Н. Ж. Туралина Қазақ поэзиясы: стиль және бейнелілік



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата21.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#62206
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Н. Ж. Туралина аза поэзиясы стиль ж не бейнелілік

Зерттеу нысаны. Жұмыстың зерттелу көзі – ақын шығармаларының
көркемдік ерекшелігін, сөз өрнектерін талдау болмақ.
Мұзафар Әлімбаевтың «Қарағанды жырлары», «Лирика», «Менің
Қазақстаным», «Тандамалылар», «Жолдар-жырлар», «Жүрек лүпілі», «Көңіл
күні», «Балдәурен, шіркін, балалық», «Ақмаңдайлым», «Сүймеген жүрек
семеді» т.б. жыр жинақтары.
Зерттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері. 
Ұлттық әдебиеттану ғылымының аса көрнекті өкілдерінің, атап айтсақ,
А.Байтұрсынов,
М.Әуезов,
Қ.Жұмалиев,
Е.Ысмайылов,
М.Қаратаев,
М.Базарбаев, Б.Сахариев, Б.Кенжебаев, З.Ахметов, З.Қабдолов, С.Қирабаев,
Т.Кәкішев, Ш.Елеукенов, Ә.Нарымбетов, Р.Нұрғали, Қ.Мәшһүр-Жүсіпов,
С.Негимов секілді т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектері құрайды. Сонымен қатар
В.Г.Белинский, Г.Н.Поспелов, Б.В.Томашевский, Л.Н.Тимофеев, Г.О.Винокур
т.б. еңбектеріндегі ғылыми-теориялық қағидалар басшылыкқа алынды.
Зерттеудің ғылыми практикалық мәні. Қазақ әдебиетін, оның ішінде
поэзияның тіл кестесін, өлең өрімін, саздылығы мен әуезділігін, яғни,
көркемдік, сапалық қасиетін жан–жақты қарастыратын әдебиет теориясы. Сол
себепті диссертациялық жұмыстың негізгі тұжырымдары мен нәтижелерін


жоғары оқу орындарында М.Әлімбаев поэзиясы бойынша оқылатын арнайы
курстарда пайдалануға болады. Сондай-ақ жоғары оқу орындарында жеке
қаламгер лабороториясын, ақындық әлемiн арнайы курстар ашып оқытқанда
бұл еңбектiң көмекшi құрал ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
Зерттеу әдісі. Зерттеу жұмысын жазу барысында, талдау, жүйелеу,
жинақтау, тұжырымдау әдіс-тәсілдері қолданылды. 
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден,
негізгі үш негізгі бөлімнен (әрқайсысының тараушалары бар) және қорытынды
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Қолданылған әдебиеттер тізімі
72 атаудан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет