ізденеді, зерттейді және шығармашылықпен
өзіне қажетті білімді
құрастырады, өз бағасын береді.
Шығармашылық тапсырма. Жеке жұмыс.
1. Қандай ырым-тыйым сөздерді білесіздер? Оның тәрбиелік мәні қандай?
2.Өз таңдауыңыз бойынша кез келген зат есімге қысқаша морфологиялық
талдау жасаңыз.
VII. Рефлексия. (Бүгінгі сабақ туралы өз ойын жазу).
VIII. Бағалау. (Өзін-өзі бағалайды).
ІХ. Үйге тапсырма.
14-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Өзіңді-өзің тексер!
Сабақтың мақсаты:
а) Тәрбиелік: Нақыл сөз, мақал-мәтелдер
арқылы оқушыларды ұлттық
құндылықтарды бағалай, құрметтей білуге,
адамгершілікке және
сауаттылыққа баулу.
ә) Білімділік: Өтілген тақырыптар бойынша білімдерін есепке алу.
б) Дамытушылық: Есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Алынған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді негізге ала отырып,
пікірталас, ойтолғау, шығармашылық жұмыстар атқаруға жағдай туғызу.
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту.
Сабақтың түрі: Білімді есепке алу сабағы.
Оқыту формалары: Жеке, дербес
тұрғыда орындау
Көрнекілігі: Тірек сызба,
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер.
Сабақтың кезеңдері:
Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түсті даламыз,
Қайырлы таң,балалар!
Күніміз сәтті өтсін!
Деңгейлік тапсырмалар: Дербес, жеке, жазбаша орындайды.
2-деңгей:
1. Тілдік бірліктерді жазылым бойынша символдар арқылы ықшамдау
принципімен өрнектеу.
2. Жат жазу.
3. Тестік тапсырмалар. Мысалы:
1). Толықтыру тесті 2). Сәйкестендіру тесті.
Достарыңызбен бөлісу: