Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


Дауыссыз дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме



Pdf көрінісі
бет34/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Дауыссыз дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме 
беру. 
а) Үн мен салдардың қатысына қарай үш дауыссыз дыбыстың біреуі- ол: к
қатаң дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбыс тек салдырдан тұрады. Біреуі– 
ол: б ұяң дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, үннен гөрі 


салдыр басым. Біреуі– ол: ң үнді дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты 
айтқанда, салдырдан гөрі үн басым. 
Ол былай өрнектеледі: 
1(к)қатаң +1(б)ұяң 
3 = ; 
1(ң)үнді
ә) Айтылу, жасалу тәсіліне қарай үш дауыссыз дыбыстың екеуі – олар: 
б,к шұғыл дауыссыздар.Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда дыбыстау 
мүшелері бір-біріне қатты соқтығысып, ауа кілт үзіліп, шұғыл шығады. 
Біреуі – ол: ң мұрын жолды дауыссызы. Себебі, бұл дыбысты айтқанда ауа 
мұрын арқылы шығады. Сөзде ызың, діріл және ауыз жолды дауыссыз 
дыбыстар жоқ.
Ол былай өрнектеледі: 
9(б,к) шұғыл +ызың 
3 = —————————————————————————— ;
діріл +ауыз жолды +1(ң)мұрын жолды 
б) Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай үш дауыссыз
дыбыстың біреуі - ол: б ерін дауыссызы. Біреуі- ол: к тіл ортасы 
дауыссызы. Біреуі – ол: ң тіл арты дауыссызы. Сөзде тіс, ерін мен тіс,тіл 
алды, тіл мен тіс, көмей дауыссызы жоқ. 
3∆=1(б) ерін ∆+1(к)тіл ортасы ∆ +1(ң) тіл арты
 
1-тапсырма. Жеке жұмыс. Көп нүктенің орнына п,
әріптерінің тиістісін қойып жазыңыз. 
То..., шала..., клу..., қалы..., шта..., кәуа..., кіта..., мекте... . 
Сөз соңындағы п әрпінің б болып естілу себептерін анықтайды. П,б 
дыбыстарының ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырыңыздар. 
2-тапсырма. Жұптық жұмыс. 
Өлеңді түсініп оқыңыздар. 
Менің күн тәртібім 
 
Қазір жасым сегізде, Енді ертеңгі сабаққа 
Көп ұйықтайтын ерке мен. Дайындалу – борышым. 
Ешкімге «тұр» дегізбей, Тойып алып тамаққа 
Қарғып тұрам, ертемен. Отырамын сол үшін. 
Мектептен соң - түскі асым, Кеште болар, күн батып 
Сосын – ойын далада. Теледидар бар тағы. 
Сосын – жұмыс, қысқасы, Ертегісін тыңдатып
Көмектесем мамама. Ол да өзіне тартады. 
Уақыт неткен тез еді, 


Болып қалар айлы түн. 
Дейді мамам: 
- Сен енді 
Жақсы жатып жайлы тұр! 
1.Сіздің күн тәртібіңіз қандай? 
2.Осылай әр күніңізге жоспар құрасыз ба? 
3.Еңбектену деген не? 
4.Жұптасып бір күндік жоспар құрыңыздар. 
5.Өлеңнің ішіндегі кез келген сөздегі дауыссыз дыбыстарға 
математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беріңіздер. (Қысқаша 
жазылым, айтылым, тыңдалым әрекеттері жүзеге асырылады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет