Н. К. Кибатаева педагогика ғылымының



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата19.01.2017
өлшемі4,54 Mb.
#2235
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
часть 
юрты, 
изображенная на гербе. 
7.Крылатый конь, изображенный на гербе. 
8.Отличительный символ государства. 
ПО ВЕРТИКАЛИ: 
9.Прямоугольное полотнище голубого цвета. 
10.Жилище казахов-кочевников. 
11.Столица Казахстана. 
12.Главная песня страны. 
13.Один  из  элементов,  изображенных  на 
флаге. 
14.Автор-художник государственного флага. 
ОТВЕТЫ: 
ПО ГОРИЗОНТАЛИ: 
ПО ВЕРТИКАЛИ: 
1.Казахстан. 
9.Флаг 
2.Назарбаев 
10.Юрта 
3.Уалиханов 
11.Астана 
4.Солнце 
12.Гимн 
5.Калдаяков 
13.Орел 
6.Шанырак 
14.Ниязбеков 
7.Тулпар 
 
8.Герб 
 
 
 
 
С.ТОРАЙҒЫРОВ «ШЫҒАМЫН ТІРІ БОЛСАМ АДАМ БОЛЫП» 
 
Мәуленбергенова Ш.М., 
Ақтөбе қаласы №56 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
Сабақтың мақсаты: 
а)  білімділік:  Оқушыларды  Сұлтанмахмұт 
өмір  жолымен  таныстыру,  лирика  туралы 
білімін кеңейту, мазмұнын меңгерту. 
ә)  тәрбиелік:  Сюжеттік,  поэтикалық  талдау, 
өлең  идеясы  негізінде  биік  гуманизмге, 
даналыққа,  ізгілікке  үндеу,  өнер  білімге 
сүйіспеншілігін арттыру. 
б)  дамытушылық:  Текстен  басты  ой-
түйіндерін  табуға,  кейіпкер  бейнесін  аша 
білуге, әдеби теориялық білімін арттыру. 
Сабақтың түрі: 
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту 
Әдіс-тәсілі:  баяндау,  түсіндірме,  көр-
кем текстпен жұмыс, проблемалық ситуация 
тудыру. 
Көрнекілігі:  Ақын  портреті,  кеспе  қа-
ғаздар,  кітапша,  цитаталар,  шығармалар  жи-
нағы, буклет 
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі 
Сабақтың барысы: 
Сынып оқушыларын ұйымдастыру 
І Үй тапсырмасын тексеру 
1.
 
«Қара б ұлт» өлеңінің мазмұны 
2.
 
Шығарма «Қайырымдылы – асыл қасиет» 
Үлестірме нұсқау 
-
 
Өлеңді  асықпай  екі  рет  оқып  шық, 
түсінбеген  сөздерің  болса  оқулықтағы 
түсініктемеге қара, не белгілеп қой. 
-
 
Мәнерлеп 
оқуға 
дайындал. 
Қандай 
мәнерлеп оқыр едің? 
-
 
Өлең қандай көңіл күймен жазылған? 
-
 
Өлеңдегі  негізгі  ойды  айтып  беруге 
талаптан 
ІІІ Жаңа сабақ 
Бүгінгі сабақтың тақырыбы 
Тарихи  дерек:  1893-1920  жылдар 
аралығында өмір сүрген көрнекті ақын. 
Әдеби  дерек:  Абай  дәстүрін  жалғасты-
рушы  «Шәкірт  ойы»,  «Шілде»  өлеңдеріні 
авторы 
Логикалық  дерек:  Ақын  ата  екі  сөзден 
біріккен, бірінші сыңары ақсүйек тұқымынан 
шыққан шыққан адам. 

 
 
 
149 
     
 
Жалпы  ұғым:  мына  сурет  бізге  таныс 
па? Нені білуіміз керек? 
-
 
Өлеңнің  өнер-білімге  үндеу,  болашақты, 
жаңа өмірді аңсау рухын 
-
 
Лирикалық 
кейіпкер-өнерге 
ғашық, 
мақсаты айқын, өжет не өршіл жас 
-
 
Өлеңнің поэтикалық тілі 
Ақын өмірінен шағын мәлімет: 
Сұлтанмахмұт  Торайғыров  Көкшетау 
облысында  дүниеге  келген.  Бір  жасында 
шешесі  өліп,  жетімдік,  жоқшылық  қасіретін 
көреді.  Ақын  есімі  «Шықай  мен  Шағалы» 
атты  өлеңі  арқылы  ел  «Шәкірт  ойы»,  «Үміт 
қып  маған  қарайсың»  өлеңдері  өз  халқына 
берген  анты,  осының  жалғасы  іспетті  өлеңі. 
«Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңіне 
тоқталайық. 
Өлеңді мәнерлеп жатқа оқу. 
Бүгінгі  әдеби  қонақжайда  қонағы  – 
Сұлтанмахмұт 
Әдеби  қонақжайда  ақын  өлеңіне  жан-
жақты әдеби талдау жасаймыз. 
Алғашқы бөлім «Мазмұн». Мұнда ақын 
өлеңінің  мазмұны  талданады.  3  қатар  әр 
шумағын 
1.
 
Өлең саған несімен ұнады? 
2.
 
Өлеңдегі негізгі ой 
3.
 
Шығарманың  бүкіл  эстетика-идеялық 
мақсатын ашатын жолды тауып, оқып беріңіз 
4.
 
Өлең қандай пафоста жазылған? 
Ақындық ой 
1.
 
Ақынның  түпкі  мақсатын  өлең  арқауына 
сүйеніп айтып бер. 
2.
 
Өлеңде ақын бейнесі көрінеді. Лирикалық 
кейіпкерге сипаттама 
 
 
 
 
 
3.
 
Абаймен ұқсастық 
а)  «Жасымда  ғылым  бар  деп  ескермедім, 
Әсемпаз 
болма 
әрнеге» 
өлеңдерімен 
ұқсастық бар ма? 
4. Ақынның асқақ арманы 
Поэтикалық талдау 
1.
 
Өнер-білімге  құштарлық  қандай  көркем 
сөзбен берілген 
2.
 
Өзің  қандай  тақырып  қояр  едің?  Теңеу, 
метафора  дегеніміз  не?  Ауыспалы  мағынада 
қолданылған  сөзді  тап?  Өлеңнің  негізгі 
стилі? (монолог) 
а) азаматтық лирика 
б)  3  шумақты,  4  тармақты,  11  буынды 
қара өлең ұйқасы 
 
3.  
 
3.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тәуелсіз  Қазақстанға  биыл  жыл. 
Еліміздің  ертеңі  -сіздер.  Жаңа  өркениетті 
елдердің  қатарына  қосылып,  қаз-қаз  тұрып 
келе жатқан халықтың сүйенері де, сенері де 
сіздер.  Олар  халықтың  бір  тетігіне  кірпіш 
болып  қалануға  жараймын  деп  отырған 
жастарға  сенеді.  Ұлылардың  осы  сенімінен 
шыға  аласыңдар  ма?  Ол  үшін  не  қажет? 
Ақын аманатын қалай түсінесің? Кім болғың 
келеді? 
Үйге тапсырма: өлең жаттау 
 
 
 
 
 
СӨЗ МЕРГЕН 
 
Муханбеталина А.А., 
Ақтөбе қаласындағы № 51гимназияның бастауыш класс мұғалімі 
 
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ана 
тілін  құрметтеуге  тәрбиелеп,  сөздік  қорла-
рын  молайту,  тіл  байлықтарын  жетілдіру. 
Тапқырлық пен шапшандылыққа үйрету. 
Лирикалық 
кейіпкер
 
өнерге болашақ
 
мақсаты айқын
 
өжет
 
өршіл
 
жігерлі
 
арманшыл жас
 
Ұлылық 
және мен
 
«Үміт еткен 
достарыма»
 
Әсемпаз болма 
әрнеге
 
Адамдық 
борышың
 
Шығамын тірі 
болсам, адам 
болып
 
Оқушы
 
Ыбырай
 
Абай
 
Шәкәрім
 
Сұлтанмахмұт
 

 
     
 
150 
Өткізілу барысы: 
І Ұйымдастырыу бөлімі. 
Жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқу-
шылар, қадірменді қонақтар. 
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың 
Жауыз  тағдыр  жойды  бәрін  не 
бардың… 
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, 
Нұрлы  жұлдыз,  бабам  тілі,  сен  қал-
дың!-деп  ақын  ағамыз  М.Жұмабаев  жырла-
ғандай  Тәуелсіздігіміздің  арқасында  қазақ 
тілі – мемлекеттік тілі болып қабылданды! 
Тілім менің! 
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім, 
Аралыммен арыммен қатар қойып, 
Тілді  қорғау  –  парызым  бүгін  менің!  –
дегендей, бүгін 2«Б» клас арасында «Сөзмер-
ген»  қазақ  тілін  білгірлерінің  сайысын 
назарларыңызға ұсынамыз! 
Ақталған ақ арманы, үміттері, 
Қашан көрсең жүреді күліп тегі, 
Қаумалаған ағайын, аманбысың, 
Аманбысың, сайыстың үміткері – дей отыра 
ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. 
1 – «Алғырлар» тобы 
2 – «Білгірлер» тобы 
Шын жүйрік шабысымен танылады, 
Нақты білім, терең ой саналады. 
Баға берер әділқазы ортамызда, 
Сіздерге құрметпен қол соғылады – дей келе 
әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік. 
Жақсылық адамдардың тілегі екен, 
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен 
Дәстүрі қазағымның сарқылмаған, 
Шарттарын  сайыскерлер  біле  ме  екен?  – 
деп, сайысымыздың жобасымен таныстырып 
өтейік. 
Сайыс төрт кезеңнен тұрады: 
1.«Мықты болсаң, тауып көр» 
2.«Жүйрік болсаң, шауып көр» 
3.«Ойлы болсаң, озып көр» 
4.«Даналықтан дән ізде» 
Сайыста  қазақ  тіліндегі  тұрақты  сөз 
тіркестері, мақал-мәтелдер, көнерген сөздер-
ден құралған тапсырмалар жасырылады. 
Экранда  берілген  тапсырмаларға  қай 
топ  бірінші  жауап  берсе,  сол  топқа  ұпай 
қосылып  отырады.  Әділқазылар  алқасы, 
жауабына қарай бағалап отырыңыздар. 
ІІ.Негізгі бөлім 
1 – кезең. «Мықты болсаң, тауып көр». 
Тұрақты 
сөз 
тіркестерін 
тауып, 
мағынасын ашу. 
1. Жұмғанша– қас,көз,тіл, шаш. 
Көзді ашып жұмғанша – тез,шапшаң 
2. Алмас –сиыр,ешкі,қой, жылқы 
Қой аузынан шөп алмас–жуас. 
3. Жеккен– ат,ит,түйе,мысық. 
Ит жеккен жер–өте алыс 
4. Жету – қолы, құлағы, мақсатқа, көзі 
Көзі жету – анық білу 
2 – кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр». 
1.Жүзер – өнер, білім, ақыл, ой. 
Өнерлі өрге жүзер. 
2.  Кепілі–тазалық,  салақтық,  әдептілік. 
еріншектік 
Тазалық- денсаулық кепілі. 
3. Біл– он, үш, бес, жеті. 
Жеті жұрттың тілін біл, 
Жеті түрлі білім біл. 
4. Бала – мәдениет, ізет, әдеп, талғам 
Әдепті бала – арлы бала, 
Әдепсіз бала – сорлы бала. 
3 – кезең. «Ойлы болсаң, озып көр». 
Берілген мақалдың жалғасын табу. 
4-кезең. 
«Даналықтан 
дән 
ізде» 
бөліміңде  таңдаған  тақырыптары  бойынша 
тіл, отан, өнер туралы өлеңдер оқып көрелік 
Әр топтан бір оқушы өлең оқиды. 
ІІІ.Қорытынды бөлім 
Көрермендермен 
мақал-мәтелдер 
сайысы жүргізіледі 
Жүргізуші:  -Ұлы  ғұлама  Пифагор: 
«Қандай  да  болсын  халықтың  әдет-ғұрпын 
үйренгің  келсе,  алдымен  оның  тілін,  дінін 
үйрен» - деген екен, міне бүгін 3 «Б» класы-
ның арасында өткен «Сөзмерген» атты қазақ 
тіл білгірлері сайысын тамашаладыңыздар 
Ендігі  сөз  кезегі  әділқазылар  алқасына 
беріледі.  Сайыс  қорытындысы  бойынша  же-
ңімпаздар мақтау қағазымен марапатталады. 
Жүргізуші:  «Біздің  тіл-  өткірлігімен 
бой  балқытып,  тамыр  шымырлатып,  жан  –
жүйеңді 
жадыратып, 
жүрегіңе 
тиімді, 
қысылтаяң,  қатал  жағдайда  қайрап,  егеп, 
«сөз  тапқанға  қолқа  жоқ»  дегендейін,  ерге, 
елге медет болатын тіл», -деп даңқты атамыз 
Бауыржан  Момышұлы  айтқандай,  тілді 
құрметтеу, 
елді 
құрметтеу, 
ұлтыңды 
қастерлеу  болып  табылады.Ана  тілінің 
құдіретін  ұмытпай,  оны  келешек  ұрпаққа 
таза күйінде жеткізу – біздің міндетіміз. Ана 
тілінің  мөлдір  әлемін  лайлатпай,  тұнық 
күйінде қолданайық, жас достар! 

 
 
 
151 
     
 
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС 
 
Мұханова А.Қ., 
Шалқар қаласы №4 орта мектебінің физика пәні мұғалімі 
 
Пәні : физика Сыныбы: 7 
Сабақтың тақырыбы: 
Сабақтың  мақсаты:  Оқушылардың 
физика курсынан алған білімдерін жүйелеу. 
Міндеттері: 
Білімділік:  Алған  білімдерін  бекіту 
және  жалпылау,  жүйелеу,  оқушылардың 
танымдық қабілеттерін белсендіру. 
Дамытушылық: Шығармашылық тап-
сырмаларды  қолдана  отырып,  қиындықтар-
ды жеңе білу, өз бетімен жұмыс жасай білу, 
білімін  іс  жүзінде  қолдана  білу  дағдыларын 
қалыптастыру.  Логикалық  ойлау  қабілетін 
дамыту.  Оқушылардың  сабаққа  деген  қызы-
ғушылықтарын  арттыру,  қазақтың  салт-
дәстүрін бойларына сіңіру, өмірге деген көз-
қарасының  дұрыстығын  көрсете  отырып  тү-
сіндіре дамыту. 
Тәрбиелік:  Ұжымда  жұмыс  жасай  бі-
луге,  өзін-өзі  бақылай  білуге  дағдыландыру. 
Оқушыларды  осы  сабақ  арқылы  қазақи  дәс-
түрлерді  сақтауға,  қазақтың  «табақ  тарту» 
дәстүрін үйренуге, біліп жүруге тәрбиелеу. 
Сабақтың типі: меңгерту 
Сабақтың түрі: аралас 
Сабақтың  әдісі:  Практикалық,  көрне-
кіліктік, жеке, өз бетімен жұмыс, топпен жұ-
мыс 
Көрнекілігі:асықтар,  ұлттық  тағамдар, 
қоржын, домбыра, ағаш үй, презентация 
Құрал-жабдықтар:  Компьютер,  инте-
рактивті тақта, проектор 
Жоспар: 
І. Бас табақ  
ІІ. Сый табақ (асату) 
ІІІ. Жеңге табақ (сематикалық карта) 
ІV. Құда табақ (есептер шығару) 
V. Қыз табақ  
VІ. Күйеу табақ (бекіту сұрақтары) 
VІІ. Сыбаға (бағалау, үйге тапсырма) 
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі: Саламатсыздар-
ма оқушылар! Баршаңыз  «табақ тарту» атты 
сабағымызға қош келдіңіздер
Өзінің аты айтқандай бүгінгі сабақ күн-
делікті  сабақтан  ерекше.  Қазақ  халқы  ежел-
ден  қонақжай  халық.  Келген  қонаққа  қой 
сойып ет асылады. Мал етінен қазақтың ұлт-
тық  тағамының  ең  бастысы  ет  асылып,  бес-
бармақ  дайындалады.  Құтты  қонақтардың 
алдына жасалған табақтар тартылады. Табақ 
тарту олда өнер.  
Қазақта  еттен  табақ  тарт-қанда  оның 
ерекше құрмет дәрежесін білдіретін бірнеше 
табақ  аттары  бар.  Алайда  қонаққа  ет 
тартудың  өзіндік  мәні  мен  өз  ерешелігі  бар. 
Осындай табақтарды жасау үшін, әдет-ғұрып 
пен  салт  сананы  білетін  адам  болғаны  жөн. 
Әр табақ атына, маңызы-на қарай жасалады. 
Малдың  әр  мүшесінің  атаулары,  сол 
мүшелерден  қонақтарға  бөлінетін  сыбағалар 
бар. Сыйлы қонақтарға ең жақсы жерін атап 
салады. Ет пісіп болған соң, ет бөлуші кісіге 
қай  қонаққа  қандай  табақ  тарту  керектігін 
айтады.  
Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйініне 
келсек  қазақта  «қазан  қайнап  тұрса,  ақыл 
сайрап 
тұрады» 
демекші 
бүгінгі 
сабағымыздың 
жоспарымен 
танысайық. 
Алдымен 
осы 
мақалдың 
мағынасын 
түсінейікші.  
Иә, яғни балалар тамағың толып тұрса, 
тамағың  тоқ  болса,  ақылыңда,  біліміңде 
болады, сайрайсың деген. Олай болса бүгінгі 
сабақта сендердің ақылды, білімді, қазақтың 
әдет-ғұрыптарын қаншалықты білетіндеріңді 
байқаймыз. 
Енді  сабақты  бастамас  бұрын  тойбас-
тар  ретінде  ұлттық  ойындарымыз  жайлы 
бейнебаянды  тамашалайық.  Яғни,  балалар 
малдың  асықты  жілік  деген  жілігінде  асық 
болады.  Осы  асық  жілікпен  қазақтың  ер 
балалары  ойнаған.  Бұл  асық  ойыны  да  ұлт-
тық  ойындарға  жатады.  Сондықтан  бүгінгі 
сабағымызда мен балалардың сабақта берген 
дұрыс  жауаптарын  осы  алдымызда  тұрған 
асықпен бағалағым келіп тұр. 
І.  Бас  табақ  (өткен  тақырыптардан 
сұрау):  Бұл  бас  табақты  қадірлі  қонаққы 
ұсынған.  Балалар  кім  біледі  мұны,  өткен 
сабақта  үйдегі  үлкен  кісілерден  сұрап  ке-
ліңдер  деп  тапсырғанмын.  Қане,  Айзат  айта 
қойшы.  

 
     
 
152 
Иә,  балалар,  әуелі  табақтан  бас 
алынбай табаққа қол салынбайды. Басты үл-
кен  адам,  қадірлі  қонақ  ұстайды.  Ол  бастың 
маңдай  ортасын  тігінен  және  көлденеңнен 
тіліп,  төрт  бұрышы  бар  таңба  салады.  Бұл 
«төрт құбылаң сай болсын» дегені.  
Дәстүр бойынша бас ұстаған адам әуелі 
өзі ауыз тиеді де, содан кейін табақтастарына 
құйқа  үлестіріп,  тегіс  ауыз  тигізеді.  Әр 
қонақтың  өзіндік  сыйы  сияқты,  жілік  ұстау 
рәсімдері  бар.  Бас,  жамбас,  ортан  жілік, 
қабырға,  жыл-қының  қазы-қарта,  жал-
жаясыда 
салынады 
екен. 
Енді 
осы 
асықтардың  астында  өткен  тақырыптар 
бойынша  сұрақтар  жасырылған,  осыларға 
жауап берейік. 
Жауап  берген  оқушылар  асықпен 
бағаланады. 
1.Энергия дегеніміз не? 
2.Деформация түрлері 
3.Потенциалдық энергияның белгіленуі 
4.Күш түрлерін ата 
5.Қысымның формуласы 
6.Жылдамдықтың өлшем бірлігі 
7.Қан қысымын өлшейтін құрал 
8.Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал. 
ІІ.  Сый  табақ  (асату):  Сый  табақты 
қалай  жасаймыз?  Кім  айтады  екен?  Қане, 
Темірлан..  Иә,  жауырын,  бас,  жамбас,  бел 
омыртқа,  қабырға  қазы-қарта,  жал-жая  сала-
ды екен. Бұл де ерекше сый құрметке лайық 
адамдарға тртылатын табақ.  
Сондықтан 
арт-та 
отырған 
мұғалімдерімізге қазақта асату деген бар сый 
табақтан  асату  берсек.  Бұл  да  тағамдарда 
қазақтың  ұлттық  тағамдарының  бірі.  Олар 
бауырсақ,  жеті  нанмен  шұбат.  Нанды  киелі 
дейді  қазағымыз  және  де  Келін  алып,  құда 
күткенде осы ағарғанмен сыйлаған. 
Физикалық диктант 
Төмендегі  сөздердің  қайсысы  физика-
лық  денеге,  қайсысы-заттарға,  қайсысы-құ-
былысқа  жататынын  жазыңдар:  қорғасын, 
күннің  күркіреуі,  рельстер,  қарлы  дауыл, 
алюминий,  таңның  атуы,  үстел,  мыс,  Ай, 
сынап,  қардың  жаууы,  мұнай,  қайнау, 
найзағай. 
ІІІ.  Жеңге  табақ  (семантикалық 
карта): Қазақта жеңге табақ бар екен. Оның 
жасалуын  кім  біледі?  Қане,  Мөлдір  айтам 
дейді,  айта  ғой.  Иә,  балалар,  қазақтар 
жеңгесін  құрметтеген  халық.  Жеңгесімен 
қайын  іні,  қайын  сіңілісі  қалжыңдасып 
жатады.  Сондықтан  етке  қойдың  жамбасын, 
жауырынын, асықты жілігін, қабырға, жүрек, 
бауырын, ток ішегін, бүйрегін салады екен. 
Бауыр бүйрек қайныңды бауырыңдай көр, 
Жүрек  табысқанда  жүрегің  бұрылып 
тұрсын, 
Ішек-қарын  бауырымыздай  аралассын  дейді 
екен. 
Енді семантикалық картамызға келейік. 
 
Жауап 
берген 
балалар 
асықпен 
бағаланады. 
ІV. Құда табақ (есептер шығару) 
Қазақтар  құдаларын  құдайындай  сый-
лаған  халық.  Құда  табақта  сыйлы  табақ.  Ол 
туралы кім біліп келді балалар? Данияр айта 
қой қане. Бас, жамбас, кәрі жілік, қазы-қарта, 
жал-жая,  құйрық-бауыр.  Құдаларға  құйрық-
бауыр 
береді. 
Ол молшылық, 
ырыс, 
тоқшылық,  бауырдай  тату-тәтті  болу  үшін 
береді екен. 
1.Шабандоз жылдамдығы 30 м/с болса, 
онда ол жылдамдығы 720 км/сағ қасқырды 
қуып жете ала ма? 
2. 
Туған 
елдің 
тірі 
байлығы. 
Жылдамдық. Жылдамдық бірлігі. 
Егер  қасқырдың  жылдамдығы  12,5  м/с 
болса, ал ақ бөкеннің жылдамдығы 60 км/сағ 
болса, қасқыр ақ бөкенді қуып жете ме? 
3.  Жүргізуші  автомобиль  есептеуіші- 
нің көрсеткіші 500 км-ге артқанын көрді. 
Бұл  нені  білдіреді:  автомобильдің 
жүрген жолы ма, әлде орын ауыстыру ма ? 
4.  Футбол  ойынын  ақылай  отырып, 
шабуылшының ойын кезінде шамаман 15 км 
жүгіретіні анықталды. 
Осы  қашықтық  орын  ауыстыру  ма, 
әлде жолдың ұзындығы ма ? 
Құда табақтан тарту 

 
 
 
153 
     
 
Сергіту сәті «Қара жорға» биі 
V.  Қыз  табақ  (суреттермен  жұмыс): 
Төркіндеп  келген  қызына  қазақ  арнап  қой 
сояды.  Айкен  айта  қойшы  қандай  еттер 
асады 
екен? 
Иә, 
сойылған 
малдың 
құйымшақ,  жауырын,  бел  омыртқа,  асық 
жілік,  тіл,  жүрек-бауыр,  бүйрегін  салады. 
«Қыздан  қызық  қалсын,  көңілінде  сызық 
қалмасын, 
сыз 
қалмасын» 
дегені. 
“Галерияны  шарлау”.  (тақтадағы  суреттер 
бойынша ойларын ортаға салу) 
Дұрыс формуланы таңда 
“Арқан тарту”  Физикалық  шамалар 
жазудан  жарыс  Ұраны:  “  Асу  бермес  асу 
жоқ ” 
VІ. Күйеу табақ (бекіту сұрақтары): 
Қазақтар  күйеу  балдарын  да сыйлаған. 
Оған  қандай  еттер  асқан?  Берекет  айта  қой. 
Төс,  асықты  жілік,  қабырға,  омыртқа,  қазы-
қарта, жауырын. 
Топтастыру стратегиясы 
Мұз,  су,  бу  олардың  бір-бірінен  ерек-
шелігі неде? Қандай қасиеттерін білесіңдер? 
Қорытындылау 
Музыка  әуені  арқылы  тамаша  табиғат 
суреттері  ашылып,  өмірлік  маңызды  сөздер 
жазылған беттер көрсетіледі 
«Жеті атасын білген ер, 
Жеті жұрттың қамын жер». 
Атадан жақсы ұл туса, 
Елінің туы болады. 
Атадан жаман ұл туса, 
Елінің соры болады 
Оқушылар 
сол 
сөздер 
бойынша 
қорытынды жасайды. 
Енді  балалар  қазақтар  бата  алмай, 
ас қайтармай  дастарханнан  тұрмаған.  Қане, 
кім бата қайтара аласыңдар? 
Оқушылар бата қайырады. 
VІІ. Сыбаға (бағалау): Сыбаға дегені-
міз  қазақтар  соғым  сойғанда  тума-туыс, 
көрші-көлемдеріне  соғымнан  сыбаға  деп  бір 
асым  ет  берген.  Енді  балалар  осы  «табақ 
тарту»  сабағымызды  қорытып  сендердің 
жинаған асықтарың бойынша бағалайық. 
Осымен  «табақ  тарту»  сабағымыз 
аяқталды.  Балалар  қазақтың  салт-дәстүрін 
ұғынды деп ойлаймын. Сау болыңыздар! 
 
 
ТОРТАЙДЫҢ МҰҢЫ («Алпамыс батыр» жырынан үзінді) 
 
Нагишева Г.Б., 
Т.Жүргенов атындағы орта мектебінің 4 «А» класс жетекшісі 
 
Мақсаты:  
1.  Алпамыс  батырдың  ерлігі,  жігер-
күшін  жазушы  суреттегендей  түр-келбетін 
көре білуге, оқушылардың қиялын дамыту. 
2. Өлеңнің идеялық мәнін түсіне білуге, 
өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге 
дағдыландыру. Топтық жұмыста шапшаңдық, 
ұйымшылдық,  тапқырлықтанытуға,  ойын 
әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру. 
3. 
Батырдың 
өмірлік 
ұстанған 
принциптері 
мен 
биік 
мұраттары 
болашақтың  қамы  екеніне  тоқтала  келіп,  елі 
мен Отан алдындағы борышын сезінуге, елін 
сүюге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ 
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, 
мәнерлеп оқу, талдау. 
Ұйымдастыру кезеңі:  
Кәне 
бәріміз 
бір-бірімізге 
шуақ 
сыйлайық. 
Қабағымызды  ашайық,  әдемі  күлейік, 
сабағымызға сәттілік тілейік. 
(Оқушылар шеңберде жиналып, бүгінгі 
сабаққа сәттілік тілейді)  
Суретті  көрсете  отырып  оқушы  ойын 
тыңдау. Өзім қосымша толықтыру  жасадым. 
(Қару жарақтын суреттері) 
Сабақты  бастамас  бұрын  оқушыларды 
топқа  бөлу.  Қару-жарақты  таңдау  арқылы 
топқа  бөлінді.  (1-топ  қалқан,  2-топ  садақ,3-
топ шоқпар) топ басшысы сайланды. Бағалау 
парағы таратылды. Әр топ басшы тобындағы 
оқушыларды бағалап отырады. 
1.
 
Үй тапсырмасы. (әр топтан екі-үш 
оқушы жауап берді)  
2.
 
Қортындылау 
кезеңі: 
Қалқан 
тобына  жырдан  тайбурылдың  шабысын 
сипаттау. 
Садақ 
тобына 
Қобыланды 
батырдың 
тұлпары 
туралы 
әңгімелеу. 
Шоқпар  тобына  көлді  тауды  сипаттаған 
сызбаны толтыру. 

 
     
 
154 
Мұғалім: 
Балалар 
тағы 
басқа 
батырлармен танысайық.  
3.
 
Жаңа  сабақ:  (Бастамас  бұрын 
бейнефильм көрсетілді)  
Сыни  ойлаудың  стратегиясы  арқылы 
оқушыларға сұрақ.  
-
 
Экраннан не көрдік? 
-
 
Мульт топтамасы.  
-
 
Не туралы екен? 
-
 
Батырлар туралы 
-
 
Батырлар  бұрын  жауымен  қалай,  немен 
шайқасқан екен? 
-
 
Оқушы жауабы. 
-
 
Бейнефильм қай батыр туралы екен? 
-
 
Алпамыс батыр туралы. 
Мұғалім:  Алпамыс  туралы  мәлімет 
бердім... 
Ендеше  балалар  бүгінгі  сабағымыздың 
тақырыбы  «Тортайдың  мұңы»  («Алпамыс 
батыр» жырынан үзінді.)  
1.  Өзім  оқып  мазмұнын  ашып 
отырдым.  
2.  Оқушы  тізбектей  оқыды.  (оқушы 
оқыған жерге дейін түсінгенін айтты.) 
3. Оқушылар өз бетімен оқыды. 
4.  Әр  топ  мүшелері  бір-біріне  сұрақ 
қойып жауап берді.  
5.  Топ  басшылары  бағалау  парағын 
толтырып отырды.  
Сергіту  сәті.  «Жұмыр  қылыш»  би 
терапиясы. 
Мұғалім:  балалар  Алпамыс  сөзіне 
топтастыру стратегиясын құрындар. 
 
 
 
 
 
Дәптермен 
сөздік 
жұмыс 
орындалды. 
(Өздерінен сұрап, білмегеніне көмек бердім)  
Бекіту:  Үш  топқа  карточкамен  сұрақ  беріп 
жауап алу арқылы жаңа сабықты қорыттым. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кері байланыс.  
Білемін 
Білдім 
Білгім келеді 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бағалау: Топ басшылары қойған бағаларын дәлелдеп хабарлама береді. 
 
Қалқан тобы 
Үй тапсырмасы  Жаңа сабақ  Үлестірмелі қағаз 
Сұрақ-жауап 
Сәнтаев Б. 
 
 
 
 
Дауылбаева Д. 
 
 
 
 
Әкімжанова А. 
 
 
 
 
Бақытова Г. 
 
 
 
 
Әбдіғалиева Д. 
 
 
 
 
 
Садақ тобы 
Үй тапсырмасы  Жаңа сабақ  Үлестірмелі қағаз 
Сұрақ-жауап 
Дүйсенғалиева С   
 
 
 
Талғатұлы Ә 
 
 
 
 
Акимжанова Н 
 
 
 
 
Ғалымова К 
 
 
 
 
Біртаева Н 
 
 
 
 
 
Шоқпар тобы  Үй тапсырмасы  Жаңа сабақ  Үлестірмелі қағаз 
Сұрақ-жауап 
Орынбасарова Н   
 
 
 
Сәкенұлы Н 
 
 
 
 
Тұрғанбаева С 
 
 
 
 
Саматқызы А 
 
 
 
 
Алпамыс батыр 
Венн диограммасы 
Ұқсас-
тығы
 
«Қобыланды 
батыр» жыры
 
«Алпамыс 
батыр» жыры 
 

 
 
 
155 
     
 
Үйге  тапсырма:  1  топқа  Алпамыс  туралы 
мәлімет жинау. (Мазмұндау) 
2-топқа 
24-беттегі 
үлгіні 
толтыру. 
(Мазмұндау) 
3-топқа  мәтін  бойынша  сурет  салып  келу. 
(Мазмұндау) 
Ұйымдастыру бөлімі: 2-3 минут.  
Үй тапсырмасын сұрау: 10-15минут 
Қорыту: 1-2 минут 
Жаңа сабақ кіріспе: 1-2 минут (Бейнефильм) 
Жаңа сабақ түсіндіру: 15-20 минут 
Жаңа сабақты қорыту: 1-2 минут 
Үйге тапсырмаға даярлық: 2-3минут 
 
 
ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕЛЕР 
 
Нагметова Ш.А., 
Шалқар ауданы Сарықамыс негізгі мектебінің информатика пәні мұғалімі 
 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділігі:  Micrasoft  Excel  кестелік 
процессорын  іске  қосу,  терезе  элементтері, 
мүмкіндіктерін  және  бағанның  енін  жолын, 
биіктігін  өзгерту  туралы  білімдерін  қалып-
тастыру,  құатты  сақтау  және  ашу  жолдарын 
түсіндіру. 
Дамытушылық:  оқушылардың  есте 
сақтау  және  зейіндік  қабілеттерін  дамыту  , 
пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру  және 
тез, жылдам ойлауын қалыптастыру. 
Тәрбиелік:  Оқушыларды  адамгерші-
лікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың  типі:  жаңа  сабақты  мең-
герту 
Сабақтың  әдісі:  түсіндірмелі,  сұрақ- 
жауап; 
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, 
1. Ұйымдастыру 
2. Оқушыларды түгендеу 
3. Үй тапсырмасын тексеру. 
4. Жаңа сабақ. 
5. Сабақты пысықтау. 
6. Бағалау. 
7. Үйге тапсырма. 
І.Үй тапсырмасын сұраймын: 
-  Компьютерлік  кескіндік  ақпарыттың 
негізгі неше түрі бар? 
- Векторлық кескін дегеніміз... 
- Пиксель дегеніміз не? 
ІІ.Жаңа сабақ. 
Micrasoft Excel -мен таныстыру. Тарихи 
шолу:  Micrasoft  Excel-  сандық  кестелермен 
жұмыс  істеуге  арналған.  Micrasoft  Office  – 
тің  құрамына  кіретін  программа.  Есептеу 
кезінде 
400-ден 
аса 
математикалық, 
статистикалық,  қаржылық  және  басқа  да 
арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің 
өзара байланысын қарастыруға болады. 
1985  жылдың  мамыр  айында  Micrasoft 
компаниясы  өздерінің  кестелік  есептеулері-
не арналған кестелік бағдарламасы Micrasoft 
Excel  ойлап  шығарды.  Бұл  бағдарлама  аз 
уақыт  ішінде  барлық  есеп  жүргізушілерге 
таным болып қолданысқа енді. 
Micrasoft  Excel  Мен  танысу.  –  ді  іске 
қосу үшін келесі тізбектерді орындаймыз: 
1.  Пуск-  Программы-  Micrasoft  Office, 
Micrasoft  Excel  файлы  жұмыс  кітабы  деп 
аталады.  Терезе  мынадай  бөліктерден 
тұрады: 
1. Тақырып жолы 
2.  Бас  меню  де  негізінен  басқа  да 
Micrasoft Office программалардағы бөлімдер-
ден  құрылған.  Оның  айырмашылығы  Кесте 
орнына мәлемет алмастырылған. 
3. Стандартты аспаптар. 
4. Пішімдеу амалы. 
5. Жұмыс істеп тұрған ұяшықтың аты. 
6. Формула жолы. 
7. Жұмыс парағы. 
8. Бағандар аты латынныңA,B,C,D,F, 26 
әрпінен тұрады 
9.Жол номері, 65 536 жолдан тұрады 
10. Таңбашалар немесе парақ 
11. Айналдыру жолағы. 
12. Басқа парққа алмастыру батырмасы 
13.  Қалып  күй  жолағы.  Пуск-  про-
граммы – Micrasoft Office- Micrasoft Word 
 
 
 
 
 
 

 
     
 
156 
Мұғалім 
Оқушы  
Мәтіндік құжатты редакциялау дегеніміз 
не? 
Өңдеу, енгізу, орын ауыстыру немесе 
құжаттың мазмұнын түзету 
Кесте дегеніміз не? 
 
Бұл жолдар ман бағандарда реттеліп 
берілген ақпарат 
Wort -та неше туралау бар? 
 
4 туралау бар. 
1 сол жақ шеті бойынша. 
 2 ортасы бойынша. 
3 оң жақ шеті бойынша. 
4 оң және сол жақ шеті бойынша 
Мәтіннің пішінін оның параметрлері 
арқылы қою мәтіндік процессордың 
жұмысын дұрыс аяқтау үшін қандай 
әдістер қолдануға болады? 
1 Файл –шығу. 
1.
 
х батырмасы арқылы 
 
 
ІІІ. Компьютерде пракатикалық жұмыс 
1 тапсырма: 
С4  ұяшығын  белгілеп  алып,  пернетақтадан 
«Мен  жақсы  оқушымын»  сөзін  жазыңдар. 
Мәтінді 
жазғанда 
мәтіндік 
меңзер 
жарқырайтынына көңіл аударыңдар. 
2 тапсырма: 
С4  ұяшығына  құрал-саймандар  тақтасынан 
азат  жолды  туралау  батырмасын  тап  және 
беттің  ортасы  бойынша  беттің  ортасы 
бойынша 
туралау 
батырмасын 
таңда. 
Алынған нәтижені айт. 
ІҮ. Бекіту.«Кім жылдам»- ойыны 
1.ұяшық дегеніміз не? 
2.  Excel  программасын  жүктеу  үшін  қандай 
команданы орындау керек? 
3. Жұмыс кітабы нелерден тұрады? 
4. 
Excel 
бағдарламасындағы 
жұмыс 
парағындағы бағандар атауы... белгіленеді? 
5.  Excel  бағанында  ұяшықтың  адресін 
айтыңыз. 
6.  Excel  бағанындағы  файлдың  кеңейтпесі 
қалай аталады? 
7.  Excel  даярлайтын  құжатты  не  деп 
атаймыз? 
8. Excel бағанында мына белгі нені білдіреді? 
9.  Excel  деректерді  сызбалық  түрде  ұсыну 
амалы 
10. Жұмыс кітабы нелерден тұрады? 
Ү.Үйге  тапсырма  беру.  Электрондық 
кестелер.(оқуға) 
Оқушыларды бағалау: 
Кері байланыс: (оқушылардың сабаққа деген 
өз пікірлерін жазу) 
 
 
6-ға КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ КЕСТЕСІ 
 
Нургалиева М.К., 
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Тайсойған негізгі мектебі 
 
Пәні: математика 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік  6-ға  көбейту  кестесін  құру 
және бөлу жағдайларын құрастыру. Көбейту 
кестесін  одан  әрі  жаттату.  Үлестерді  табу 
туралы түсіктерін кеңейту. 
Дамытушылық:  Есепті  шығару  және 
түрлендіру,  ауызша  және  жазбаша  есептеу 
дағдыларын  дамыту.  Есте  сақтау  қабілетте-
рін, сөздік қорларын арттыру. 
Тәрбиелік:  Балаларды  білімділікке, 
адамгершілікке, жолдастық  қарым- қатынас-
қа тәрбиелеу. 
Сабақтың  типі:  Оқушылардың  жаңа 
білімді меңгеру сабағы. 
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, 
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс. 
Көрнекілік:  Көбейту  кестесі,  жеміс- 
жидектер салынған себет, қима қағаздары. 
Сабақтың барысы: 
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең: 
1. Психологиялық кезең: 
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын, 
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын. 
«Ғылымдар патшасы»- деп дараланып, 
Математика - қызыққа тоймайтұғын. 

 
 
 
157 
     
 
2. Үй тапсырмасын сұрау (8 - мысалды 
тексеру) 
ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең: 
Жаңа сабақ. 
Қызығушылығын  ояту:”Ой  толғау” 
әдісі. 
Бұл  кезеңде  оқушыларға  қосу,  азайту, 
көбейту,  болу  амалдарының  компоненттерін 
айтқызамын. 
1. Қосу амалының компоненттерін кім айтып 
жібереді? 
2.  Азайту  амалының  компоненттерін  кім 
айтып жібереді? 
3.  Көбейту  амалының  компоненттерін  кім 
айтып жібереді? 
4. Бөлу амалының компоненттерін кім айтып 
жібереді? 
5.  Көбейткіштердің  орындары  ауысқанымен 
не өзгермейді? 
6. 1минутта қанша секунд бар? 
7. 1 тәулікте қанша сағат бар? 
8. 1 ғасырда қанша жыл бар? 
Ал,  енді  бүгінгі  жаңа  сабағымызды 
бастайық. 
6-ға көбейту және бөлу кестесі. 
6*2=12 
6+6=12 
6*3=18 
6+6+6=18 
6*4=24 
6+6+6+6=24 
6*5=30 
6+6+6+6+6=30 
6 мен 5-тің көбейтіндісі қанша болады? (30) 
Ал,  6-ны  өзіне  өзін  5  рет  қосқанда 
қанша  болады?(30)  демек  бізге  қайсысы 
тиімді  екен?  Әрине,  көбейту  амалын 
қолданған ұтымды болады. 
6-ға бөлу кестесі: 
36: 6=6 себебі 6*6=36 
42: 6=7 себебі 7*6=42 
48: 6=8 себебі 8*6=48 
54: 6=9 себебі 9*6=54 
6-ға  көбейту  кестесі  қалай  құрылғанын 
түсіндір: 
7•6=6•7 
8•6=6•8 9*6=6•9 
Оқулықпен жұмыс. 
№2 Мектеппен үйдің арасы 300 м. 
Оқушы минут сайын 60 м жүреді. Ол 3 
минут жүрді. 
Мектепке жету үшін ол тағы неше метр 
жүруі керек.? 
Ш: 300-(60*3)=120м 
Ж:120 м. 
Ә.  Майра  фотоальбомның  6  бетіне  3 
суреттен жапсырғанда оның әлі жапсыратын 
30  суреті  қалды.  Майрада  барлығы  қанша 
сурет болды? 
Ш: 6*3+30=48 
№3 
7*6=42 8*6=48 9*6=54 
42/7=6 48/6=8 54/6=9 
6*7=42 6*8=48 6*9=54 
№ 6 
Үш  бұрыштың  периметрін  өрнек 
түрінде жаз. 
Р=х дм+7дм+7дм 
Р=хдм+7дм*2 
№7 
5дм= 50см 
10дм=100см 
2м=200см 
10м=1000см 
100м= 10000см 
Сергіту сәті. 
Сергіту сәтінде кішкене ойымызды ты-
нықтырып, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақ-
тарды шешейік. 
Шығармақ боп кеше есеп, 
Жиналғанды бес есек. 
Үшеуі ұйықтап отырды, 
Ынталысы неше есек. (2) 
Мына алты ақ алма, 
Нұрбибі мен жанарға 
Үш сарысы - Анарға, 
Қызыл алма – Манарға. 
Қанша сонда бар алма?(10) т.б. 
ІІІ. Рефлексиялық- бағалау кезеңі: 
Сабақты қорыту: 
Кеспе қағаздарымен жұмыс. 
Ф.с: Аңның 2 оң аяғы, екі сол аяғы, екі 
артқы  аяғы,  екі  алдынғы  аяғы  бар.  Аңның 
неше аяғы бар? 
Үйге  тапсырма:  6-ға  бөлу  және 
көбейту кестесі. 112 - бет 11 - мысал. 
Бағалау:  Әр  топты,  оқушылардың  жи-
наған ұпай санына қарай мадақтап бағалау 
 
 
 

 
     
 
158 
ДЫБЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ. ФОНОГРАФ. ОЙНАТҚЫШ 
 
Сарсенова М.А., 
Еңбек негізгі мектебінің физика- информатика пәні мұғалімі 
 
Сабақтың  мақсаты:  Оқушыларды 
мультимедиа  бағдарламаларының  жұмысы-
мен  таныстыру,  дыыбыс  жазу  мен  ойнатуға 
үйрету. 
Сілтеме:  7  сынып  инфоррматика 
Алматы «Атамұра» 2012 ж 
Күтілетін нәтиже: 

 
мкрофонды, құлаққапты қосуды  

 
дыбыс  жазу  программасында  дыбыс 
жазуды пайдалана алады. 

 
мәтіндік 
құжатқа 
дыбыс 
орнатуды 
меңгере алады. 

 
бірлесіп  жұмыс  істей  отырып,  пікірлерін 
ортаға салады. 

 
диалогтік  оқыту  арқылы  логикалық 
ойлауы дамиды 
Қолданылатын модульдер: 

 
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер 

 
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 

 
Оқыту  үшін  бағалау  және  оқу  үшін 
бағалау 

 
Оқыту мен оқуда АКт пайдалану 
 
Сабақ 
уақы-
ты 
Кезең, оның 
мазмұны 
Мұғалімнің 
іс-әрекеті 
Оқушының 
іс-әрекеті 
Оқыту 
үшін 
бағалау, 
оқу үшін 
бағалау 
Ресурстар 
 
 
 
 
5 мин 
Кіріспе 
«Ыстық 
алақан» 
Мақсаты: 
тұлға аралық 
қарым*қатынас 
орнату. 
Топқа бөліну 
«Кофеттер» ар-
қылы оқушы-
ларды екі топқа 
бөлу. Топқа ат 
қою және топ 
басшыларын 
сайлауын 
ұсынамын. 
Шаттық шеңберге тұрып 
, оқушылар бір- біріне 
жылы лебіз айтып бір-
бірінің қолдарынан 
ұстауын сұраймын. 
 
 
 
 
 
Оқушылардың топқа 
орналасуын қадағалап 
отырады. 
Ыстық алақан 
жылуын 
сезінеді , 
достық қарым -
қатынасты 
байқайды. 
Оқушылар 
таңдаған 
конфеттері 
бойынша топқа 
блөініп 
отырады. 
Топқа ат 
қояды. Топ 
басшысын 
сайлайды.. 
Ауызша 
мадақта
у 
«Жарайс
ыңдар!» 
 
 
 
 
 
«Тамаш
а» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кәмпиттер 

 
 
 
159 
     
 
 
 
 
 
 
 
 
5 мин 
Тұсаукесер 
 
«Insert» 
кестесі 
Мақсаты: 
Тақырыптың 
түсіну деңгейін 
арттыруға және 
талқылау 
дағдыларын 
дамытуға қол 
жеткізу. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Білемін  Білмеймін  Білгім 
келеді 
 
 
 
 
Сұрақ- жауап 
1.
 
Калькулятор 
қолданбасының 
атқаратын қызметі? 
2.
 
Қалькулятордың 
түрлері 
3.
 
Блокнот 
қолданбасының 
атқаратын қызметі? 
4.
 
Блокнот қолданбасын 
қалай іске қосамыз? 
5.
 
Блокнот 
қолданбасында қаріп 
пішінін, өлшемін, түрін. 
әлпетін қалай өзгертеміз? 
6.
 
Блокнот 
қолданбасында 
құжаттарды сақтау, ашу 
әрекеттері қалай 
орындалады? 
 
 
 
 
 
 
 
Алған 
білімдерін 
ортаға салып 
талқылау. 
 
 
 
 
 
 
 
Смайлик 
арқылы 
бағалау 
 
 
 
 
 
 
 
 
Смайлик 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
20 мин 
Негізгі бөлім 
Сабақтың 
тақырыбы мен 
мақсатымен 
таныстыру 
 
Қызығушылықт
ы ояту 
 
 
«Венн 
диаграммасы» 
әдісі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мақсаты:тақыр
ыптық -
мазмұндық 
талдау жасау 
 
 
Сабақтың тақырыбын 
дәптерлеріне жазуды 
ұсынамын. 
 
Оқушыларға экранда 
қандай фотобейнені 
көріп тұрғандарын 
айтып, мазмұнын ашу. 
 
Лазерлік Әмбебап 
 
 
 
 
 
 
Постерге жазып 
қорғауды ұсынамын 
 
1.Фонограф 
бағдарлама-сын 
іске қосу 
 
А) модем 
2.Фонограф 
бағдарламасы-
мен жұмыс 
істеуге қажет 
құрал 
Ә) Іске 
қосу- 
Барлық 
програм-
малар- 
Стандарт-
ты- 
Звукоза-
Оқушылар 
дәптерлеріне 
сабақтың 
тақырыбын 
жазады. 
 
Фотобейненің 
мазмұнын 
ашып , 
мазмұны 
жайлы ойларын 
ортаға салу. 
 
 
 
Салыстыру 
арқылы Венн 
диаграммасына 
түсіру. 
 
 
Сәйкестігін 
тауып тақтаға 
жазу. 
 
 
 
 
 
«Тамаша» 
 
 
 
 
 
Бірін-бірі 
бағалау 
«Басбарма
қ» 
 
 
 
 
«Жарай-
сыңдар» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дәптер 
 
 
 
 
 
Слайд 
 
Венн диаграммасы
ШАҒЫЛУ                                СЫНУ 
 
 
Постер, 
маркер 
 
 
 
 
 
 
 
Белсенді 
тақта,  
қалам 
 
 
 
 

 
     
 
160 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сәйкестігін табу 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Практикалық 
тапсырма 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сергіту сәті: 
«Қара жорға» 
Мақсаты: 
ойларын және 
дене шүшелерін 
сергіту 
пись 
3.Фонограф 
бағдарламасы 
өзінің файлда-
рына қандай 
кеңейту мен-
шіктейді 
 
 
Б) тышқан 
4.Бір уақытта 
музыка тыңдап 
басқа қолдан-
баларда жұмыс 
жасау 
 
 
В) WAV 
5.Тышқанның 
ағылшынша 
атауы 
Г) басқа 
қолданба-
мен жұмыс 
жасауға 
болады. 
6.Ғаламтор 
желісіне шығу 
үшін қажет 
құрал 
Д) 
микрофон 
 
1.
 
Дыбыс жазу 
программасын іске 
қосыңдар. Дыбыс 
қаттылығы 
индикаторында 
микрофонның дыбыс 
қаттылығының деңгейі 
көрінуі керек. 
2.
 
Жазуды бастау 
батырмасын басыңдар. 
«Мен дыбыспен жұмыс 
істеуді үйренудемін» 
деген сөздерді жазыңдар. 
3.
 
Жазуды тоқтату 
батырмасын шертіңдер. 
Сақтау терезесіндегі 
файлдың тұрпатына 
назар аударыңдар. 
4.
 
Программаны 
жабыңдар. Файлды 
сақтағыларың келе ме 
деген сұрақ пайда 
болады. Дыбысты өз 
бумаларыңда сынау 
деген атаумен сақтаңдар. 
Ортаға шығып сергіту 
сәтін орындауды 
ұсынамын 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тәжірибелік 
жұмысты 
компьютерде 
орындайды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Қара жорға» 
биінің 
қимылдарын 
жасау 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Компьютер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Қара 
жорға» әні 
10 мин 
 
 
 
 
Қорытынды 
«АӘБВ» әдісі 
Мақсаты
тақырыпты 
талдау, алған 
Жауаптың төрт нұсқасы 
бар сұрақтар қоямын 
 
Өзін өзі бағалауды және 
топ басшыларының 
Оқушылар дұрыс 
жауапқа сәйкес 
келетін карточ-
каларын көрсетуі 
керек. Оқушылар 
 
 
 
Өте 
жақсы. 
 
Кеспе 
қағаздары 
 
 

 
 
 
161 
     
 
 
 
 
2 мин 
 
 
 
 
 
 
2 мин 
білімдерін 
жүйелеу 
 
 
 
Бағалау 

 
 
 
Рефлексия 
бағалауын ұсынамын 
 
 
Бүгінгі сабақта алған 
әсерлерін кері байланыс 
парағына жазуларын 
сұраймын. 
өзін-өзі бағалай-
ды және топ бас-
шысы топ мүше-
сі қаншалықты 
жауап бергенін 
бағалау. Оқушы-
лар сабақта ал-
ған ісерлерін -
кері байланыс 
парағына -
жазады. 
Бағалау 
парағы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бағалау 
парағы 
 
 
 
Кері 
байланыс 
парағы. 
1 мин 
 
Үйге тапсырма 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет