Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет37/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

ІІІ. Жаңа сабақ. 
Екінші кезең: Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты: дербес тұрғыда әрекеттер 
іске асады. 
Өлеңді түсініп оқып, көкейіңізге тоқыңыз. 
Білім ал 
 
Біле алмаса тылсым сырын ғаламның
Хайуаннан несі артық адамның?! 
Не нәрсенің табу үшін лажын 
Алдыменен оқып білген лазым. 
Әлем түні Күнмен ғана түрілген, 
Адам жаны жарық алар ілімнен! 
Білімсіз жан аттай алмас бір адым, 
Ата-ананың ақтай алмас мұратын! 
Шыңыраудай шындық сырын кім ұғар? – 
Ұғу үшін ілім ізде, білім ал! 
Хамза 
 
1.Өзбек ақыны не үшін білім алу керек дейді? 
2.Ал өзіңіз білімнің қажеттілігі неде деп ойлайсыз? 
 
ІV. Дәптермен жұмыс.
Кк әрпі мен дыбысын көркемдеп жазу. 
Кітап сөзін жазып, сөзге сөзсазындық талдау жасау. Оқыту формасы: 
ұжымдық. Жазылым бойынша тілдік материалды сатылай кешенді талдау 
жасау. (1-деңгей. Тілдік материалдарды толық жазылым бойынша 
сатылай кешенді талдау).
Үйретуші жазады, үйренуші жазады. Үйренуші жазғанын дауыстап 
айтады. 


Үлгі:
Кітап 
1. Бұл сөз айтылу,жасалу,жазылу жолдарына қарай аралас 
буынды сөз.Себебі,сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан,
жіңішке болып араласып келіп тұр. 
2. Бұл сөз: кі-тап болып екі буынға бөлінеді.Себебі, сөздің
құрамында екі дауысты дыбыстар бар. Кі буыны- ашық
буын. Себебі, буын дауыссыз дыбыстан басталып,дауысты
дыбысқа аяқталып тұр. -тап буыны – бітеу буын. Себебі, буын
дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр. 
3.Бұл сөз: 
Кі- болып бір жағдайда тасымалданады. Себебі, сөз екі 
тап буыннан тұр немесе сөз буын жігіне сәйкес 
тасымалданған.
4.Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты.Сөзге қосымша 
жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынына қарай ығысып
отырады. Сондықтан бұл сөзде екпін тап буынындағы а дауысты
дыбысына түсіп тұр.
х / 
Кітап 
5.Сөзде түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі жоқ. 
Себебі, бұл түбір сөз. 
6.Сөзде дыбыс үндестігі де жоқ. Себебі, түбір сөз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет