Жұптық жұмыс.
«Үзінді жайлы пікір» әдісі бойынша жұптар өздері
қалаған шумақты алып оған өз пікірлерін жазады.
Мысалы:
Үзінді
Пікір
Әже, сен бірге жүрсің, меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем,
Ақ кимешек астынан сені көрем.
Ақын
әжесіне
деген
сағыныш
сезімін
білдірген.
.....................................
Қосымша әдебиетпен жұмыс
Әженің ақылы
Әжесі үш
немересімен әңгімелесіп отырып, оларға кезекпен сұрақ
қойды.
Әжесі: Үйдің алтын қазығы кім? - деді.
Бірінші немересі былай жауап берді: Үйдің алтын қазығы - бала?
Әжесі: Жоқ балам, үйдің алтын қазығы - ана. Ана ақылды болса, бала да
дана болады. Ана тәрбиесі - қызға үлгі. Әке тәрбиесі ұлға үлгі.
Ана -
ақылшың, әке - қамқоршың,
ағаң - қорғаушың, інің - сүйенішің,
қарындасың - қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның жақыны
кем. Ананың мейірімі
- көзінде, ықыласы - көңілінде,
ақылы - сөзінде -
деді.
Әжесі: Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Екінші немересі былай деп жауап берді: Мейірімді әке.
Әжесі: Жоқ балам. Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек.
Жоқты бар, ашты тоқ ететін ана.
Анасыз бала ұйықтамайды,
қатықсыз айран ұйымайды.
Достарыңызбен бөлісу: