Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет59/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

 
Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ, 
деп, ер қайратына мін-дағы, өрге бас! 
М.Әуезов 
1-топ: Асты сызылған сөзге сөзсазындық талдау жасайды. «Тірек сызба» 
ойыны арқылы талдайды. (Оқушылар тірек сызба болып тұрады. 
Талдауды кезекпен жалғастырып талдайды). 
2-топ: 
Отаным сөзіндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарға 
математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме береді. «Арқан тарту» 
ойыны арқылы талдайды.
3-топ: Сол сөзге морфологиялық талдау жасайды. «Серпілген сауал» 
ойыны арқылы талдайды. (Бірінші оқушы талдаудың бірінші сатысын 
айтып болып, қолындағы допты кез келген оқушыға лақтырады. Ол келесі 
оқушыға лақтырып талдайды. Ойын дәл осылай жалғаса береді). 


3-тапсырма. Мақалды жалғастырып айтыңыздар. Мағынасын 
түсіндіріңіздер. 
 Кісі елінде сұлтан болғанша, 
.................................................
(Өз еліңде ұлтан бол) 
 Отансыз адам -
........................ (Ормансыз бұлбұл) 
 Сағынған елін аңсайды, (Сары-ала қаз көлін аңсайды) 
.........................................
 Ел іші - ........ (алтын бесік) 
 Туған жердің қадірін 
...................................... (Шетте жүрсең білесің) 
 Көппен көрген - ....... (ұлы той) 
Уақытқа талдау. Кез келген мақалды синтаксистік талдау жасайды. 
 
Ескерту: Өте жылдам - 3 мин. 
Жылдам - 5мин. 
Баяу - 7мин. 
Сергіту сәті. Қимылдармен көрсетеді. 
Отаным менің Қазақстан! 
Таулары қандай биік! 
Кѳлдері сондай терең! 
Алтын дәні жерден ѳніп, 
Кѳк аспанмен таласқан! 
4-тапсырма.Түрлі шығармашылық тапсырмалар беруге болады. 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет