Тәжірибелі әрі беделді, шебер тәржімашы Мұзафар Әлімбаев дүние
жүзінің 85 халықтары мен ұлыстарының мақал-мәтелдерін және әйгілі
тұлғалардың нақылдарын (бас-аяғы 30 мындай) қазақшалап, 7-8 кітап шығарған
кісі.
Мақал-мәтелдерді
зерттеуі
Мұзафар
Әлімбаевтың
поэзиясын
сұлуландыруға, көріктендіруге әсерін тигізгенін анык байқауға болады.
Акын Мұзафар Әлімбаевты қалың қауым, оқырмандар ұстаз қаламгер деп
бағалайды. Оның бұл саладағы еңбегі ұлы педагог Ы.Алтынсарин медалімен
марапатталуы тегін емес.
Халыққа кең танылған ақын М.Әлімбаев қазақ әдебиетінде естелік
жанрын қалыптастыру мен өркендетуге де зор үлес қосты. Ол қазақтың 50
шақты ұл-қыздары жөнінде үлкен біліктілікпен, ыстық сүйіспеншілікпен
естеліктер жазып, жариялады. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, А.Жұбанов,
Б.Момышұлы, С.Мәуленов және т.б. жөніндегі естеліктер ғибраттылығымен
қымбат. «Өмір. Өнер. Өнерпаз» және «Көргендерім көңілде» атты кітаптары
осыған дәлел.
Мұзафар Әлімбаев көркем аударма саласында да талмай еңбек етті. Ол
зерттеу еңбектерінде көркем аудармаға да көп көңіл бөледі. Көптеген
халықтардың 80-85-тей акындарының поэзиясын қазақшалаған. Оның Шандор
Петефи, Сағди, Тоқтағұл, Пушкин, Апиолинер, Фучик, Райнис және т.б.
аударма өлеңдері қазақ оқырмандары көңілінен шыққан дүниелер.
Байқағыш, алғыр ойлы М.Әлімбаевтың басқа ақындардың әлі көзі
шалмаған тосын сюжеттерді тауып, аз сөзбен сурет жасайтын, сюжетті оқиға
динамикасына зор мән беретіні — жас ақындарға жақсы мектеп дерліктей.
Мұзафар Әлімбаев бұрын жырланған сюжеттерді қайталамауға тырысады,
әрқашан мәнді идеяны танытар тартымды оқиғаны кейде өз қиялымен ойлап
табатыны — өнегелі үрдіс.
М.Әлімбаевтың ақындық өнерпаздығы және кейбір шығармалары туралы
М.Қаратаев, Қ.Бекхожин, З.Қабдолов, С.Қирабаев, Ғ.Қайырбеков, Т.Кәкішев,
Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, А.Сейдімбеков, Б.Сарбалаев, Зоя Кедрина және
тағы басқалар сын-мақалалар жазған. Диссертациялық жұмысымызда олардың
түйінді ой-толғамдарын мүмкіндігінше ғылыми саралауымызға өзек ретінде
пайдаланып отырдық.
Достарыңызбен бөлісу: