Егер бөлгіш 3-ке тең, ал бөлінгіш мына санға тең болса, бөліндінің
мәнінде екі цифр шығады:
А) 444 ә) 840 б) 448 в) 804 г) 408 ғ) 240
222 және 80 сандарына сатылай кешенді талдау жасаңыздар.
ҮІ. Рефлексия.
Сіздер бүгінгі сабақтан қандай жаңа білім алдыңыздар?
Қандай қызықты мағлұмат болды ?
Қай тапсырмада қиындық болды?
ҮІІ. Үйге тапсырма.
Бағалау. Әр оқушы өзін-өзі бағалайды.
«5» - 10-13 ұпай
«4» - 6-9 ұпай
«3» - 1-5 ұпай
13-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:
а) Тәрбиелік:. Топ мүшелері талқылауға қатынасып, бірлесе еңбектенуге,
шығармашылық
қарым-қатынас құруға, бірін-бірі үйретуге,
ортақ
шешімге келуге үйренеді.
ә) Білімділік: Өткен
тақырыптарды пысықтай отырып,
алған
білімдерімен есеп құрастыру мен шығаруға жағдай жасау.
б) Дамытушылық: Берілген мысал, тапсырмаларды
орындау арқылы
ойлау қабілетінің
дамуына жағдай жасалынады,
қорытынды жасауға
дағдыланады.
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық.
Көрнекілігі: Сызба,оқулық, дербес жұмысқа арналған карточкалар.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер.
Достарыңызбен бөлісу: