6 – зертханалық жҧмыс
Фолин әдісімен адреналиннің мӛлшерін анықтау
Әдістің принципі. Әдіс адреналиннің стандарт және зерттелетін ертінділерінің Фолин реактивімен әрекеттескендегі
кӛк түсін ӛзара салыстыруға негізделген. Фолин реактивінің құрамына фосфор-вольфрам және фосфор-молибден
тұздары кіреді. Олар фенолдар және полифенолдармен әрекеттесіп тотықсызданадыда, кӛк түсті комплексті қосылыс
түзеді.
Жұмыстың мақсаты. Студенттерді колориметрия әдісімен таныстыру.
Реактивтер мен құралдар
1.Адреналиннің стандарт ертіндісі (4 мг адреналинді 100 мл суда ерітеді).
2. 10 % -ті Nа2СО3 ертіндісі
3. Фолин реактиві
4. Фотоэлектроколориметр (ФЭК)
Жұмысты орындау тәртібі
Екі нӛмірленген қүрғақ пробирка алып, оның біреуіне 1 мл адреналиннің стандарт ертіндісін, ал екіншісіне 1 мл
тәжірибелік ертіндіні құяды. Содан кейін екеуіне де 4 мл 10%-ті натрий карбонатының (Nа2СО3) жаңа дайындалған
ертіндісін және 0,5 мл Фолин реактивін құяды.
Пробиркаларды шайқап, оларды бӛлме температурасында 5 мин қалдырады. Одан кейін екі пробиркаға да 4,5 мл 10 %
-ті натрий карбонатының ертіндісін косып, пробиркадағы сүйықты жақсылап араластырып, әлектроколориметрдің
кызыл жарық фильтрін пайдаланып, екі ертіндінің кӛк бояуының канықтығын /экстинкциясын/аныктайды.
Есептеу :
Кх = Кс
Ех / Ес , мұнда:
Кх және Кс - адреналиннің тәжірибелік және стандарт ертінділеріндегі концентрациясы /мӛлшері/;
Ех - тӛкірибелік ертіндінің экстинкциясы;
Ес - стандарт ертіндісінің экстинкциясы.
Қосымша нұсқау
1. 10% -ті Nа2СО3 ертіндісі міндетті түрде жаңа дайындалған болу керек.
2. «Гормондар» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Фолин реактивін дайындау
Колбаға 100 г натрий вольфраматын, 20 г фосфор-молибден қышқылын алып, оған 50 мл 85 % -ті фосфор
қышқылының ертіндісін және 750 мл су құяды. Колбаның аузын сумен салкындатылатын кері суытқыш пен
байланысқан тығынмен жауып, 10 сағат кайнатады. Салқындағаннан кейін реактивтің кӛлемін 1 л дейін су мен
жеткізеді.
Өз бетінше дайындалуға арналған тапсырма
Дәріс конспектісі бойынша «Гормондар» тақырыбына дайындалып келу.
7 – зертханалық жҧмыс
Лактозаны (сҥт қантын) рефрактометрия әдісімен анықтау
Жұмыстың мақсаты.Студенттерді лактозаны анықтау әдісімен және рефрактометр приборымен таныстыру.
Әдістің принціпі. Сүттің сары суын бӛліп алып, оның сыну кӛрсеткішін анықтайды. Тәжірибені тұрақты
температурада жүргізеді.
Реактивтер мен құралдар
Рефрактометр.
4% -ті кальций хлоридінің ертіндісі.
Су моншасы.
Пробиркалар - 2 дана.
5 мл пипетка.
Воронка.
Сүзгі қағаз.
Жұмысты орындау тәртібі
1. Пробиркаға 5 мл сүт құйып, оған 5-6 тамшы 4%-ті кальций хлоридінің ертіндісін қосады.
2. Пробирканы жақсылап шайқап, 10 мин су моншасындағы қайнап жатқан суға салып қояды.
3. Уақыт ӛткеннен кейін пробирканы судан алып, суытуға бӛлме температурасында қалдырады.
4. Сүт сары суын құрғақ сүзгіш қағаз арқылы сүзеді.
5. Сүзілген сүт сары суының 2-3 тамшысын рефрактометрдің тӛменгі призмасына тамызып, оны призма бетіне
тегістеп жаяды.
6. Жоғарғы призманы түсіріп шкала бойынша сыну кӛрсеткішін анықтайды.
7. Сыну кӛрсеткіші бойынша таблицадан лактозаның проценттік мӛлшерін анықтайды.
Қосымша нұсқау.
1. Сүзіліп алынған сүт сары суында тұнба болмауға тиіс.
2. «Кӛмірсулар және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетінше дайындалуға арналған тапсырма
Оқулық және дәріс конспектісі бойынша «Көмірсулар» тақырыбына дайындалып келу.
Проблемалық сұрақтар
Әртүрлі ауыл шаруашылық малдарының сүтіндегі лактоза мӛлшері қандай?
Лактозаның мал тӛлдері үшін қандай маңызы бар?
8 – зертханалық жҧмыс
Қандағы глюкозаны Сомоджи әдісімен анықтау
Жұмыстың мақсаты. Студенттерді қанның құрамындағы глюкозаны анықтау әдісімен таныстыру.
Әдістің принціпі. Глюкозаны анықтау әдісі оның сілтілік ортада күкірт қышқыл мыстың әсерінен тотығуына
негізделген. Пайда болған мыс оксиді /I/ йодпен қайта тотығады да, ал йодтың қалған мӛлшері гипосульфидпен
титрленеді.
Реактивтер мен құралдар
1. ZnSO4 5%-ті ертіндісі.
5. 0,005н натрий гипосульфиті.
2. 0,3н натрий гидроксидінің ертіндісі.
6. 1 % крахмал ертіндісі (индикатор).
3. Сомоджи реактиві, 1 л ертіндісінің қүрамы:
а) күкірт қышқыл мыс - 8 г
б) кӛмірқышқыл натрий - 30 г
7. Пробиркалар, микробюретка.
в) сегнет тұзы - 30 г
г) калий йодиді - 5 г
д) натрий гидроксиді - 40 мл 1н ертінді
е) күкірт қышқыл натрий /сусыз/ -.180 г
4. 2н күкірт қышқыл ертіндісі.
Жұмысты орындау тәртібі
0,5 мл қанға 7,5 мл дистилденген су, 1 мл 0,3н NаОН және 1 мл цинк сульфатын құйып сұйылтады. Қоспаны мұқият
араластырып, тұнбаға түскен белокты сүзіп алады.
5 мл тұнық сүзіндіге 5 мл Сомоджи реактивін «қант» пробиркасында араластырып, 15 мин су моншасында
қыздырады. Пробиркадағы ерітінді суығаннан кейін 2,5 мл 2н күкірт қышқылын құйып араластырады да, 0,005н
гипосульфит ертіндісімен титрлейді. Екінші «қант» пробиркасына сүзіндінің орнына 5 мл су алып тәжірйбені қатар
жүргізеді. Титрлеу айырмашылығы арқылы калибрлеу графигінен қанның құрамындағы глюкозаның
концентрациясын анықтайды.
Қосымша нұсқау
1. Ертіндіні қышқылдандыру үшін күкірт қышқылын жедел құйып араластыру қажет.
2. «Кӛмірсулар және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма
Оқулық және дәріс конспектісі бойынша «Кӛмірсулардың қортылуы және сіңуі» тақырыбына дайындалып келу.
Проблемалық сұрақтар
1.
Күйіс қайыратын жануарлардың қанының құрамында глюкоза неліктен аз?
2.
Қан құрамындағы кӛмірсулар мӛлшері қалай реттеледі?
9 – зертханалық жҧмыс
Майдағы йод санын маргошес әдісімен анықтау
Әдістің принціпі. Майдағы йод саны - 100 г майға қосылатын йодтың мӛлшері (г), майдың қанықпағандық дәрежесін
кӛрсетеді. Йод санын анықтау тәсілі ғалогендердің май құрамындағы қанықпаған қышқылдармен қосылу реакциясына
негізделген.
Реактивтер мен құралдар
Май, этанол, 5% -ті йодтың спирттегі ертіндісі, 1% -ті крахмал ертіндісі, натрий гипосульфитнің 0,1н ертіндісі
(Na2S2O3), 300 мл қақпақты колбалар - 2 дана, бюретка, 200 мл цилиндр, 10 мл пипеткалар - 2 дана, су моншасы,
таразы.
Жұмыстың орындалу тәртібі
300 мл колбада 0,10-0,12 г майды 10 мл этил спиртінде еріту үшін су моншасына салып қыздырады. Екінші колбаға
тек 10 мл этил спиртін құйып тәжірибені қатар жүргізеді. Екі колбаға да 5 мл 5 % йодтың спирттегі ертіндісі мен 200
мл жылы су /20-30°С/ құйып, араластырады да, 5 мин колбаның аузын қақпақпен жауып қояды. Екі колбадағы йодтың
артық мӛлшерін 0,1н гипосульфит ертіндісімен титрлейді. Индикатор ретінде 10-12 тамшы 1% крахмал ертіндісін
пайдаланады. Титрлеуді ертіндінің кӛк түсі жойылғанға дейін жүргізед. Майдагы йод санын мына формула бойынша
анықтайды
х = (а - в)
0,0127
І00/c;
мұнда:
х - майдағы йод саны;
а - бос тәжірибеге (майсыз) кеткен гипосульфит мӛлшері;
в - маймен жүргізілген тәжірибеге кеткен гипосульфит мӛлшері;
с - майдың салмағы (г мӛлшерімен);
0,0127 - 1 мл 0,1н гипосульфит ертіндісіне сәйкес йод мӛлшері.
Қосымша нұсқау
1. Майдың толық еруін қадағалау қажет.
2. Йод пен суды қосқаннан кейін қоспаны мұқият араластырады.
3. Титрлеуді асықпай, мұқият жүргізу керек.
4. «Липидтер және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма
1. Майдың және май құрамына кіретін қышқылдврдың формуласын жазу.
2. Үшолеин мен йодтың әрекеттесу реакциясының теңдеуін жаз.
Проблемалық сұрақтар
1. Майдағы йод санының оның биологиялық қасиеттеріне қандай әсері бар?
2. Йод санының анықтаудың қажеттілігі қандай?
10 – зертханалық жҧмыс
Белокты диализ арқылы тазарту
Жұмыстың мақсаты. Студенттерді белоктардың физика-химиялық қасиеттерімен және диализ әдістерімен
таныстыру.
Әдістің принципі. Диализ әдісі жартылай ӛткізетін қабықшаның молекулалық массасы аз қосылыстарды кішкентай
кӛзшелерден ӛткізіп, ал молекулалық массасы үлкен косылыстарды ӛткізбеуіне байланысты. Диализ әдісі арқылы
белоктардың ертіндісін оларға араласқан түздардан, углеводтардан және т.б. молекулалық массасы тӛмен
қосылыстардан тазартады.
Реактивтер мен құралдар
1. NаCl қосылған белок ертіндісі.
6. Целлофан қағаздары.
2. 0,5% -ті АgNО3 ертіндісі.
7. Стакан.
3. 10% -ті НNО3 ертіндісі.
8. Шыны таяқша.
4. 1% -ті СuSO4 ертіндісі.
9. Пробирка.
5. 10% -ті NаОН ертіндісі.
Жұмысты орындау тәртібі
NaCl араласқан 5 мл белок ертіндісін целлофан қалтаға құйып, дистилденген су кұйылған стаканға батырады. Диализ
бӛлме температурасында 20-30 минут жүргізеді. Диализ барысында дистилденген сумен Сl- ионына және белокқа
сапалық реакция жасау керек. Диализ біткеннен кейін осы сапалық реакцияларды целлофандағы белокпен және
стакандағы сумен жасайды.
а ) СІ- ионына сапалық реакция. Екі пробирка алып, біріншісіне 1-2 мл белок ертіндісін целлофан қалтадан, екінші
пробиркаға 1-2 мл стакандағы судан құяды. Екеуіне де 2-3 тамшы AgNO
3
ерітіндісін қосады. Не пайда болады? Неге
олай?
б) Биурет реакциясы арқылы белокты анықтау. Бірінші пробиркаға 1-2 мл целлофан қалтадағы белок ертіндісін,
екінші пробиркаға диализ жүрген стакандағы судан 1-2 мл құяды. Екі пробиркаға да 1-2 мл NaОН ертіндісін және 3-5
тамшы СuSО
4
ертіндісін қосады. Не байқалады? Неліктен?
Қосымша нұсқау
1. Целлофан қалтаға белок ертіндісін құйған кезде, осы қалтаның сыртына белок құйылып кетпегенін байқау керек.
2. «Белоктар және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма
Оқулық пен лекция конспектісін пайдалана отырып «Белок» тақырыбына әзірлену керек.
11 – зертханалық жҧмыс
Қан сарысуындағы жалпы белокты рефрактометриялық әдіспен анықтау
Жұмыстың мақсаты. Рефрактометрия әдісі әртүрлі заттардың жарық сәулелерін сындыру қасиетіне негізделген.
Ертінділердің сыну кӛрсеткіші еріген заттың табиғатына, оның концентрациясын және температураға байланысты.
Қан сарысуында сыну кӛрсеткіші қан құрамындағы басқа заттардан гӛрі белоктардың мӛлшеріне байланысты болады.
Реактивтер мен құралдар
1. Рефрактометр
2. Пипеткалар /тамшылық/
3. Сүзгіш қағаз
4. Дәке
5. Қан сарысуы
Жұмысты орындау тәртібі
1. Рефрактометрдің жоғарғы призмасын ашып, спиртке малынған дәкемен призмаларды тазартады.
2. Астыңғы призмаға пипеткамен бірнеше тамшы дистилденген суды призманың түгел бетіне жағады.
3. Жоғарғы призманы жабады.
4. Оқулярдың жоғарғы әйнекшесіндегі түзулердің қиылысына, сол жақ винтті бұрай отырып, ақ-қара шекарасын
әкеліп орналастырады.
5. Оқулярдың тӛменгі әйнекшесінен шкала бойынша сыну кӛрсеткішін анықтайды. Судың сыну кӛрсеткіші 20°С-да
1,333-ке тең болады.
6. Анықтап болғаннан кейін рефрактометрдің жоғарғы призмасын ашып, призмаларды дәке тампонымен тазартады.
7. Призмаға бірнеше тамшы қан сарысуын тамызып, жоғарыда айтылғандай сыну кӛрсеткішін анықтайды.
8. Сыну кӛрсеткіші бойынша таблица арқылы қан сарысуындағы белок мӛлшерін анықтайды.
Қосымша нұсқау
1. Ертінді тамшыларын тамызған кезде призма бетіне дақ түсірмеу керек (сызықтар).
2. Жұмыс аяқталғаннан кеиін призмаларды дистилденген сумен жуып дәкемен сүртіп тазартады.
3. «Белоктар және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма
Оқулықтан және дәріс конспектісінен «Белоктар», «Қанның химиялық құрамы» атты тақырыптарға дайындалып келу.
12 – зертханалық жҧмыс
Сҥттегі казеинді анықтау
Жұмыстың мақсаты. Белоктардың сандық құрамын анықтау әдісімен танысу.
Әдістің принціпі. Казейнді анықтау тәсілі сүтті 0,1н NaOH ертіндісмен нейтралдауға негізделген. Казеиннің мӛлшері
0,1н NaОН ертіндісінің казеинмен және казеинсіз жүргізілген тәжірибеге кеткен мӛлшерінің айырмасы бойынша
анықталады.
Реактивтер мен құралдар
0,04н Н2SО4 ертіндісі, 0,1н NаОН ертіндісі, фенолфталеиннің 2% ертіндісі, 200 мл Эрленмейер колбасы - 2 дана, 100
мл мензурка - 1 дана, . 100 мл ӛлшем колба - 1 дана, 20 мл Мор пипеткасы - 1 дана, воронка, 50 мл бюретка - 2 дана,
Бунзен штативі /сақинасымен/, сүзгіш қағаз.
Жұмысты орындау тәртібі
Екі колбаның әрқайсысына 20 мл сүт және 80 мл дистилденген су құйып, колбаның біреуіне бюреткадан 0,04н күкірт
қышқылының ертіндісін казеин тұнбасы түскенге дейін тамшылатып қосады (шамамен 23-28 мл).
Екінші колбаға да күкірт кышкылының сондай мӛлшерін құяды. Бірінші колбадагы казеин түнбасының бетіндегі
сұйықты 100 мл ӛлшем колбаға сүзіп бӛліп алады. Казеин тұнбасы бар екінші колбаға 2-3 тамшы фенолфталеин
косып, 0,1н NаОН ертіндісімен солғын күлгін түске дейін титрлейді.
100 мл ӛлшем кодбадағы фильтратты Эрленмейер колбасына ауыстырып, 2-3 тамшы фенолфталеин қосып 0,1н NaOH
ертіндісімен солғын қызғылт түске дейін титрлейді.
Есептеу мына формула боиынша нүргізіледі;
х = (a - bc/100)
0,55
х - казеиннің сүттегі проценттік мӛлшері;
а - казеин тұнбасы бар колбаға кеткен 0,1н NаОН ертіндісінің мӛлшері;
в - 100 мл филтратты титрлеуге кеткен 0,1н NаОН ертіндісінің мӛлшері;
с - бірінші колбадағы сұйықтың жалпы мӛлшері;
0,55 - казеин мӛлшерін процентке айналдыру коэффициенті.
Қосымша нұсқау
1. 0,04н күкірт кышқылын косқан кезде сүті бар колбаны қатты шайқамайды.
2. Сүзгіш қағаздарды сүзу кезінде қолмен ұстамау керек.
3. «Белоктар және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма
Оқулықтан «Амин қышқылдары мен белоктар» тарауын кайталау
Проблемалық сұрақтар
1. Казеиннің биологиялық қасиеттері.
2. Сүтке Н2SО4 ертіндісін қосқан кезде казеиннің тұнбаға түсуі неліктен?
13 – зертханалық жҧмыс
Қан сарысуындағы иммуноглобулиндерді анықтау
Жұмыстың принципі. Әдіс Кункелдің эффектісіне негізделген, себебі цинк сульфатының қанның сарысуындағы
иммуноглобулиндер әрекеттесуі нәтижесінде сұйық лайланады.
Лайдың дәрежесі иммуноглобулиндердің мӛлшеріне тікелей байланысты.
Реактивтер мен құралдар
1. Дистилденген сумен 40 есе сұйытылған қанның сары суы (рН - 7.0-7,8)
2. Цинк сульфатының ертіндісі (50 мг ZnSO4
7Н2О 1 л рН-ы 7,0-7,3 дистилденген суда ерітеді).
3. ФЭК.
4. Пробирка - 1 дана
5. Пипеткалар - 1 мл және 5 мл
Жұмысты орындау тәртібі
1 мл сұйытылған қанның сарысуына 5 мл цинк сульфатының ертіндісін құйып, жақсы араластырады да, 60 мин бӛлме
температурасында қалдырады. Уақыт ӛткен соң фотометрлейді /ФЭК-56М,540 нм/. Иммуноглобулин мӛлшерін
таблицаның кӛмегімен анықтайды.
Есептеу мысалы: ФЭК-тің кӛрсеткіш-0,230, ол иммуноглобулиннің 1,25 мг/мл тең. Демек, 1,25мг/мл х 40=50мг/мл.
Қосымша нұсқау
1. Қанды сұйылтатын және цинк сульфатын ерітетін дистилденген судың рН-ы 7,0-7,3 болуы керек.
2. «Белоктар және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма
Оқулықтан «Қанның белоктары» атты тақырыпқа дайындалып келу.
14 – зертханалық жҧмыс
Нуклеопротеидтер гидролизі
Жұмыстың мақсаты. Күрделі белок - ңуклеопротеидтердің химиялық кұрамын анықтау.
Жұмыстың принципі. Нуклеопротеидтердің құрамын анықтау үшін қышқылдық гидролиз жүргізеді. Жартылай
гидролиз барысында нуклеопротеидтер қарапайым белок және нуклеин қышқылдарына ыдырайды.
Нуклеопротеидтердің толық гидролизі нәтижесінде мына заттар түзіледі: 1). Полипептидтер мен амин қышқылдары;
2). Пурин және пиримидин негіздері; З). Кӛмірсулар (рибоза және дезоксирибоза); 4). Фосфор қышқылы. Гидролизат
құрамындағы заттарды сапалық реакциялармен ашады.
Реактивтер мен құралдар
Ашытқы (дрожжи), 5% Н2SО4 ертіндісі NаОН ертіндісі, 10% NaOH ертіндісі, 2 % CuSO4 ертіндісі, концентрлі
NН4ОН, 2% АgNО3 ертіндісі, фелинг сұйығы, молибден реактиві, лакмус қағазы, 100 мл колба, шыны түтікшелер (60
см), асбест тӛселген плитка, воронка.
Жұмысты орындау тәртібі
100 мл колбаға 0,5 г ашытқы салып, 20 мл 5% Н2SО4 ертіндісін құяды. Колбаның аузын ұзын шыны түтікшемен
жалғасқан тығынмен жауып 45 мин плиткада қайнатады. Колбадағы сұйық суығаннан кейін, оны сүзеді. Сүзіндімен
мына реакцияларды жүргізеді.
1. Белокты анықтау. 1 мл гидролизатқа сілтілік ортаға дейін (лакмус арқылы анықтайды) 10% NаОН ертіндісін және
бірнеше тамшы CuSO4 қосады. Ертіндінің кӛкшіл-күлгін тұске боялуы полипептидтерге байланысты.
2. Азотты негіздерді анықтау. 0,5 мл гидролизатка 3-4 тамшы аммиак ертіндісі мен 5-6 тамшы 2% АgNО3 қосады.
Азотты негіздерінің бар екенін қоспада біраз уақыт тұрғаннан кейін бозғылт түсті тұнба түсуі кӛрсетеді.
3. Көмірсуларды анықтау. 1 мл гидролизатқа 8-10 тамшы Фелинг сұйығын құйып, қайнағанға дейін қыздырады.
Кӛмірсулар-альдозалардың бар екенінін қызыл түсті мыс оксидінің /I/ тұнбаға түсуі кӛрсетеді.
4. Молибден тәжірибесімен фосфор қышқылын анықтау.
5 тамшы гидролизатқа 10 тамшы молибден реактивін косып қайнатқанда фосфор - молибден аммонийінің сары түсті
тұнбасы пайда болады.
12(NH4)2MoO4 + H3PO4 + 21HNO3
21(NH4)NO3 + (NH4)3РO4
12MoO4
6H2O + 6H2O
Қосымша нұсқау
1. Гидролизді жай қыздыру арқылы жүргізеді. Гидролизаттың шыны түтікшелерінен тасып кетпеуін қадағалау қажет.
2. «Нуклеин қышқылдары» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма
Оқулық және дәріс конспектісі бойынша «Нуклепротеидтер, нуклеин қышқылдары» тарауларына дайындалу.
Проблемалық сұрақтар
1. ДНҚ, химиялық құрамы, құрылысы және маңызы.
2. РНҚ-ның түрлері.құрылысы және маңызы
3. Нуклепротеидтердің гидролизінің схемасы.
15 – зертханалық жҧмыс
Қан сарысуындағы кальцийдің сандық мӛлшерін анықтау
Жұмыстың мақсаты. Қанды клиникалық зерттеу әдістерімен танысу.
Әдістің принципі. Қан сарысуында ерігіш тұз түрінде кездесетін кальцийді қымыздық қышқыл аммониймен тұнбаға
түсіреді.
СаСl2 + (NH4)2C2O4)
CaC2O4 + 2NH4Cl
Тұнбаға түскен қымыздық қышқыл кальцийді қымыздық қышқыл аммонийдің артық мӛлшерінен аммиак ертіндісімен
жуып, күкірт қышқылында ерітеді.
CaC2O4 + H2SO4
H2C2O4 + CaSO4
Бӛлініп шыққан кымыздық қышқылын 0,01н КМnО4 ертіндісімен тирлейді.
5H2C2O4 + 2КМnО4 + 3H2SO4
К2SO4 + 2МnSO4 + 8Н2О + 10СО2
Қымыздық қышқылын титрлеуге кеткен КМnО4 мӛлшері қан сарысуындағы кальцийдің мӛлшерін кӛрсетеді.
Реактивтер мен құралдар
Қымыздық қышқыл аммоний ((NH4)2C2O4) ертіндісі, қан сарысуы, 2% аммиактың судағы ертіндісі, 0,01н КМnО4
ертіндісі, центрифуға (1500 айн/мин), су моншасы, пипеткалар (2 мл, 1 мл, 5 мл), микробюреткалар (2 мл)м, шыны
таяқша.
Жұмысты орындау тәртібі
Центрифуға пробиркасына 2 мл дистилденген су, 2 мл кан сарысуын және 1 мл қымыздық қышқыл аммоний құйыгі,
араластырып 15 мин уақытқа қалдырады. Екінші пробиркаға кан сарысуы орнына 2 мл дистилденген су алып
салыстырмалы тәжірибені катар жүргізеді.
Пробиркаларды 5 мин 1500 айн/мин жылдамдықпен центрифуғада айналдырғанда, қан сарысуымен жүргізген
тәжірибеде тұнба пайда болады. Пробиркалардағы сұйықты тӛгіп, орнына 4 мл 2 % NH4ОН ертіндісін құяды да, 5 мин
центрифуғада айналдырады.
Аммиак ертіндісімен пробиркаларды 3 рет жуады. Әр жуғаннан кейін центрифуғада айналдырып, сұйыктықты тӛгіп
отырады. Соңғы рет жуғаннан кейін пробирканы сорғыш кағазбен құрғатады.
Екі пробиркаға да 2 мл 1 Н Н2SО4 ертіндісін құйып шыны таяқшамен араластырып, 2 мин қайнап тұрған суы бар
стаканға салып қояды.
Ертіндіні ыстық күйінде 0,0І Н КМпО4 қызғылт түске енгенше титрлейді.
Кальцийдің мӛлшерін формула бойынша есептейді.
х = (a-b) × 0,2×100/2 = мг % Са, мұнда,
а - қан сарысуымен жүргізілген тӛжірибеге кеткен КМпО4 кӛлемі /мл/
b - салыстырмалы тәжірибеге кеткен КМпО4 кӛлемі /мл/
Қосымша нұсқау
Қымыздық қышқыл калий тұнбасын жуған кезде тұнбаны жоғалтпау керек.
Проблемалық сұрақта
1. Кальций тұздарының орғанизмдегі биологиялық қасиеттері.
2. Кальций тұздарын реттеуге қатысатын витаминдер мен гормондар.
3. Кальций тұздары алмасуының патологиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |