Н. Ж. Туралина Қазақ поэзиясы: стиль және бейнелілік



Pdf көрінісі
бет8/22
Дата21.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#62206
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
Н. Ж. Туралина аза поэзиясы стиль ж не бейнелілік

«Уақыт көгені» деген тіркес – жаңа метафоралық тіркес болып келеді.
Оның үстіне сол көгендегі байлаулы лақ — екінші метафора. Екеуі кіріге келе,
күрделі метафора — ұқсату — салыстырма болып шыққан. Жаңағы бейнелілік
образды ой автордың әрі ойшылдығына, әрі сөз зергерлігіне айқын айғақ. Осы
топтаманың «Дүниеде не ғаріп?» деп басталатын толғауынан ұлы жыраулардың
ұлағатты жалғастығын көруге болады:
Дүниеде не ғаріп? 
Жұт жайлаған жер — ғаріп, 
Жат жайлаған ел — ғаріп, 
Дерт жайлаған ер — ғаріп, 
Ақ шел басқан көз — ғаріп, 
Дарымаған сөз — ғаріп [42, 219-б] 
Осы бір қағидада тоталитаризм заманының да ащы шындығы қамтылған
деуге болады. 
Астан-кестен ботқадай, 
Шым-шытырық Дүние! 
Аласұрған тоқтамай, 
Жын құтырық Дүние! [42, 218-б)
1985 жылы қағазға түскен өленде осы бүгінгі күннің тыныс-тірлігі
сезіледі.
Сауға сұрап сардардан 
Шу көтерер сарбаз бар. 
Қиын кезде дағдарған 
Ту көтерер сарбаз бар [42, 218-б] 
Топтама Қорқыт ата аузынан баяндалатынын ескерсек, мұңда авторлык
позиция қаһарман көзқарасымен кабысып тұтастық тапқанын да байкауға
болады: автор туған елге жаны ашығыш ту көтерер ерлер барына сенім
білдіргені — оптимизм нышаны.
«Кара теңізге қарап тұрып...» деген өлең бас-аяғы алты жол ғана. 
27


Жағалаудың жатқанымен шетінде
Қара теңіз табанынның астында,
Аяғыма бас ұрды! — деп, лепірме. 
Қылыш қиып, ұшып түскен бастың да, 
Иілдіге саналмайтын сәті бар... 
Теңіз суын еңкей дағы, татып ал [42, 247-б] 
Сырт көзге жай бір пейзаждық туынды. Шындап келсе,
философиялық ой-түйін.
М.Әлімбаевтың лирикалық қаһарманының ойында көп жағдайда қазақ
жерін басып алған отаршылдар тұратын сияқты.
Халқымның жерін басып алсаң да, елімнің рухын бас идіру қолдарыңнан
келмейді! – деген ойды алты жол айшыкты өлең андатса керек. Осы астарлы
ойлар бірсыпыра өлеңдерде бірінен-біріне ауысып, арна тартады...
Бүлбұл үнсіз,
Ғашық ділсіз,
Ақын жырсыз,
Оңбас-ау.
Тарих сырсыз,
Халық тілсіз,
Батыр мұңсыз
Болмас-ау [47, 17-б].
Бір сөз, атау түгіл, бір буыны да артық не кем түспеген. Әрі айшықты, әрі терең
мағыналы сегіз жол өлеңді нағыз философиялық лирика деуге болады.
Аталмыш өлең жөнінде әдебиет сыншысы Тұрсынбек Кәкішев «Сарыарқа
самалы» газетінде жариялаған «Өз өрнегі бар дарын» мақаласында: «Қандай
нақыш, түрмен болса да осындай поэтикалық өрнегі бар, нәрі мол туындылар
оқушы жүрегіне жол тауып, авторына алғыс айтқызары даусыз. Мұзафар
акындығының өзім байқаған бір сыры осындай өңірден өрбіп, халықтык сипаты
мен дәстүрлік леп, үн, бояуға айналып жүре береді. Шығармашылық қолтаңба
деп осындайлар айтылса керек» [44], — деп бағамдайды. Өлеңнің ырғақтық
және ұйқастық тізілімі де өзгеше: ұйқас және егіз-екі ұйқас салиқалы ойға
айрықша саз беріп түр.
Ақын «Өмір космосына» деген шағын лирикасында (12 тармақ қана):
Тамырларым терең менің,
Сүйенгенім — сүйікті елім.
Қаншалық мен тереңдемін,
Соншалық мен биіктемін.
Космосында жаңа өмірдің
Әрқайсымыз Гагаринбіз.
Өткен күннің, келер күннің
Өркенімен ағайынбыз [47, 213-б], -
28


деп жырлайды. Лирикалық кейіпкер өзінің рухани және тарихи кіндігінің кайда
екенін жақсы түсінеді, туған халқының өткенінен қаншалық қасиеттер тапса,
өзінің соншалық асқақтайтынын тұспалдайды. «Ұлттың қамын ойламаған —
адамның қамын, ұлтты да ойламас болар» [50, 93-б].
Болмыстың кереғарлықпен күрес екенін, жарық пен түнек күресі бітіспес
үрдіс екенін растайтын тоғыз жолдық түйін мынандай:
Туға біткен асқақтық,
Құлға біткен жасқақтық —
Туыспайтын жат ұғым.
Пасықтық пен ұлылық,
Күйкілік пен ірілік —
Жуыспайтын жат ұғым.
Достық пенен өштіктің
Беріктік пен бостықтың
Ауылы алшақ, батырым! [46, 237-б] –
деген өлендегі философиялық ой-толғамда хрестоматиялық сапа да бар.
Шындықты шымырлатып айтуы да, шашаусыз шымыр құюы да соның айғағы.
Оқырманды ойға жетелер көркемдік қуат бар.
«Қысқы жаңбыр» деп аталатын пейзаждық өлеңнің өзінде де ақын
М.Әлімбаев философиялық жаңа әрі ғибратты ой тұжырымдайды.
Мінезі осы-ay жақсының нағыз,
Жоқ әсте қысқа өкпең де:
Дүниені таза тапсыру - парыз
Кезегі келген көктемге» [47, 145-б]
Автор аға ұрпақтың бала алдындағы міндетін көктем мен қыс бейнесі арқылы
тамаша бейнелейді.
М.Әлімбаевтың өлеңдерін оқығанда, ақын мен өлеңнің тұтастығы, бірлігі
айқын байқалады. Осы ретте әдебиетші, ғалым С.Қирабаевтың: «Ақын арманы,
қуаныш, қайғысы өлең боп тууы керек. Егер ол өлеңге айналмаса — өлгені.
Ақын мен өлең туысса, бас қосса, өмір көктің төсінде жарқылдап жаңғырықпақ,
екеуі де мұңды күйін ұмытпақ. Өлең бар жерде ақын өлмек емес. Өлең оны өлім
ауызынан құтқарып алмақ. Өмір болып тіл қатпақ» [50, 227-б] — деген
жолдары ойға оралады.
Сұлулықтың кінә ғой әрін сылу,
Батырлықтың өлім ғой сағы сыну...
Көтереді батырдың аруағын
Туған жер топырағына каны сіңу.,.» [42, 94-б]
Туған ел тәуелсіздігі үшін ажал құшу өлім емес, — өмірдің жалғасуы деген
идея бойына осылай сіңген. Ақынның ішкі жан-дүниесінің қалауы, мақсат-
бағыты оқырман тілегімен қауышып жататын тұстары аз емес. Мұндай
қырлары сыншылар пікірімен де толық сәйкесіп отырады. «Суреткер жазушы
қоғамдық ой-пікір мен салт-сананың мәнді сипаттарын әр уақытта аңғарып,
29


байқай біледі, оларды айқындап көрсетіп, ойшыл адамдардың көз алдына
тікелей қоя алады» [51, 105-б].
Ерлік дәстүрді әлсін-әлсін аялай жырлау М.Әлімбаевтың үлгілі үрдісі
болып табылады.
Дананың жолы
Елден елге дейін.
Шаланың жолы
Үйден көрге дейін [42, 253-б]
«Құлпытастағы жазуда» осындай ізгі ой бар. Ел мен елді ерлер өнерімен,
ғылымымен, ерлігімен жалғастырады. 
Тамшыға өлең арнаған
Ұмытпас ұлы теңізді
Бірге ғой (бәрі Алладан!)
Қосалкы мен негізгі [47, 239-б].
Адам жаһан дүниенің бір бөлшегі, сондықтан да сол шетсіз-шексіз
Тылсым дүниенің құпиясын, неғұрлым тұтас қалпында үғынғаны абзал.
Есіңнен елің шықса — есалаңсың,
Ендеше қайтып тірлік кеше аларсың [47, 239-б]. 
Үзілді-кесілді айтылса да, ұтымды. Кім-кімді де сілкіндірер куаты бар
тұжырым.
Қорыта айтсақ, М.Әлімбаев — пәлсапалык ойдың ақыны. Ақынның
осындай сипаттағы «Дәлдір менен дананың», «Көшеде тұр бүрісіп», «Бір метр»,
«Тал кестім», «Биіктер», «Біреулер көзбен көріп жүрмін дейді», «Кім қисын?!»,
«Бір кезде жұрт сынайтын «баласың» деп», «Адамзат кешпеген ауыр
сын»,«Үндемейді неге анау қара тас?», «Бастай алмай дағдарсаң өмір көшін»,
«Бәлен ақын пәлсапалап жазды жыр», «Өшпес із», «Бөктердегі шым құдық»,
«Түс» және тағы басқа жырлары бүгінгі қазақ ой-толғамының бір көрінісі
іспетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет