тағдырдың  талайын  суреттеген  күрделі, 
қызықты  роман.  Адамның  ӛмір  сүруінің  ӛзі  оның  қоршаған 
ортамен  үнемі  байланыстылығын  аңғартады.  Қоршаған  ортаның 
адекватты  бейнесін  жасау  үшін  адам  тілдің  тӛменгі  релевантты 
құрылымдық  элементтерін  үлкен-үлкен  блоктарға  жинастырады. 
Әрине,  ондай  ірі  топтарды  түзгенде  олардың  грамматикалық, 
семантикалық  мағыналары  жағынан  барлық  заңдылықтар  мен 
талаптарға  сай  келуі  тиіс.                    Г.  Колшанскийдің  айтуынша,  
адам  қатысты  процесінде  жадындағы  жинақталған  лексикалық 
және  грамматикалық  бірліктердің  парадигмасынан  қажетті 
лексикалық бірлікті және грамматикалық форманы іздеуге әрекет 
етеді [103, 41 б.]. Тіл жазушы үлесіне дайын материал ғана емес, 
оған  белгілі  сӛздік,  грамматикалық  норма,  бір  не  бірнеше  тілдік 
тәсіл болып та есептеледі. Кӛркем шығарманың үстірт қабатында 
жатқан,  бірден  кӛзге  түсіп  тұратын  алғашқы,  жеңіл  түсінілетін 
мәтіні  бар  және  бірден  кӛзге  түсе  бермейтін  терең  қабатында 
жатқан астарлы мәтіні болады. 
Кӛркем шығарманың тілдік болмысы – эстетикалық дүниенің 
материалданған,  үстірт  қабатта  жатқан  сыртқы  кӛрінісі,  ол  – 
бейнеленген  мазмұнның  астырт  қабаттарына,  ішкі  жағына  енуге 
бірден-бір  мүмкіндік  беретін  құрылым.  Алайда  эстетикалық 
тұрғыдан  тікелей  сезіну  кезінде  ол  әлі  оқырманға  жете 

 
124 
түсіндірілмейді.  Оны  шын  мәнінде  бағалау  тек  қабылдаудың 
кейінгі сатыларында жүзеге асады. Осы жерде қарама-қайшылық 
туралы  айту  керек.  Кейінгі  тарауларда  сӛздердің  мағынасында, 
бір-бірімен байланысында белгіленген қарама-қайшылықтар, тың 
байланыстар мен қатынастар ашылады. Оқырман санасында осы 
қарама-қайшылықтар негізінде барып, автор алдын-ала кӛздеген, 
белгілеген кӛркем бейне туады. Шығарма тілінің тартымдылығын 
арттырып,  жандандыра  түседі.  Бейне  жасауда  қатысушылардың 
сӛздері  де  шешуші  орын  алады.  Адам  образын  даралап 
нақтыландыруда,  оның  ӛз  ортасына  тән  іс-әрекетін,  мінез-
құлқын,  басқаларға  деген  кӛзқарасын  кӛрсетумен  қатар,  оның 
сӛзін де  ӛз ортасына тән етіп берудің  мәні зор. Олай етпейінше, 
образ  жеткілікті  дәреже  де  толық  та,  нақтылы  да,  нанымды  да, 
әсерлі  де  бола  алмайды.  Кейіпкер  тіліне  қойылатын  талап  – 
кейіпкер  сӛзінің  мазмұны  мен  түрі  жағынан  оның  мінезіне, 
психологиясына  лайық  мәдени  дәрежесіне  үйлесімді,  ӛмір 
тәжірибесіне,  ӛскен  ортасына,  кәсібіне,  оқиға  болып  жатқан 
жағдайға  т.б.  сәйкес    берілуі  тиіс.  Сондықтан  да  шығармада 
идеяның  нанымды  түрде  ашылуын  кӛздеген  автор  шығарма 
кӛлемінде  қатысушылар  сӛзінің  алатын  орнына,  олардың 
кестелену,  ӛрнектелу  ерекшелігіне  немқұрайды  қарай  алмайды 
[104, 65 б.]. 
Адамның ішкі сезімін, жан байлығын, сұлулығы мен ақыл-ой 
кемелдігін, 
жексұрындығы 
мен 
кещелігін 
айғақтауды 
кейіпкерлердің  ӛздеріне  жүктейтін  қаламгер  романда  бір  рет 
кӛрінетін  адамдардың  да  характерлік,  образдылық  сымбатын 
келістіре сипаттайды. Дүниеге кейіпкер кӛзімен қарайды. 
“Нағыз  жазушы  кейіпкерлерін  ӛздері  беріп  тұрған  образға 
сай  сӛйлетеді.  Кейіпкер  сӛзі  оның  бейнесін  жасауға  тікелей 
қызмет  ететін  кӛркемдік  тәсілдің  бірі  болып  саналады”,  -  дейді 
акад. Р. Сыздық [16, 13 б.]. 
Аудармашының  іс-әрекеті  нақты  ойлармен,  сӛздермен 
айналысатындығына  тіреледі,  -  дейді  В.Г.  Гак.  Бұл  сӛздер  мен 
грамматикалық  тұлғалар  шындық  құбылыстарын  кӛрсететін 
ұғыммен  байланысты  дегенді  білдіреді.  Осылайша,  аудармашы 
қолданылатын  эквиваленттердің  жалпылығы  тілдік  тұлғаларға 
ұқсас  немесе  тілдік  құралдардың  тұлғалық  ажыратылу 
барысындағы  ұғымдардың  жалпылығында  немесе  суреттеліп 
отырған жағдайдың жалпылығы  арқылы кӛрініс табады. Осыдан 

 
125 
аударманың үш моделі (тұлғалық, мағыналық, жағдаяттық) және 
эквиваленттіліктің үш сәйкестік деңгейі пайда болады.       Л.С. 
Бархударовтың пікірінше, “толық эквивалентті” шындықтан гӛрі, 
идеалға  айналады.  “Толығымен  эквиваленттілік  –  мазмұнның 
қалпын  ӛзгертпей  сақтаудың  бір  нұсқасы”.  Л.С.  Бархударов 
аудармашылық  трансформацияның  анықтамасына  кӛп  кӛңіл 
бӛледі. Ол Ю. Найдтың осындай трансформацияларды жіктеуіне 
сүйеніп,  оның  тӛрт  түрін  –    орын  ауыстыру,  алмастыру,  қосу 
және алып тастау тәсілдерін анықтайды. 
Орын  ауыстыру  аудармашылық  трансформацияның  бір  түрі 
ретінде  аударма  мәтінін  түпнұсқа  мәтінімен  салыстырғандағы 
тілдік  бірліктердің  орнының  ӛзгеруі.  Мұндай  бірліктер:  сӛз,  сӛз 
тіркесі,  күрделі  сӛйлем  бӛлшектері  мен  мәтіндегі  дербес 
сӛйлемдер. Аударма тәжірибесіндегі қарапайым, жағдай – сӛйлем 
құрылымындағы сӛз бен сӛз тіркестерінің қатарының ӛзгеруі. Ол 
сӛйлемнің  қатысымдылық  жігін  сақтаумен  тікелей  байланысты. 
Күрделі  сӛйлем  мүшелері  де  кӛп  ӛзгеріске  ұшырайды.  Дербес 
сӛйлемдердің орнын ауыстыру жағдайы сирек кездеседі. 
Сӛйлем  деңгейіндегі  аударма,  кӛбінесе,  фразеологиялық 
тіркес,  нақыл  сӛздер,  идиомалық  тіркестерді  аудару  барысында 
қолданылады.  Бұл  жағдайда  сӛйлемнің  мағынасы  аударылып 
отырған  сӛйлемнің  мағынасымен  сәйкеседі,  бірақ  бұл 
сӛйлемдердің  ішіндегі  сӛздер  мен  сӛз  тіркестері  аралығындағы 
сәйкестікті анықтауға мүмкіндік болмайды. 
Аударма  теориясы  –  1.  Қос  тілді  қатысымның  логикалық 
жолмен  негізделген  моделі.  (Аударманың  жалпы  теориясы  мен 
жеке теориясының айырмашылығын түсіне білген жӛн). 2. Екі тіл 
жүйесінің  ғылыми  негізде  салғастырылуы.  Ешбір  ғылым  ӛз 
тарихының зерттелуін білмей дами алмайды. Ғылым тарихы мен 
оның  теориясының  аралығында  тығыз  байланыс  бар:  теория 
танымның жүйелік, жалпы құрылымы, ал тарих – таным процесін 
жеткізу.  Ғылым  мен  оның  тарихы  үнемі  даму  үстінде  болады, 
олардың ӛтпелі кезеңінен басқасы бағалы, құнды. Барлық ғылым 
сияқты,  аударма  теориясы  да  –  фактілерді  теориялық  жолмен 
жинақтау жүйесі, тәжірибенің нәтижесі.                3. Түпнұсқа мен 
аударма 
мәтіндері 
аралығындағы 
ӛзара 
қатысы 
бар 
заңдылықтарды  зерттеп,  аударманың  әдістемелік  мәселелер  мен 
техникасын жасайтын ғылыми бағыт. 

 
126 
Аудармашылық қызмет – екінші қызмет, алғашқы қызметтің 
негізін  заттандырады,  яғни  жемісті,  ӛнімді  жағын  құрайды. 
Аудармашылық  қызметтің  негізі  ретіндегі  екінші      қызмет 
түпнұсқаның  басқа  тілдік  белгілер  жүйесінде  қайта  туындауын 
қамтиды.  Дегенмен  аударма  барысында  түпнұсқаны  қайталау 
тұтастай аударылып отырған мәтін “авторының” жазу жүйесінде 
қалып  қоймайды.  Ол  бұл  жүйенің  негізгі  бӛлімінде  басталады. 
Түпнұсқа  –  бұл  аудармашылық  шығарманың  негізі  ғана.  Ӛзара 
байланысу,  сӛйлесу  кезінде  жасалатын  мәтінде  оның  құрылымы 
бойынша  ӛз  бағдарламасы,  соған  орай  заттануы  мен  жасалу 
бойынша  қарама-қарсы  бағдарламасы  да  болады.  Репродуктивті 
қабілеті  бар  аудармашы  берілген  үлгі  бойынша  аудармашылық 
қызметін 
жүзеге 
асырады. 
Осы 
уақытта 
аудармашы 
шығармашылығы берілген үлгінің шеңберінде  шешім таңдаумен 
байланыста  шығармашылығында,  жемісті  бастау  алады. 
Түпнұсқаның  рухани  негізі  басқа  тілде  құқылы  аудармашылық 
нұсқалар  арқылы  әр  алуан  жолмен  жасалынады.  Ал  егер 
аудармашы  аударманың  рухани  негізін  жобаламай,  оны  қайта 
туындатса,  ал  оның  материалдық  негізін  белгілі  бір  деңгейде 
қайта туындаған рухани негіз аясында жобалайды. 
Кез  келген  аудармада  аудармашы  бір  немесе  бірнеше 
мақсатқа  сүйенеді.  Оның  әрқайсысы  аударма  мәтінінің  ерекше 
прагматикалық  адатациясынан  басым  баламалықтан  бас  тарту 
мүмкіндігін талап етеді. 
Аудармашының аударма мәтінінің түріне бағынатындығы да 
анық  нәрсе.  Романның  кӛркем  аудармасы  мен  техникалық 
нұсқаулығының  арасында  түрлі  жол,  тәсіл,  баламаның  түрлі 
деңгейі,  аудармашының  да  әр  салада  мамандандырылғаны  аса 
қажет. Таңдау аударма түрлерінің жіктелуіне қарай жасалынады. 
Аудармашы белгілі бір аударма түріне қарай маманданады. 
Тіл – ұлттық тарих және мәдениет – басқа ұлттардың тарихы 
мен  мәдениеті  арақатынасы  тілдік  қана  емес,  әлеуметтік-саяси 
тұрғыда  да  маңызды.  Сӛздің    кӛп  қырлы  бейнесі  қоғамның, 
халықтың  болмысын  кӛрсетеді  және  оны  тану  осы  халықтың 
тілін  танудан  басталады.  Сӛздің  барлық  мағыналық  реңктерін 
қабылдау  сол  ұлттың  ӛмірі,  тарихы,  материалдық  және  рухани 
құндылығын  түсінуге  жетелейтін  алғышарттардың  бірі  болып 
табылады. 

 
127 
Бұдан  бұрын  да  айтулы  шығармаларды  аударған  Г.  Бельгер, 
А. Ким,           А. Казаков немесе басқа аудармашылар “Аудару 
кезінде  кӛркемдік  жағынан  да  авторға  барынша  адал  болуға 
тырыстық”, - деп ӛздерінің алдына қойған мақсатын білдіріпті. 
Шынын  айтсақ,  аудармашының  шеберлік  мүмкіндігіне 
сенсек  те,  “Соңғы  парыз”  романның  орыс  тіліндегі  нұсқасын 
кӛргенде  кӛңілге  күдік  ұялағанын  жасыра  алмаймыз.  Қазақ 
әдебиетінің үлгілі нұсқалары ішінара ана тілімізде жарияланса да, 
шоқтықты шығарманың аудармашыға артар жүгі де осал болмаса 
керек-ті.  Ана  тіліміздің  баяндау  тәсілін,  ішкі  иірімін  жетік 
меңгерген  аудармашы  бұл  жолы  да  биік  ӛреден  кӛрініп, 
романның  астарлы  ойын,  мағыналы  мазмұнын  терең  түсініп, 
үлкен  ілтипатпен  ден  қойып,  түпнұсқаның  деңгейінен  тӛмен 
түсірмеген  екен.  Әрбір  бетті    оқыған  сайын  кӛңілдегі  күдік 
ыдырап,  сенімсіздік  тұманы  сейіліп  сала  берді.  Аударма 
кібіртіксіз,  ұғымға  жатық,  сонымен  қатар  аса  кӛркем  дәрежеде 
жүзеге асырылған. 
Аудармашының  ерекше  шеберлігі  ретінде  оның  оқырманға 
қамқорлығын  және  кӛркем  аудармаға  берілген  барлық 
түсініктемелер мен сӛздерді беру қабілетін тану қажет. 
Ғалым    А.  Д.  Швейцердың  айтуынша,  “аударма  –  тілдердің 
ғана ӛзара қарым-қатынасы емес, сонымен қатар мәдениеттердің 
қарым-қатынасы. Аударма процесі үшін шекара болмайды” [105, 
54  б.].        Қазіргі  уақытта  қазақ  әдебиетінде  жоғары  деңгейдегі 
аудармашы  мамандарды  даярлау  нәтижесінде            Е.  Эткинд 
“Поэтический 
перевод 
как 
проблема 
сопоставительной 
стилистики” атты жұмысында айтқандай, сәйкестіктер деңгейінде 
аударма  ісінің  жаңа  белеске  кӛтерілуі  байқалады  [106,  3  б.].  Екі 
тілдің  жүйесі  (грамматикалық  құрылысы,  лексика,  фразеология) 
тӛмендегідей жобада салыстырылады: 

 
Екі  тілдің  стилистикалық  құрылысын  салыстыру 
мысалы, 
қызметтік 
тілдік 
стилдерді 
қалыптастыру 
заңдылықтары;  әрбір  тілде  әдеби  норманың  диалектілерімен, 
жаргондарымен ауызекі тілмен және т.б ӛзара байланысы

 
Екі тіл шегінде дәстүрлі әдеби стильдерді салыстыру

 
Ӛзгеше екі ұлттық просодикалық жүйелерді салыстыру; 

 
Екі  ұлт  шығармасының  тарихи-мәдени  дәстүрлерін 
салыстыру; 

 
Екі жеке кӛркем жүйелерді салыстыру (аударма авторы). 

 
128 
Келтірілген ажыратылған деңгейлерді қарастыру қажеттілігін 
кӛркем аударманың кӛптігін жетекші теоретиктерімен қолдайды. 
Мысалы:                А.В. Федеров [72], Г. Гачечиладзе [70], Я.И. 
Рецкер [71]. 
Сонымен  қатар,  жалпы  аудармашының  шеберлігі  туралы 
ғалым                 Н.Ж. Шаймерденованың  “Аудармашылардың 
алдына қойған міндеті – бұл белгілі бір халықтың дүниетанымын 
сипаттайтын  элементтерді  мәтін  аудармасына  мейлінше  кӛп 
пайдалану. 
Белгілі 
бір 
шығармада 
түсінікті 
сӛздердің 
қолданылуы  әрқилы  тәсілдерді  жиі  қолданумен  сипатталады. 
Аудармаға  түсініктілік  беретін  бірыңғайлы  тәсіл  –  бұл 
шығарманың  тұтастығын  бұзбайтын  тәсіл  болып  табылады. 
Мұнда  біз  түсіндіретін  және  түсіндірілетін  сӛздің  семантикалық 
сәйкессіздігіне  назар  аударуымыз  қажет.  Түсіндіретін  және 
түсіндірілетін  сӛздің  семантикасы  сәйкес  келуі  де  мүмкін,  бірақ 
ондай  құбылыс  ӛте  сирек  кездеседі”  [107,  174  б.]  деген  ғылыми 
тұжырымдамасымен келісеміз. 
Лингвистикада  жалпы  заңдылықтардың  айқындалуына 
басым  назар  аударылды.  Семантика  саласында  жалпы 
заңдылықтар  және  сӛз  мағыналарының  ӛзгеру  жолдары 
айқындалып,  зерттеледі:  кеңею  және  тарылу,  метафора  және 
метонимия, ӛзгеру т.б. 
Сонымен  метафора  дегеніміз  –  бұл  берілген  семиотикалық 
жүйеде  бар  таңбаларды  қолдану  арқылы  жаңа  концептілердің 
жасалу  тәсілі.  Осылайша  метафора,  ең  алдымен,  дамудың 
диалогиялық формасына құрылады. 
Әрбір  ұлттың  ӛзіне  ғана  тән  ұлттық  сипаттағы  ұғымдарды 
аудару  қиындық    туғызады.  Кез  келген  тілдің    кӛп  сӛздері 
кӛпмағыналы  болып  келеді.  Осыған  байланысты  оларды 
контексте  мағыналық  жағынан  аудару  керек.  Әрқайсысын  жеке 
алсақ  мағынасы  ӛзгеріп  кетуі  мүмкін.  Ал  контексте  бір-біріне 
сәйкесіп, үйлесімін тауып, сӛз ӛз мағынасын аша түседі. Мұндай 
құбылыс метафоралық тәсілдерге де тән. 
Метафораның  объектісі  қосымша  объектіге  жасырулы 
болғандықтан,  оқу  барысында  ол  әртүрлі  мағынада  түсініледі. 
Бірақ оның екеуі де соңында бір қоспаға түсіп, жаңа мағынаға ие 
болады.  Метафора  жалғандық  ұстанымынан  бастау  алады.  Егер 
бұл  ұстаным  атаудың  ішкі  тұлғасында  ескерілмесе,  онда  ол 
тіршілігін жояды. 

 
129 
Метафора  –  барлық  қызмет  аяларында  әлемді  тану  мен 
ойлаудың  әмбебап  қаруы.  Соның  арқасында  тіл  жүйелі  түрде 
түрленіп,  дамып  отырады.  Метафораларды  қолдану  басқа 
жасанды  тілдік  жүйелерден  гӛрі  тілдің  ӛзіне  тән  табиғи 
ерекшелігі деп атап кету орынды. 
Сонымен  қатар  Ә.  Нұрпейісов  тілінде  адамның  жан 
дүниесіне  қатысты  құбылыстарды  табиғатқа,  теңізге  жан  бітіру 
үшін  қолданған  метафораларын  кездестіре  аламыз.  Ондай 
метафоралық  тіркестер  аудармашылардың  кӛмегімен  сол 
қалпында  берген.  Яғни  автор  түпнұсқаның  затты  не  құбылысты 
метафора  амалымен  бейнелеуінің  шығарманың  орыс  тіліндегі 
нұсқасында ізі байқалады. 
 
Гүрілдеп  ӛкіріп  жатқан 
теңізге  бір-ақ  батып  жоқ 
болғысы 
келіп, 
ӛлімге 
шыныменен бел буа түсті де, 
кенет  ӛз  ойынан  ӛзі  шошып 
кетті(96- б.). 
 
И в самом деле, ей хотелось 
умереть, броститься в ревущее 
в двух шагах море (С. 105). 
Мұнда  екі  қаламгердің  де  шеберлігінің  желісімен  есімшеден, 
етістікті  сӛз  иірімдерінен  жасалған  метафоралық  қолданыс  дәл, 
нақты  түрде  берілген.  Яғни  түпнұсқа  авторының  және 
аудармашының  дүниеге  деген  кӛзқарасының  тұтас  екенін  осы 
метафоралық қолданыстан кӛруімізге болады 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет