Н.Қ. Жуе пов ф о ж, ош ртан,йырда щ ШрІшиІ ж ар т



Pdf көрінісі
бет24/33
Дата03.03.2017
өлшемі13,43 Mb.
#6391
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33

  дейді  [338,  202 
6.].  Сөйтіп, 
тарихи  жырлар 
негізінде,  көбінесе  тарихта  болған 
адамдар  жататыны  дәлелденген.  Мүндай  тарихи  жырға  берілген 
сипаттама  түріндегі  анықтама  қазір  де  өз  мағынасын,  мәнін  жойған 
жоқ.
М.Әуезов пен Л.Соболевтің «Эпос и фольклор казахского  народа» 
атгы  мақаласынан  Қазақстанда  халық  ауыз  әдебиетін  зерттеу 
жүмысының 
бүрынғыдан 
әлде  қайда  тереңдеп, 
жаңа 
биікке 
көтерілгендігін  көреміз.  Қалың  көпшіліктің 
өмір  тәжірибесін 
жинақгаудан  келіп  туған  халық  ақындығының  жемісі,  аталған 
мақалада  дүрыс  шешімін  тапқан.  Мүның  бәрі  мақаланың  үтымды 
жағы  болады.  Алайда,  осындай  дүрыс  көзқарастармен  қатар  басқа 
зертгеулерде  де  кездескен  олқылықтардың  мүнда  да  орын  алғанын 
айга  кеткен  жөн.  Халык  ауыз  әдебиетінің 
щығармалары  мен 
жанрларының  тарихи  дамуы 
бүл  еңбекте  жете  көрсетілмеді.  Сол 
түста  да,  кейін  де  бар  кемшіліктер  қатарында,  көптеген  зерттеу 
еңбектерде  халық  ауыз  әдебиетінің  формасын  талдауға  көңіл  аз 
бөлінді.  Форманы мазмүннан бөліп қарап, белгілі бір жанрды талдауға 
алғанда,  оның  поэтикалық  тілін,  тәсілін  атап  өтіп,  нысанадағы 
шығармадан тек мысалдар келтірумен  шектелушілік кездесті.
Қорыта  айтқанда,  XX  ғасырдың  30-шы  жылдары  жазылған  бүл 
еңбек  -   қазақ  фольклорының  барлық  дерлік  жанрларын  қамтыған
260

түңғыш  көлемді  мақала  деуге  болады. 
Әсіресе,  қазақ  ертегілерін 
іштей  жіктей  отырып, 
оларға  алғаш  анықтамалар  берілуі, 
ерекшеліктері 
ескерілуі-  бәрі,  сөз  жоқ,  қазақ 
фольклортану 
ғылымыньщ дамуына ерекше үлес  ретінде бағапануға лайық.
Сонымен  қатар  фольклорды  зерттеу  іеіне  тілтану  мамандары: 
Қ.Жүбанов,  С.Аманжолов,  Ш.Сарыбаев т.б. та ат салысады.  Мәселен, 
профессор  Қ.Жүбанов  1936  жылы  (Из  истории  порядка  слов  в 
казахском  предложении)  казак  сөйлеміндегі  сөз  тіркестері  тарихын 
зертгей  отырып,  қазақ  тілінде  кездесетін  «сүт  кенже»,  «бір  туған» 
деген  екі  сөздің  мағынасын анықтау үшін Шалқар мен  Тараза дейтін 
ақьгадар  айтысынан  мысал  келтіреді  [339].  Ал,  тілтанушы  проф.
С.Аманжолов  «Бөгенбай  батыр»  (1936)  жырын  баспадан  шығарды, 
қазак халқының жүмбақтары туралы жинақ қүрастырды.
Қысқасы,  фольклор-  әр  түрлі  ғылымдардың  зерттеу  объектісі. 
Халықтық 
музыканы- 
музыкатану 
ғылымы; 
халықтық 
биді- 
хореография;  халықтық  шығармашылыктың  әдет-ғүрып  пен  өр  түрлі 
ойын-сауык, 
түрлерін-  театртану;  халыктық  сәндік  колданбалы 
өнерді-  өнертану салалары т.с.с.  арнайы  зерттейтіні  мәлім.  Сондай-ақ 
фольклорға  тілшілер,  тарихшылар,  психологтар  және  тағы  басқа 
ғалымдар  назар  аударатыны  да  анық.  Әр  ғылым  саласы  фольклордан 
өзіне қызықтыратын, қажетті мәліметтерді т.с.с. іздейді.
Фольклорлық  шығармалар  халық  жадында  сақталып,  үрпақтан- 
үрпаққа  ауызша  беріліп 
келгенін 
ескерсек, 
фольклортанушы 
ғалымдардың 
бастапқы 
міндеті 
айқындалады: 
фольклорлық 
экспедицияларға 
шыға 
отырып, 
фольклорды 
айтушылар 
мен 
таратушыларды тауьга, олардан фольклор  үлгілерін жинастыру^ т.с.с.- 
«далалық  жүмыстар»  больга  табылатьга  жүмыстардьщ  бәрі  де  мөнді. 
Ал, 
фольклортанушы  ғалым  фолыслорды  теориялық  түрғыда 
зерттегенде,  көбінесе оның не басылым көрген  фольклорлық мәтінді, 
не архивтерде жатқан жазбаларды пайдалатыны  белгйгі.
Түйіп  айтқанда,  фольклордың  да  өзіне  ғана  төн  заңдылықтары 
бар. Мәселен, фольклордың ауызекілік сипаты: ауызша формада тууы, 
ауызша  таралуы,  ауызша  өмір  сүруі  т.с.е.-  бөрі  де  фольклордын 
көркем әдебиетген ажырататын басты ерекшеліктері болып  саналады. 
Мүндай фольклорлық ерекшеліктерге сондай-ақ дәстүрлік синкретпк, 
көп  нүскалык,  импровизаңиялық  т.с.с. 
қасиеттердің  жататыны  да 
молім.
Фольклордын  түп  тамыры  ертеден  келе  жатса  да,  ол  жөніндегі 
дүрыс,  дөлелді,  орныкты  пікірлер  кешірек  калыптасқан.  Егер  орыс 
фольклортану  ғылымы  сонау  XVIII 
ғасырда  пайда  болып,  XIX 
ғасырдың  бірінші  жарпгысында  қалыптасып  үлгірсе  [340],  ал,  қазақ
261

фольклортану  ғылымының  XVIII  ғасырдан  бастапғанымен  [341]  өз 
алдына 
ж еке 
ғылым  саласы  ретінде  Қазан төнкерісінен  кейін  қаз түра 
бастағаны  белгілі.
Сонымен  бірге  алғашқы  фольклорлық  жазбаларда  әуесқойлық 
т.с.с.  әсері 
басым  болса,  кёйінгілерде  фольклорды  тарихи, 
этнографиялық,  әдебиеттану,  тілтану т.б.  дерек  козі  ретінде  бағалау 
алға  шыққаны анық.
XX  ғасырдағы  Қазан  төңкерісінен 
кейін  өкімет  басындағы 
Кеңесгік  жүйе  тудырған 
идеология  қазақ  фольклортану  ғылымы 
саласында  тек фольклордың  жиналуы  мен  жариялану  сипатына  ғана 
емес,  сондай-ақ  фольклордың  зерттелу  деңгейіне  де  ыкпал  етін, 
ондаған  жылдар  бойы  шығармашылык  ойдың  дамуына  елеулі 
пайдасымен  қатар  біршама  кедергі  жасап  келгені  де  анық.  Мүндай 
жағдайда,  көбінесе  жеңіл  әлеуметтік  зерттеулер  ғана  қолдау  тауьш 
отырғаны мәлім.  Фольклортанушы ғалымдар еңбектері міндетті түрде 
маркстік  ойшылдардың  идеялары  түрғысынан  жазылуы  қажет  деп 
саналғаны  белгілі.  XX  ғасырдың  1930-1950  жылдар  аралығында 
кеңестік ғылымда тексерусіз,  зерттеусіз  соқыр  сенімге  ғана сүйенген, 
дәлелденбеген  қағидалар,  концепциялар  үстемдік  етсе,  мүнда  бәрі 
фольклоргану  ғылымының  да  шынайы  өрістеуіне  үлкен  тосқауыл 
тудырып  отырды.  Қысқасы,  бүл  кезеңде  «маркстік  фольклористика» 
деген  терминнің  қалыптасқаны,  ал  ол  өз  кезегінде  фольклортану 
ғылымындағы  ғалымдардың  бүл бағытта  фольклордың теориясы  мен 
тарихына  қатысты мәселелерді  қарастырғанда,  міндетті түрде Маркс, 
Ленин,  Луначарский  исәне  т.б.  маркстік  ойшылдардың  еңбектерін 
басшылыққа алу қажеттігін міндеттеді.
Бүл  бағыттағы  ғалымдар,  көбінесе:  фольклор  мен  үлт-азаттық 
қозғалыстардың 
өзара 
байланысын; 
әрі 
халықтың 
таптық 
санасындағы  өзгерістерін  т.б.  фольклорды  таптық  түрғыда,  әрі 
түрпайы  социология  түрғыда,  әрі  тек  әдебиет  түрі  деген  түрғыда 
діттеп,  содан  шыға  алмау төңірегінде  қалғаны  белгілі.  Ал,  отандық, 
әрі  шетелдік  «маркстік  емес»  ғалымдардың  жетістіктері  т.с.с.  өз 
кезегінде  ескерілмей,  айтылмай,  төмендетіліп,  тіпті  оларды  теріске 
шығару,  мойьшдамау  іс-әрекеттері  белең  алғаны  да  мәлім.  Мәселен, 
орыс  фольклортану  ғылымында  «маркстік»  кезеңге  дейінгі  белгілі 
ғалымдар:  Б.И.Буслаев, А.Н.  Веселовский, В.Ф. Миллер [340,46 б.] т.б. 
еңбектері  біржақты,  теріс  сынға  үшыраса,  ал  қазақ  фольклортану 
ғылымында 
белгілі 
ғалымдар: 
А.Байтүрсынов, 
Ә.Бөкейханов, 
Х.Досмүхамедов,  М.Әуезов 
т.с.с.  еңбектері  үр  да  жық  сынға 
үшыраумен  шектелмей,  тіпті  олардың аты  да  аталмай,  жазғандары  да 
т.б. ескерілмеген кезең де орын алғаны белгілі.
262

1950  жылдарға  дейін 
қазақ  фольклоргану  тарихында  тарихи- 
типологиялық зертгеу әдісінің дами түскені; т.б.- бәрі де  фольклорды 
тарихи  дамудың әр кезеңіндегі  эволюциясы  мен алғаш шығу, жасалу, 
даму  процесі  түрғысындағы  т.б.  қарастыруды  қамтитыны  мәлім. 
Фольклорлық  жанрлардың  зерттелуін  алсақ,  бүл  кезде  қазақ 
фольклортанушы  ғалымдары  көбінесе  қиял-ғажайып  ертегілерін, 
хайуанатгар  жайлы  ертегілерді,  аңыздарды,  батырлар  жырларын, 
тұрмыс-салт жырларын т.б.  қызыға қарастырды.
Ертегілерді  зерттеу  барысында 
ең  алдымен  оны  жанрлық 
түрғыдан  жіктеу  мәселесін  шешу  қажетгігі  туады.  1920-1930-шы 
жылдардағы  қазақ  фольклортану  ғылымы  алдьгада  ертегі  жанрын 
зертгеуде:  оны 
табиғаты  мен  тегіне,  мәтіннің  композициялық 
қүрылымына, 
шығарманың 
атқаратын 
қызметіне, 
туьгадыдағы 
шынайылық  пен  қиялдың  арасалмағына  т.с.с.  қатысты  мәселелер 
көтерілгені  белгілі.  Бүл  мәселелерді  шешудің  бастауы  сонау  XVIII 
ғасырдан 
бастап 
XX 
ғасыр 
басьгаа 
дейінгі 
белгілі 
ғалымдар:Ш.Уәлиханов, 
В.В.Радлов, 
Г.Н.Потанин, 
М.Ж.Көпеев, 
Ә.Диваев,  А.Байтүрсынов,  М.Әуезов,  Х.Досмүхамедов  т.б.  еңбектері 
негізінде  жиналған,  жарияланған  т.с.с.  нүсқалар  арқасында  іске  асу 
мүмкіндігіне ие болғандығы анық.
1920-1930 жылдардың өзінде-ақ Кеңестік үкімет тарапынан жалпы 
халықтык  шығармашылықтың  әдебиет  үшін 
мән-маңызы  үнемі 
ескеріліп,  көтеріліп  түрған  мәселелердің  бірі  болғаны  белгілі  [342]. 
Сөйтіп,  кеңестік  дәуірде  біртіндеп  фольклор  мен  әдебиетгің  өзара 
байланысын  зертгеу  мәселесі  Ресей,  әрі  қазақ  фолыслортану  ғылымы 
алдьгада түрған басыңқы бағытгардың біріне айналды [343].
Кеңес  заманында  езгіге  қарсы  күрес,  әлеуметтік  теңсіздік, 
әділетсіздік  т.б.  тәрізді  мәселелер  таптық  түрғыда  тек  халықтық 
шығармалар  арасынан  іздестіріліп,  ел  арасынан  жинастырылып  қана 
қоймай, сондай-ақ көркем әдебиетке де негіз болғаны тарнхтан мәлім. 
Жазушылар  өз  шығармашылығында,  көбінесе  фольклордың  аңыздар, 
ертегілер,  мақал-мәтелдер  т.б.  тәрізді  түрлерін  көп  қолданған.  Қазан 
төнкерісінен  кейінгі  дәуірде  фольклорды  жазба  әдебиетгі  дамыту 
мақсатында да қолданғанын ескерген жөн.
Фольклордың  негізін  анықтау  үшін  оны  көркем  әдебиетпен 
салыстыру  қолданылып  келген.  Расында,  екі  саланың  да  сөз  өнеріне 
жататынын  ескерсек,  әрқайсысының  ерекшелігін  ажырату  үшін, 
олардың  өзіндік  сипаттарын  сараптау  қажеттігі  туады.Сөйтіп  жеке 
сала  түрін  ажырата  отырып,  олардың  өзіндік  даму  жолдарын  т.с.с. 
айкындау  мүмкіндігі  туады.  Фолыслорды  саралағанда,  оны  қатып 
қалған,  өзгермейтін,  статистикалық  күйде  қарастырмай,  даму  үстінде
263

ғана  зерттеу  керектігі  анық.  Тарихтың  әр  дәуірінде,  түрлі  қоғам 
жағдайында  фольклор  бір  қалыпты  болмағаны  белгілі.  Кеңес  үкіметі 
түсындағы  ғалымдар  фольклордың  табиғатын  ғылыми  зерттеу  үшін 
таптық қоғамдағы мен таптық қоғамға дейінгі фольклордың өмір сүру 
ерекшелігін  т.б.  қарастыруға  мәжбүр  болды.  Яғни  феодалдық, 
капиталистік, сондай-ақ Кеңестік дәуірдегі қалыптасқан  фольклордың 
бойындағы  ерекшеліктерді  анықтау  басты  міндетке  айналды.  Сонын 
нәтижесінде  фольклорды  зерттеушілер  мына  ерекшеліктерге  баса 
назар  аударуды  мақсат  еткен.  Бірінші,  фольклордың 
халықтығы 
мөселесі  [344].  Осы  орайда 
бүрынғы  кезден  ауызша  сақталған 
мүралардың  барлығын  да  халық  шығармашылығы  деп  тану  орын 
алды.
Сонымен  қатар  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  қазақ  халык  ауыз 
әдебиетіндегі 
халықтық  үғымдарды  қарастырған  фольклортану 
ғылымының  жіберген  қателіктері  мен  кемшіліктерінің түп төркіні-  ол 
фольклордың  әлеуметтік  негізін  қарастырмаудан  туындаған  деп 
түсіндіру үстем  болды.
Екінші,  бүл  фольклордың  көп  нүсқалылығы  [345]  көңіл  бөлерлік. 
Көп  нүсқалылық  жазба  әдебиеттен  ажыратылатын,  әрі  фольклорлык 
шығарманың  бір  өзгешелігі  ғана.  Вариантгылық  фольклорлық 
нүсқалардың  ауызша  ел  арасына  таралу  тәсілдерінің  бірі  екендігі 
анык.  Қоғамдық  өмірдегі  өзгерістер  халықтың  көзқарасындағы  түрлі 
ерекшеліктерді  тудыруы,  оның  өз  кезегінде 
ауызша  шығармалар 
нүсқаларыньщ  мазмүнында  да  түрлі  ауытқуларды  негіздегені  де 
сөзсіз.
Үшінші,  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  кезеңдегі  фольклордын 
бойындағы  коллективтік  үғым  мәселесі  болды.  Түрлі  фольклорлық 
шығармалардың 
нүсқаларын 
қарастырудағы 
мақсат-көптеген 
адамдардың,  яғни  коллективтің белгілі  бір фольклорлық шығарманың 
тууы  мен  қалыптасуына  т.б.  қаншалық  әсері,  қатысы  бар  екендігін 
ажырату 
екені 
мәлім. 
Демек 
алғашқы 
мәтіннің 
сюжетін 
қалыптастыруда  коллективтің  қатысу  мүмкіндігі,  бірлескен  авгорлық 
мәселесі,  фольклорды  таратушылардың,  айтушылардың  т.б.  мәтіннің 
мазмүнына  аз  не  көп  мөлшерде  өзгерістер  енгізуінің  түрлі  себептері: 
мәтін  идеясының  сол  түстағы  халықтың  көзқарасына  сәйкес  келу- 
келмеуі;  мәтінде стильдік, әрі композициялық түрғыда толықтырулар 
жүруі; қоғамдық жағдайдың өзгеруі; басқа тарихи, таптық ортадан т.б. 
мәтіннің өзғерістер қабылдауы т.с.с. қамтылды.
Төртінші,  таптық  қоғамдағы  дәстүрлік мәселесі  [346]  сөз  болады. 
Дәстүрлілік  үғымды  таптық  қоғамдағы  хапықтық  шығармалардың
264

заңды  дамуы  барысын  талдау  негізінде  ғана түсіндіруге  болады  деп 
саналғаны белгілі.
XX  ғасырдың  алғашкы  жартысында  Кеңестік  фольклортану 
ғылымы  кеп  жылдьщ өзіндік  өмір  сүру жолын  басынан  кешірді.  Сол 
кездің  өзінде  Кеңестік  фольклордың  өзіндік  ерекшелігі,  поэтикалық 
табиғаты,  үғымның  қаншалықты  көлемді  екендігі,  тіпті  оның  даму 
жолы  да  т.с.с.  түрлі  дау-таластарды  тудырғаны  белгілі.  Социалистік 
коғамда  мәдениеттің  жетістігі  барлық  еңбекшілердің  жолына, 
кызметіне  бағындырылғаны  да  тарихтан  мәлім.  Ал,  кеңестік 
адамдардың  баспа әдебиеттерін,  кино,  радионы  кең  пайдалануы т.б. 
-бәрі 
қоғамда  фольклордын  дамуьгаа,  өмір  сүруіне 
кері  әсерін 
тигізгені  анық.  Тіпті  фольклорды  таратушылардың  кеңестік  қоғамда 
өз  қабілеттерін  жетілдіру  үшін  түрлі  арнайы  оқу  орындарыпда  оқу 
мүмкіндігі,  ақын,  маманданған  артист,  музьпсант  т.с.с.  бейнесінде 
қызмет  ету 
жағдайлары  да  фолыслордың  ел  арасына  кең  таралу 
мүмкіндігін шектегені сөзсіз.
Сондай-ақ  кеңестік  қоғамда  фольклордың  барлық  жанрлары 
сақталмағаны,  оньга  ішінде  дінмен  байланысты  тақырыптарды 
қамтитын  үлгілердің т.б.  не  жартылай,  не тольпс жойылғаны да аньпс 
[347].  Тіпті  кеңестік  адамдардың  әйтеуір  айтылатын  саясатсыз  сөздің 
әсеріне,  не діни  өлеңдерге,  не діни  аңыздарға т.с.с.  деген  қажетгілікті 
керек  етпейтіні  де  сөз  болады.  Сондай-ақ  кеңестік  тақырыпка  орай 
жасалған  эпостық  жанрдың  өзі  де  социалистік қоғамның талаптарына 
толық сай  келе бермейтініне де  назар аудару да орьга  алды.  Кеңестік 
фольклорды  зертгеу  ісінің  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  зертТеу 
жүмыстарыньщ  әдіс-тәсілдерінен  көп  өзгешеліктері  болуы  заңды: 
белгілі  бір  нүсқалар,  не  толыктай  жеке  жанрлар  үзақ  өмір  сүру, 
байқау  т.б.  нәтижесінде  емес,  керісінше, 
«жақсы»  дегендерді 
сүрьгатау,  өңдеу,  олардың  қаншалық 
өмір  сүру  мүмкіндігін  т.б. 
қарастыру үстемдік етгі.  Кеңес уақытындағы халық шығармаларының 
жекелеген  жазбалары  әр  жерде,  әр  түрлі  басылымдарда  т.б. 
жарияланғаны  белгілі.  Сол  уакытгың  өзінде  біраз  фольклорлық 
материалдар  жинакталыи,  арнайы  кітаптарға  еніп  басылғанымен,  әлі 
де  жинактауды,  жариялауды  қажет  етеді  дегенді  ескеру қажеттігі  сөз 
болады.
Сол  кезде  казақ  фольклортану  ғылымы  адцында  кеңестік 
фолыслордьщ  басылым  көрген 
нүсқалары  мен  ол  турасьгада 
жүргізілген зерттеу жүмыстарының библиографиялық анықтамаларын 
жасау 
міндеті  түрғаны  да  белгілі.  Ол  үшін  газет,  журнал  т.с.с. 
беттерінде 
жариялымдарды 
іздестіру, 
қарастыру, 
зерттеу 
т.б. 
жүмыстары  түрғаны  анық.  Сонымен  қатар  кеңестік  фольклорды
265

жинау,  қағазға  түсіру  т.б.  жүмыстарын  әрі  қарай  жалғастыра  беру 
қажеттілігі;  ол  үшін  арнайы  тақырыптар  бойынша  экспедициялар 
үйымдастыру;  өнерпаздықты  зерттеу  мәселесіне,  онын  мүшелеріне, 
үйымына  т.б.  ерекше  назар  аудару;  фольклорды  айтушылардың 
өзіндік  шығармашылығын  зерттеу  мәселесі  т.с.с.-  бәрі  сол  кездегі 
қазақ фольклортану ғылымы  алдында түрған  көкейкесті  мәселелердің 
біразы  ғана.  Сондай-ақ  фолькпордың 
жиналып,  басылым  көрген 
өзғешелігі бар барлық мөлшердегі мәтіндерді де  зерттеу талабын алға 
шығарды.
XX  ғасырдың  I  жартысындағы  қазақ  фольклортану  ғылымы 
алдында  фольклордын  әр  жанрын  зерттеу  қажеттігі  түрды:  түрмыс- 
салт  жырларын, 
аңыздарды,  ертегілерді,  эпостық  жырларды, 
айтысты,  мақал-мәтел,  жаңылтпаш,  жүмбақтарды  т.с.с.  Мүндағы 
зерттеушілер  алдында түрған  негізгі  міндет:  әр жанрдың  пайда болу, 
даму  тарихын  т.с.с.  зерттеу;  олардың  көркемдік  табиғатынын  өзіндік 
ерекшелігін;  қамтылған  шындықты  бейнелеп  көрсету  әдіс-тәсілдері 
мен  қоғамда  атқарған  қызметін  т.с.с.  жан-жақты  анықтау  мәселелері 
тұрды.  Мәселен,  қазақ  халық  ауыз  әдебиетін  зерттеу  жүмысының 
көлемі  күннен  күнге  кеңейе  түсті.  Мектепке  арналған  оқулықтар, 
ғылыми  жинақтарға  кіріспе,  очерктер,  байсалды  зерттеу  мақалалар 
жазыла бастады.  Оларда халык ауыз әдебиетінің тарихпен байланысы, 
эпостың образдары [348], айтыстың ерекшеліктері, айтысқа қатысушы 
ақындардың  шеберлігі  [349],  ертегінің түрлері  [350],  халық көтерілісі 
жайындағы  өлеңдердің  сипаты  [351]  т.б  мәселелер  сөз  болды.  Қазақ 
фольклорының  негізгі  өсу  бағытын  көрсетуге  қадам  жасалды  [352]. 
Халық ауыз әдебиеті  мен жазба әдебиетінің өзара байланысы жөнінде 
мәселе  қойылды  [353].  Ақындардьщ  творчествосы  зерттеліп  [354], 
нсториографиялық  такырыптарға  мақалалар  жазыдцы.  Жоғарыда  біз 
атап өткен  мәселелер М.Әуезовтьщ еңбектерінде,  оның Л.Соболевпен 
бірігіп  жазған  мақаласында  («Эпос  и  фольклор  казахского  народа») 
мүқият қарастырылды[355].
Мәселен,  белгілі  ғалым  Б.Кенжебаевтың  «Қазақтың  ертегілері 
туралы»  зерттеу  мақаласы  1940  жылы  «Әдебиет  және  искусство» 
журналының №1  санында басылды (Б.78-86).  Мүнда негізінен, мақала 
авторы  басқа  да  елдермен  қатар  Қазақстанда  да  ауыз  әдебиеті 
қазыналарын жинау жөнінде бірталай жүмыстар атқарылып жатқанын 
сөз  етеді.  Дегенмен  жарық  көрген 
кітаптардағы  фольклорлық 
үлгілерді  сүрыптау,  зерттеу,  оларға  түсінік  жазу  жағы  біраз  кейін 
калып отыр  дегенге де назар аударады.  Шыққан жинақтардың  біреу- 
екеуінен  басқасында  сөз  басы,  түсінік  жазылмағанын  ескере  отырып, 
ғалым  Б.Кенжебаев  «Қазақ ертегілері» деғен  жинақтарды,  кітаптарды
266

карап  шықканын,  осылар  жөнінде  сөз  қозғайтынын  айтады.  Онда 
мынадай  мәселелерге  ерекше  көңіл  бөлінеді:  жалпы  қазақ  арасында 
айтылып  жүрген  ертегілер  қанша,  олардың  қаншасы  қазақтың 
төлтума,  байьфғы  ертегілері,  қаншасы  кірме,  басқа  жүрттан  кірген 
ертегілер  екендігін  ажырату  мөселесі  қойылады.  Бүған  дейінгі 
зерттеулерде бүл сауалдарға жауап  бермегені  белгілі.  Ал,  мүнда қазақ 
ертегілері  қатарында «Алдар көсе»,  «40 өтірік», «Тазша» т.б.  үлгілері 
сөз  болады.  Мақалада,  сондай-ак,  ертегілердің  шығу  тегі,  қай  елдікі 
т.с.с.  деген  тәрізді  мәселелер  де  көтеріледі.  М әселен,  1859  жылы 
Федор  Бенфейдің 
үндістан  халкынан  басқа  ешбір  халықтың  өзінің 
төлтума,  байырғы  ертегісі  жоқ  деген  сьщаржақ  пікіріне  Б.Кенжебаев 
қарсы  шығады,  келіспейді.  Ал,  ертегілердің 
туыстас  халықтар 
арасында  ауысып,  араласып  жатуы,  тіпті 
әбден  сіңіп,  суретін, 
сюжетін өзгертіп,  әбден өзгеріп кеткен ертегілері  болады дей отырып, 
ғалым  Б.Кенжебаев  олардың  сол  халықтардың  бәріне  де  ортақ  мүра 
болатынын да  алғаш сараптаған.
Одан  әрі  қазақтың  «Қаңбақ  шал»  тәрізді  ертегілерін,  сюжетін, 
кейіпкерлерін т.б.  грек  ертегісімен типологиялық жағынан  салыстыра 
отырып,  ол  ертегілердің  бір-  біріне  ешбір  үқсамайтыны,  сол  себепті 
олар  өз  елінің  төлтума  ертегісі  болатынын  дәлелдеп  шығады.  Сөз 
соңында Б.Кенжебаев мынадай түжырымға келеді:
«1)  Ертегі  жасамайтын  халық  болмайды.  Экономикасына, 
әлеуметтік,  қогамдық  өміріне  сәйкес  әр  халықтың  өзінің  қолтума, 
байыргы ертегілері болады.
2)  Ертегілер  бір  халықтан  екінші  халыққа  ауысып,  көшіп 
отырады: 
өр  халық  өзінен  өзге  халықта 
болган  өнер,  гылым, 
техника  табыстарын  үйреніп,  қабылдап  алган  сияқты,  ертегілерді 
де үйреніп,  қабылдап алып отырады.
3)  Бірнеше  халықта  кездесетін  кейбір  ертегілер  көшпелі,  көп 
халыққа ортақ бір ертегі емес,  біріне-бірі үқсас,  түрлі ертегілер.
4)  Қазақ  арасында 
айтылып  жүрген  ертегілер  түп-түгел 
қазақтың  өзінікі  емес,  оның  ішінде  басқа  халықтан  келген,  үйреніп 
алынган  ертегілер  де  бар.  Бүлардың  бәрін  де  жинау,  сүрыптау, 
жіктеу керек»,-

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет