Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет78/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   197
Үлгі:
Ананың сүюі
 1.Авторы - Ыбырай Алтынсарин (шын аты - Ибраһим,
1841-1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-
педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен 
жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы,
Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің
жағасынан топырақ бұйырған. 1850 ж. Орынбор шекара 
комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға
түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында
әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа
Жаңбыршыұлының хатшысы болады.
ХІХ ғасырда қазақ тілінде
Мектеп ашып, халықты сауаттандыру, ағарту саласын
қалыптастырады. Төл жазба әдебиетіміздің негізін
қалаушылардың бірі. Тұңғыш «Қазақ хрестоматиясының»
авторы.
2.Тақырып – бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл шығарма.
Әдеби шығарма дегеніміз – белгілі дәуірдегі қоғамдық
шындықтың сәулесі. Өлеңнің тақырыбы – Ананың балаға деген
шексіз махаббаты туралы.
3.Жанр түрі – поэзия (өлең). Өлең дегеніміз – белгілі өлшеммен


қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін
өрнекті сөз жүйесі. 
4.Идеясы – автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін
суреттегенде оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан
бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат-мүддесін, арманын білдіреді.
Өлеңнің идеясы – ананың балаға деген махаббатының шексіз
және құдіретті күшке ие екнін әсерлі етіп суреттеген.
5.Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. 4
шумақты. 
6.Тармақ – өлеңнің әр жолы, 16 тармақты. 
7.Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты. 
8.Буын саны – 11 буынды. 6-ауы ашық буынды, 5-еуі бітеу
буынды. 
9.Ұйқас – өлеңнің бітім, мазмұнымен тамырлас келіп, оған
ерекше саз, әуен беретін өлең тармақтарындағы сөздер үндестігі,
қара өлең ұйқасы. (а,а,б,а) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет