Ірі қалаларда ауаның ластануы қауіпті шегіне жетті. Қалаға сырттан
қарағанда оның үстін түтінді тұман басып жатқанын көресің. Ол тұман газ
бен тозаңның араласуынан түзіледі. Содан келіп қаланың ауасы нашарлайды.
Ауа температурасын біршама көтереді. Қала ауасының құрамында су болады
да, ылғалды ауамен тыныс алу қиындайды.
Ауаның ластануы тіршілік етушілерге өте зиянды.
Өсімдіктердің
жапырағына қонған шаң оның тыныс алуын, суды буландыруын
баяулатады. Ормандағыдан гөрі қалада өсетін
ағаштар тіршілігі ерте
тоқтайды. Орманда 400 жыл жасайтын жөке ағашы, қала ауасында 50-80
жыл ғана өмір сүреді.
Жануарлар да, адамдар да ауа құрамына сәйкес газ қоспасымен
тыныс алуға үйренген.
Қоспаның құрамы өзгергенде, басқа газдар
араласқанда ағзаның тыныс алуы бұзылады. Сөйтіп, ол ауруға шалдығады.
Ауаға тарайтын кездейсоқ заттардың көбеюінен ауа қабаты өзін-өзі
тазарта алмайды. Оны қорғау қажет. Ол үшін арнайы шаралар жүзеге
асырылады. Зауыттарға тазартқыш қондырғылар орнатылады. Көліктерден
шығатын түтіннің жолына сүзгі қойылады.
Сұйық отын газбен
алмастырылады. Ауаны тазартудың ең тиімді жолы - көгалдандыру. Бұл аса
маңызды іске сіздер де қатыса аласыздар. Сіздің еккен әр ағашыңыз ауаны
тазартуға қосқан үлесіңіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: