Н. К. Кибатаева педагогика ғылымының



Pdf көрінісі
бет17/22
Дата19.01.2017
өлшемі4,54 Mb.
#2235
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Өтілу барысы: 
Құрметті 
ұстаздар, 
оқушылар, 
қонақтар!  Бүгін  біздің  сыныбымызда  «Мың 
бір  мақал,  жүз  бір  жұмбақ»  ойыны  өткелі 
тұр.  Бұл  сайысқа  екі  топ  қатысады:  1. 
«Қыран» тобы. 2. «Сұңқар» тобы. 

 
 
 
123 
     
 
Құрметті  ұстаздар  сіздердің  іштеріңіз-
ден  әділ  қазыларды  сайлап  алсақ.  Алдымен 
мақал-мәтел  дегеніміз  не?  Қысқаша  тоқта-
лып өтсек: 
Мақал-мәтел  –  ата  бабамыздан  қалған 
өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болған-
мен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, 
құны артып, қымбат қазынаға айналып келе-
ді.  Мақал-мәтел  тәрбиелік  мәні  зор,  рухани 
байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел 
айырмашылығын  түсіндіріп  өткім  келіп 
отыр.  Мысалы:  Мақалда  қорытынды,  тұжы-
рымды  түйін  айтылады.  Айтылар  ой  нақты 
толық  жеткізіледі.  Мысалы:  «Ер  жігіт  елі 
үшін  туады,  елі  үшін  өледі»  деген  мақалда 
елді  қорғау,  жерді  қорғау  нағыз  жігіттің  ісі 
екендігі айтылып тұр. Ал, мәтелде ой тікелей 
білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.  
Мысалы:  «Көппен  көрген  ұлы  той». 
Мұнда  не  көрсең  де  халықпен  бірге  көр,  өз 
басыңның  ғана  қамын  ойлама  деген  сөз 
тұспалдап  айтылып  тұр.  Біздің  мақсатымыз, 
оқушының  білімге  деген  құштарлығын, 
ізденімпаздығын,  оқу  деңгейін  және  ойын 
нақты  дұрыс  жеткізуге,  тапқыр  сөйлеуге 
салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. 
Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық. 
1-тур:  «Кім  көп  біледі?»Қатысушы 
топтар  мақал  –  мәтел  айтудан  жарысады.(1 
минут  уақыт  беріледі,  сол  уақыттың  ішінде 
топтар  қанша  мақал  айтса,  ұпай  саны  да 
соған қарап қойылады) 
2-тур: Мақал – сөздің мәйегі 
(тақтада  мақал-мәтелдің  басы  беріледі, 
қатысушы топтар мақалды жалғастырады) 
1.  Жақсы  кісі  байқап  сөйлер,  …(жаман  кісі 
шайқап сөйлер) 
2. Бас кеспек болса да, ... ( тіл кеспек жоқ) 
3.  Балапан  ұяда  не  көрсе  …  (ұшқанда  соны 
іледі) 
4.  Өнер  —  ағып  жатқан  бұлақ,  …(Білім  – 
жанып тұрған шырақ) 
5.  Жақсының  аты  өлмейді  …(Ғалымның 
хаты өлмейді) 
6. Көз жетпеген жерге, …(сөз жетеді) 
7.  Отыз  тістен  шыққан  сөз,  …(отыз  рулы 
елге тарайды) 
8. Дұшпаны көптер сақтана жүреді, …(Досы 
көптер мақтана біледі) 
9. Жалған достан …(жау артық) 
10. Өнерлінің қолы алтын, …(өлеңшінің сөзі 
алтын) 
11.  Еңбек  етсең  ерінбей,  …(тояды  қарның 
тіленбей) 
12. Отан үшін күрес — …(елге тиген үлес) 
3 – тур: Кім тапқыр? 
-  Ал  балалар,  мен  Сіздерге  жұмбақ 
айтамын.  Жұмбақ  деген  алақанды  жұмудан, 
яғни  қолдың  ішінде  бір  нәрсені  жасырып, 
жұмып  тұрып,  соны  тап  дегеннен  шыққан. 
Жұмбақ  жасырғанда  айтылар  нәрсені  ойда 
бүгіп  қалып,  соған  ұқсас  нәрселерге  теңеп, 
тұспалдап сипаттап айтады. Мысалы: 
Тұрғанмен жырақ өзі, 
Таусылмайтын шырақ көзі (Күн) 
Шарты:  Мұғалім  жұмбақ  жасырады, 
жауабын  айту  керек,  сол  жұмбақтың 
жауабын тауып айтқан соң, жауабына сәйкес 
мақал айту керек. 
Жұмбақ: 
1 Аузы бейне шалғы орақ, 
Шөп емес, бірақ мал орады. (қасқыр) 
Қасқырды  қанша  бақсаңда  орманға 
қарап ұлиды 
2. Жұмбақ: 
Жайған жастық сөгілді, 
Аппақ мамық төгілді. (Қар) 
Мақал: Қалауын тапса қар жанар. 
3. Жұмбақ: 
Аспаннан домалап, 
Көп моншақ төгілді. 
Бусанып жон алап, 
Терледі керілді. (жаңбыр) 
Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады 
4. Жұмбақ 
Білімнің дәнін тереді, 
Балаға тәлім береді (ұстаз) 
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы. 
5. Жұмбақ: 
Өзімнен өзгенің бәрін көремін. (Көз) 
Мақал: Көз қорқақ, қол батыр. 
6. Жұмбақ: 
Сылдырдан 
қорқады, 
шошынып 
жортады. (Қоян) 
Мақал:  Қоянды  қамыс,  ерді  намыс 
өлтіреді. 
4-тур: Даналық ойдан дән ізде 
Шарты:  Топтар  сандарды  таңдау 
арқылы  өздері  мағынасын  түсіндіретін 
мақал-мәтелді таңдап, талдайды. 
1-ұяшық: Апама жездем сай. 20 
2-ұяшық: Тасты жерде егін болмас, 
Текті бала тегін болмас. 30 

 
     
 
124 
3-ұяшық:  Азға  қанағат  етпеген,  көптен  құр 
қалар.40 
4-ұяшық: Жалған достан жау артық. 10 
5 тур: «Тапқыр болсаң шешіп көр» Әр 
топ  өздері  дайындап  келген  жұмбақтарын 
жасырады. Әр қайсысы 3 жұмбақтан 
6-тур: «Біз білмейтін бір мақал» 
(Топтар 
күнделікті 
өмірде 
қолданылмайтын  мақал-мәтелдерді  айтып 
жарнамалайды) 
1. Қараңғыда тапқаныңды ханға берме, 
Жарықта тапқаныңды жанға берме. 
Мағынасы: 
еңбекпен 
тапқаныңды 
орынсыз шашпа. 
2. Кісі болар баланың кісіменен ісі бар
Кісі  болмас  баланың  болып  келер  іші 
тар. 
Мағынасы:  болашақта  жақсы  азамат 
болатын 
бала 
кішкентайынан 
көпшіл, 
кеңпейіл болып келеді. 
3. Өзін-өзі сыйлаған ер бақытты, 
Өзін-өзі билеген ел бақытты. 
Мағынасы: Адам әуелі өз қадірін білсе 
ғана ел мен жер қадірін біле алады. 
4. Шын ер жеңсе, тасымас, 
Жеңілсе жасымас. 
Мағынасы: Қандай жағдай болса да, өз-
өзіңді сабырлы ұстап үйрен. 
Осымен сайысымыз аяқталды. 
Сөз кезегі қазылар алқасында. 
Жеңген топты марапаттау. 
Қорытынды. 
 
 
ТІЛ ТАЛАПКЕРІ  
 
Жайлханова А.Ж., 
Мұғалжар ауданы Еңбек негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
Мақсаты:  Жалпы  орта  білім  беретін 
мектеп  оқушыларының  өз  еліне,  туған 
жеріне, 
тіліне 
деген 
құрмет 
сезімін 
қалыптастыру. 
Еліміздің 
тәуелсіздігін 
сақтауға,  қазақ  тілінің  мәртебесін  көтеру, 
оқушылардың  тез  ойланып,  жауапты  жүйелі 
түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету. 
Жүргізуші:  -  Армысыздар,  құрметті 
ұстаздар  мен  оқушылар!  Бүгінгі  «Тіл 
талапкері»  атты  сыныптан  тыс  шарамызға 
қош келдіңіздер! 
Туған тілім –тірлігімнің айғағы, 
Тілім барда айтылар сыр ойдағы. 
Өссе тілім, мен де бірге өсемін, 
Өшсе  тілім,  мен  де  бірге  өшемін,-
демекші, тіл - өте маңызды құрал. 
Тілін  білмеген,  түбін  білмейді.  Ондай 
адам күлдіремін деп күйдіреді, сүйсіндіремін 
деп  сүріндіреді,  білдіремін  деп  бүлдіреді. 
Қуантамын  деп  қуартады,  келтіремін  деп 
кетіреді,  жұбатамын  деп  жылатады.  (Ғабит 
Мүсірепов) 
Тіл  болмаса  адам  өз  ойын  біреуге 
жеткізе 
алмас 
еді.Өткен 
тарихымыз,халқымыздың  әдет-  ғұрыптары, 
дәстүрлері  бізге  ана  тіліміз  арқылы 
жетеді.Қазақ  тілі  өте  бай,  әрі  көркем 
тілдердің  бірі.  ҚР-ның  мемлекеттік  тілі  - 
қазақ  тілі.  Мемлекеттік  тілді  меңгеру-ҚР-
ның  азаматының  парызы.  –  демекші  тілдер 
күніне  байланысты  он  күндігімізде  бүгінгі 
өтілейін  деп  жатқан  «Тіл  талапкері»атты 
сыныптан  тыс  шарамызды  ашық  деп 
жариялаймын. 
Қазір 
сіздердің 
алдыңызға 
«Тіл 
талапкері»  атты  интелектуалдық  шоудың 
қатысушыларын 
шақырамыз.Қошемет 
етіңіздер!  Алдарыңызда  «Ұлан»,  «Қыран» 
тобы. (Қатысушылар өздерін таныстырады.)  
Әділқазылармен танысу... 
Бүгінгі сайыс алты асудан тұрады. 
І тур Таныстыру 
ІІ тур Бәйге  
ІІІ тур Мақал – мәтелдер сайысы  
ІV тур Дода  
V тур Көкпар 
VІ тур Жорға 
І тур. Таныстыру 
Бұл  турда  «Ұлан»,  «Қыран»  тобы 
өздерін таныстырады. 
ІІ тур. Бәйге 
Ойында  барлықтарыңа  сәттілік  тілей 
отырып  ,  1  тур  Бәйгені  бастаймыз.  
Бастамас  бұрын  ойынның  шартын  мұқият 
тыңданыздар.Бұл  турда  алдарыңызға  ақ 
парақ таратылады. Тест сұрақтары оқылады, 

 
 
 
125 
     
 
дұрыс  деп  есептеген  жауапты  ақ  параққа 
жазасыздар.Жауап  беріп  болғаннан  кейін 
мұғалім  әрбір  дұрыс  жауапқа  1  ұпайдан 
береді.  
Қыран тобына 
Сұрақтар 
1. Тұрмыс-салт жырларын ата 
А) Жар-жар 
Б) Беташар  
С) Бата-тілек 
Д) Барлық жауап дұрыс 
2. Жатыс септігінің жалғауларын ата.  
А) -да, -де, -та, -те, -нда, -нде 
Б) -ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е 
С) –ды, -ді, -ты, -ті, -ны, -ні, -н 
Д)-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің 
3.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?  
А) 5 
Б) 9  
С) 2 
Д) 8  
4. Ақ киімді денелі, ақ сақалды, 
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. 
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, 
Басқан жері сықырлап келіп қалды деген 
өлең жолдарының авторы кім?  
А) Әбу Сәрсенбаев  
Б) Абай Құнанбайұлы  
С) Мағжан Жұмабаев  
Д) Ахмет Байтұрсынұлы 
5.  Сан  есімнің  неше  мағыналық  тобы 
бар?  
А) 5 
Б) 9 
С) 2 
Д) 6 
Ұлан тобына 
1. Шоқан – сүйген жарымыз, 
Сұңқарым ұшты ұядан.  
Жігіттің гүлі – нарымыз. 
Сүйген жарым бүгінде  
Ажалга тоқтау бола алмай. 
Өтті кетті дүниеден 
Сарқылды  қолда  барымыз  өлең  жолдары 
тұрмыс-салт жырларының қай жанры болып 
табылады?  
А) сынсу  
Б) көңіл айту  
C) жоқтау  
Д) шешендік сөз.  
2.Асан  қайғы  бабамыз  қай  ғасырда  өмір 
сүрген?  
А) 15 
Б) 13  
С) 18 
Д) 17  
3.  Өкпесі  қара  қазандай  –  тұрақты 
тіркесінің мағынасы қандай?  
А) ренжімеу  
Б) реніші таудай  
С) реніші жоқ  
Д) ренішін айтпау.  
4. Төрт қандай буынды сөз? 
А) бітеу 
Б) тұйық  
С) ашық 
Д) жалаң  
5. Белгісіздік есімдігі қайсысы?  
А) мен, сен, сіз, ол 
Б) бұл, осы, сонау, мынау 
С)ешкім, ешқайда, ешбіреу 
Д) біреу, бірдеме, қайсыбір, әлдекім 
Әділқазылар  1  тур  бойынша  бағаларын 
айтады. 
Жүргізуші : 
ІІІ  тур.  Мақал  –мәтел  сайысы. 
Бұл  турда  ойыншылар  кезекпентіл  туралы 
мақал-мәтелдерді 
айтып 
жарысады.Екі 
топтан  да  әрбір  оқушы  кезекпен  тілге 
байланысты мақал-мәтел айтуы тиіс. Кім-кім 
тоқтап  қалса,  келесі  ойыншыға  кезек 
келеді.Кім  қанша  мақал  айтса,  сонша  ұпай 
алады.Әр топ қанша мақал –мәтел айтқанына 
байланысты  бағаланады.  Әр  жауап  үшін  5 
ұпайдан беріледі.  
Жүргізуші: 
Келесі 
ІV 
тур 
«Дода»деп 
аталады.Мұнда  бізде  10.20.30  ұпайы  бар 
ұяшықтар 
берілген. 
Әрқайсысында 

сұрақтан.  Оқушылар  ұяшықтарды  өздері 
таңдап алады. Сұрақтар ұпайдың өсуіне орай 
қиындатылып  отырады.  Бірінші  болып 
ұяшықты ұпайды көп жинаған топ таңдайды. 
Егер  ойыншы  сұраққа  жауап  бере  алмаса, 
басқа 
ойыншылардың 
жауап 
беруге 
мүмкіндіктері бар. 
«Қазақ тілі» пәні 
10 ұпай 
1. Анық сөзін қандай тұрақты тіркеспен 
ауыстырып  айтуға  болады? (Тайға  таңба 
басқандай) 
2.  Қазақ  тілінде  сын  есімнің  түрленуі 
деп 
нені 
атаймыз? (Сын 
есімнің 
шырайларын) 

 
     
 
126 
3.  Қазіргі  өмір  талабына  қойылатын 
тілдер. (Қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі) 
20 ұпай  
1.  Қазақ  тілінде  неше  сөз  табы  бар, 
оларды ата? (9, зат есім, сын есім, сан есім, 
етістік,  есімдік,  үстеу,  одағай,  шылау, 
еліктеу сөз)  
2.  «Азуы  алты  қарыс»  тұрақты 
тіркесінің мағынасын табыңыз? (Қаһарлы)  
3.  Сұраулы  шылауларды  ата.(  Ма,  ме, 
ба, бе, па, пе, ше) 
30 ұпай  
1.  Қазақ  тілінің  морфология  саласы 
нені зерттеді? (Сөз құрамын зерттейді) 
2.  Қазақ  тіл  білімінің  зерттейтін  неше 
саласы 
бар? 
(Фонетика, 
лексика, 
грамматика) 
3.  «Көз  шырымын  алу»  тұрақты 
тіркесінің мағынасын табыңыз? (Ұйықтау) 
«Қазақ әдебиеті» пәні 
10 ұпай  
1. Абайдың қара сөздері неше бөлімнен 
тұрады? (45) 
2.  Махамбет  Өтемісұлының  өлеңдерін 
ата. (Тарланым, Қызғыш құс)  
3.  Абайдың  «Ғылым  таппай  мақтанба» 
өлеңінің авторы кім? (Абай Құнанбайұлы) 
20 ұпай  
1. Абайдың қара сөздері неше бөлімнен 
тұрады? (45)  
2.  «Аққудың  айырылуы»  поэмасының 
авторы кім? (С.Сейфуллин)  
3.  Абай  Құнанбайұлы  қай  жылдар 
аралығында өмір сүрген? (1845-1904ж) 
30 ұпай  
1.  Абайдың  «Ғылым  таппай  мақтанба» 
өлеңінің авторы кім? (Абай Құнанбайұлы) 
2.  Абай  Құнанбайұлы  қай  жылдар 
аралығында өмір сүрген? (1845-1904ж) 
3.  Қызғыш  құс  өлеңінің  авторы  кім? 
(Махамбет Өтемісұлы) 
Осы  турды  қорытындылау.  Ұпайы  аз 
екі ойыншы ойыннан шығады. 
V тур. Көкпар.  
Жүргізуші:  Ойынның  шарты  былай: 
«Түркістан»сөзінен  неғұрлым 
көп 
сөз 
құрастыру 
керек. 
Әріптер 
екі 
рет 
қайталанбайды. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі. 
Көкпар  турының  ойыншыларының  жазған 
сөздерін  оқытқызып  ұпайы  аз  оқушы 
ойыннан шығады. 
 
VІ тур. Жорға. 
Жүргізуші:  Келесі  тур  соңгы  тур 
«Жорға»  деп  аталады.Бұл  турдың  шарты 
былай.  Әрбір  топқа  15  сұрақтан  қойылады. 
Әрбір  дұрыс  жауапқа  10  ұпай  беріледі.Екі 
ойыншы  шығады.  Ұпайы  көп  ойыншы 
бастайды. (Кезекпен жауап береді.) 
«Ұлан» тобына 
1.Бір жылда неше ай бар? (12)  
2.қазақ тілінде неше септік бар? (7)  
3.Көмектес  септіктің  неше  жалгауы 
бар, ата? (-Мен, -бен, -пен ) 
4.ҚР-ның валютасы? (Теңге)  
5.ҚР-ның Ата Заңы күні ? (30 тамыз)  
6.Қазақ  халқының  ұлттық  музыкалық 
аспабы. (Домбыра)  
7.Ақмола 
облысының 
орталыгы? 
(Көкшетау)  
8.Жалгаудың  неше  түрі  бар,оларды 
ата? (4, көптік, септік, тәуелдік, жіктік)  
9.Ұйқас,  жыр,  роман  терминдері  қай 
ғылым саласында қолданылады? (Әдебиет)  
10.  Кішкентай  сөзінің  диалектісі? 
(Біттей) 
11.  .Мұғалім  сөзінің  синонимдері. 
(Оқытушы, ұстаз).  
12.  Сілесі  қату  –тұрақты  сөз  тіркесінің 
магынасы қандай. (Шаршау) 
13. Жиі-сөзінің антонимін ата. (Сирек)  
14.Мақалды 
жалгастыр: 
«Көппен 
көрген ....» (Ұлы той) 
15.Жазушы  Мұқановтың  есімі  кім? 
(Сәбит). 
«Қыран»тобына 
1.Алғашқы  рет  мектеп  ашқан  кім? 
(Ы.Алтынсарин) 
2.Қазақтың 
батыр 
қыздары 
кім? 
(Әлия,Мәншүк)  
3.Қазақтың  үш  биін  ата.  (Әйтеке,Төле 
би, Қазыбек би) 
4.Фонетика нені зерттейді? (Дыбыс) 
5. Мақалды аяқта. «Тіл тас жарады, тас 
жармаса... (Бас жарады) 
6.Қазіргі  заман  талабына  қойылатын  3 
тіл. (Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) 
7. 
Қорамсақ 
қандай 
сөз:архаизм.,неологизм.,  диалект  сөз  ... 
(Архаизм) 
8.  Бас  еспек  болсада,...  мақалды 
аяқтаңыз (Тіл кеспек жоқ) 
9. Пунктуация сөзі қазақ тілінде қандай 
магына береді?(Нүкте) 

 
 
 
127 
     
 
10.  Дифтонг  дыбыстарды  ата.  (Я  –  иа. 
Ю – иу) 
11. Қазақ тілінде неше әріп бар?(42) 
12.  «Тырық»,  «көтерем»  диалекті-
лерінің  әдеби  тілдегі  баламасын  табыңыз. 
(Арық) 
13.  Антоним  дегеніміз  не?  (Бір-біріне 
қарама-қарсы сөздер) 
14.  Историзм  сөздерге  мысал  келтір? 
(Көп 
қолданыла 
бермейтін 
сөдер. 
Мысалы: хан, патша, болыс, уәзір) 
15.  Сөйлем  айтылу  мақсатына  қарай 
нешеге бөлінеді? (Хабарлы, лепті, сұраулы, 
бұйрықты) 
Жүргізуші: Өзге тілдің бәрін біл.  
Өз  тіліңді  құрметте  –  деп  бүгінгі  «Тіл 
талапкері» 
атты 
интеллектуалды 
шоу 
аяқталды.  Жеңімпаз  болған  ойыншыларды 
құттықтаймыз.  Биік  белестерден  көріне 
беріңіздер! Қош сау болыңыздар! 
 
 
КӨЗ-ОПТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ.КӨЗДІҢ КӨРУ КЕМІСТІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТҮЗЕТУ 
ӘДІСТЕРІ.ОПТИКАЛЫҚ АСПАПТАР 
 
Жанаманов Н.Т., 
Шалқар қаласы Сарықамыс негізі мектебінің физика пәні мұғалімі 
 
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға көз, көздің 
құрылысы,  оптикалық  құралдар  туралы 
түсіндіру. 
Міндеттері:  а)  білімділік:  Оқушыларға  оп-
тикалық құралдар туралы түсінік беру, олар-
дың  маңызын  ашу,оптикалық  аспаптардың 
түрлерімен таныстыру, құрылысын түсіну.  
б)  ой-өрісін  дамытушылық:  Жаңа  білімді 
өздігінен меңгерту. Оқушылардың өзіндік із-
деніспен  жұмыс  істеу  қабілетін  дамыту,  өз 
көзқарасын дәлелдей алатын іскерлік дағды-
ларын,  шығармашылық  ойлау  қабілетін 
арттыру. 
в)  тәрбиелік:  Жауапкершілікті  сезіне  оты-
рып  жұмыс  жасауға,  өз  жолдасының  пікірін 
тыңдауға  тәрбиелеу.Оқушылардың  ғылымға 
деген  қызығушылығын  арттыру,оптикалық 
құралдарды дұрыс ұғымды пайдалануға, пай-
далану  барысында  қауіпсіздік-техникасын 
сақтауға, пайдасын түсінуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: аралас 
Сабақтың  өткізілу  әдістері:  түсіндіру, 
жазбаша 
Сабақтың көрнекілігі: телескоп, фотоаппа-
рат, көзілдірік, лупа, плакаттар 
Сабақтың барысы: 
1.  Ұйымдастыру  кезеңі:  Оқушылардың 
сабаққа  қатысуын  тексеру,  дәрісхананың 
тазалығы,  сабаққа  дайындығына  назар 
аудару. 
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып 
бойынша оқушылардың білімін тексеру 
Жауабын сәйкестендір. 
 
Жауабын сәйкестендір 
 
1  Жұқа линзаның формуласы 
т  dsin

 = k

 
2  Линзаның оптикалық күші 
и  Біртекті ортада жарық түзу сызықпен 
таралады 
3  Дифракциялық тордың формуласы 
О 
F
f
d
1
1
1


 
4  Жарықтың түзусызықты таралу заңы 
к 

 түсу бұрышы 

 шағылу бұрышына тең 
5  Жарықтың шағылу заңы 
а 

 = 2 k 
2

 
6  Интерференцияның максимум шарты 
п 
D = 
F
1
 
 
 
 

 
     
 
128 
Сұрақтар: 
1. Линза дегеніміз не? 
2. Линзаның қандай түрлерін білесіңдер? 
3. Линзаның бас оптикалық осі деген не? 
4.  Линзаның  оптикалық  центрі  қай  жерде 
орналасады? 
5. Линзаның бас фокусы деп нені айтады? 
6. Линзаның фокустық қашықтығы деген не? 
7.  «Линзаның  оптикалық  күші»  деп  нені 
айтады? Оның бірлігі не? 
8.  Линзаның  көмегімен  әртүрлі  кескіндер 
қалай алынады? 
9.  Жұқа  линзаның  формуласы  қандай 
шамаларды байланыстырады? 
10. «Линзаның сызықтық үлкейтуі» дегеніміз 
не? 
3.  Сабақтың  жаңа  тақырыбын  ха-
барлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақ-
тың  тақырыбы  мен  мақсаты  хабарланып, 
тақырып тақтаға жазылады. 
4. Жаңа сабақ 
Оптикалық  аспаптар  –  құрамында 
оптикалық үлкейткіш линзалар бар аспаптар. 
Оптикалық 
аспаптарға 
оптиметрлер, 
өлшеуіш  микроскоптар,оптикаторлар  және 
т.б. жатады. 
Оптикалық күш - оптикалық жүйенің 
сындыру әсерін сипаттайтын шама. Ауадағы 
оптикалық  жүйе  үшін  Оптикалық  күш  Д 
=1дптр мүнда Ғ – жүйенің фокустық қашық-
тығы,  м,  ал  Д  диоптриямен  көрсетіледі. 
Жинақтау  линзаларының  Оптикалық  күш  – 
оң,  ал  шашырату  линзаларының  Оптикалық 
күш – теріс болады. 
Оптика-механикалық  өлшеу  аспап-
тары  -  әртүрлі  бүйымдарды  жоғары  дәлдік-
пен  өлшеуге  арналған  аспаптар.  Сондықтан 
олар  өнеркәсіпте  кеңінен  таралған.  Оптика-
механикалық өлшеу аспаптары механикалық 
бастиектерге  қарағанда  өлшеу  шегі  кең, 
цифрлық есептеуі  бар көрсеткіш қалқаны  да 
болуы мүмкін.  
Қажетіне 
қарай 
оларды 
өндіріс 
процестерін  автоматты  түрде  басқаруда 
қолдануға  болады.  Оптика  механикалық  өл-
шеу  аспаптары  түйіспелі  (оптиметрлер, 
үзындықөлшер,  өлшеу  машиналары)  және 
түйіспесіз 
(микроскоптар, 
проекторлар) 
түрлері болады. 
Проекциялық  аппарат  линза  арқылы 
нәрселердің  шын  кескінін  алу  оптика 
техникасында  кең  қолданылады.  Экранда 
нәрсенің  үлкейтілген  шын  кескінін  алуға 
арналған 
опткиалық 
аспаптарды 
проекциялық  аспаптар  немесе  аппараттар 
дейді.  
Құрылысы 
бірдей 
покециялық 
аппараттар  бар  (диапроектор,  кинопроектор, 
фотоүлкейткіш  және  т.б.).  Оларда  кескіні 
алынатын  нәрсені  фокус  пен  екі  еселенген 
фокустық 
қашықтыққа 
қойын 
жарық 
түсіреді. 
Сонда 
экранда 
нәрсенің 
үлкейтілген, шын кескіні пайда болады. 
5.Бекіту сұрақтары: 
1. Оптикалық аспаптарды атаңдар 
2. Бұл аспаптардың негізгі бөлігі не? 
3. Оптикалық аспаптар қандай мақсатта 
пайдаланылады? 
4.  Неліктен  көз  физиканың  оптика 
бөлімінде қарастырылады? 
5. Көзді қалай қорғау керек? 
Эксперименттік есептер: 
№1.  Фокустық  қашықтығы  5  см 
линзаны  алыңдар  да,  линзаны  экраннан 
10см,  ал  жарық  көзін  5см  аралыққа 
орналастырыңдар.  Экранда  анық  кескін 
пайда  болғанша  жарық  көзін  жылжыта 
отырып  тиісті  есептеулер  жүргізіңдер. 
Нәтижесін  белгілі  фокустық  қашықтықпен 
салыстырыңдар. 
№2.  Фокустық  қашықтығы  белгісіз 
линзаны  пайдаланып,  экранда  анық  кескін 
шығарып  алыңдар,  есептеулер  жүргізу 
арқылы  линзаның  фокустық  қашықтығын 
анықтаңдар. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет