Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет31/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   197
VI. Бекіту. 
Үшінші кезең: Бекіту. Мақсаты: білім алушылар өтілген материал жайлы 
ойтолғайды, пікірлеседі, талқылайды осы әрекеттер арқылы ізденеді, 
зерттейді және шығармашылықпен өзіне қажетті білімді құрастырады, өз 
бағасын береді. 
Шығармашылық тапсырма. Жеке орындайды.
 
1. «Жылқы - киелі жануар» тақырыбына шағын ойтолғау жазу (мақал-
мәтел, өлең құрастыруға да болады). 
2. Жоғарыда жазылған кез келген сөздегі дауысты дыбыстарға 
математикалық тісілмен дыбыстық мінездеме беріңіз. 
VII. Рефлексия.
VIII. Бағалау (Өзін-өзі бағалау). 
ІХ. Үйге тапсырма. 
7-сабақ. 
 
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстарға математикалық тәсілмен
дыбыстық мінездеме беру. 
Сабақтың мақсаты: 
а) Тәрбиелік: Мақал-мәтелдер арқылы оқушыларды ұлттық 
құндылықтарды бағалай, құрметтей білуге, еңбексүйгіштікке, адалдыққа 
баулу. 
ә) Білімділік: Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру 
арқылы 
олардың 
ұқсастықтарын, 
айырмашылықтарын, 
өзіндік
ерекшеліктерін саралап, терең түсінуге мүмкіндік тұрғызу. 


б) Дамытушылық: Алынған мақал-мәтелдерді негізге ала отырып, 
пікірталас, ойтолғау, шығармашылық жұмыстар атқаруға жағдай туғызу. 
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту. 
Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру 
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық 
Көрнекілігі: Тірек сызба.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта. 
Сабақтың кезеңдері: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау. 
Еңбекпенен, өрнекпенен 
Өнер ойға тоқылса, 
Жайнар көңіл, қайнар өмір 
Ар ілімі оқылса.
Шәкәрім Қ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет