Тапсырмалар орындау.
Ребусты шешіңіздер.
,
,,
(өзен)
Е
1.Сіздің тұрғылықты мекеніңізде қандай өзендер бар?
2.Сол өзеннің ағысы қандай?
3.Өзен суының ластанбауы үшін сіз қандай әрекеттер жасар едіңіз?
4.Өзіңіз білген өзен туралы
мәлімет жинап, сатылай кешенді талдап
жазыңыз.
V. Бекіту.
Үшінші кезең: Мақсаты: білім алушылар өтілген материал жайлы
ойтолғайды, пікірлеседі, талқылайды осы әрекеттер арқылы ізденеді,
зерттейді және шығармашылықпен өзіне
қажетті білімді құрастырады, өз
бағасын береді.
Шығармашылық жұмыс. Жеке жұмыс.
«Өзеннің пайдасы» тақырыбына эссе жазу.Суретін салуға да болады.
(6 сөйлемнен кем емес)
VI. Рефлексия.
VII.Бағалау. Өзін-өзі бағалайды.
VIII.Үйге тапсырма. Тақырыпқа байланысты мәліметтер іздеу. Суға
байланысты ырым-тыйым сөздер және мақал-мәтелдерді жинақтау.
6-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Ауа
Сабақтың мақсаты:
а) Тәрбиелік: Жұмбақтар және халық даналығы және түрлі
тапсырмалар
арқылы ауаның пайдасын, маңызын жете түсінуге, табиғатты аялауға баулу.
ә)Білімділік: Ауа және оның
қасиеттері туралы білім алып,
ең маңызды
түйіндерді сызбаларға салуға, өзбетінше жұмыс жасауға, ойын еркін жеткізе
білуге мүмкіндік беру.
б) Дамытушылық: Пікірталас, ойтолғау, шығармашылық жұмыстар және өз
ойын дәлелдеу қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.