Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет140/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

4.Салыстыру. Құрлықтағы алып жануар-піл мен суда
тіршілік ететін сүтқоректі – китті салыстыру. 
4.1 Ұқсастығы: Дүниедегі ең үлкен сүтқоректі жануарлар; 
Екеуі де сүтқоректілер класына жатады; 
Екеуі де баласын тірі туып, оларды сүтпен
қоректендіреді. 
4.2 Айырмашылығы: Піл: Құрылықта мекендейді; 
Мүшелерінде: төрт аяқты жануар; 
Шөппен қоректенеді; 
Тұмсығы ұзын және мықты. 
Кит:Суда тіршілік етеді
Тілімше мұрттары және жүзетін
қанаты бар; 
Кішкентай теңіз жануарларымен
қоректенеді, қорегін тұтас жұтады. 
5. Маңызы. Жануарлардың пайдасы өте көп. Сиыр, қой, ешкі, 
жылқы, түйе – төрт түлік болып табылады.Олардан сүт, ет, 
аламыз. Олардың сүтінен түрлі тағамдар жасайды. Қымыз, 
шұбат – өте пайдалы ұлттық сусындар (жылқыдан қымыз, 
түйеден шұбат алынады). Жануарлардың терісі өте бағалы. 
Олардан түрлі киімдер жасайды. Түлкі, құндыздың терісінен 
тон, бас киім тігеді. Буйволдар менешкілер сияқты кейбір 
шөпқоректі жануарлар сүтті болғандықтан, олардың адамға 
пайдасы мол. Мәлін, ит көбінің терісі өте бағалы. 
6. Қорғау. Жойылу қаупі төнген жануарлар қатарына табиғи 
өлім мен адамдардың көп аулауы салдарынан саны азайып 
кеткен 
жануарларды 
жатқызамыз. 
Өнеркәсіптің 
және 
ауылшаруашылығының дамуына байланысты жабайы 
жануарлардың тіршілік ететін аймақтары күннен-күнге 
тарылып барады. Оларды қорғау үшін табиғи өмір сүру ортасы 
сақталуда. Адамның қорғауына мұқтаж жануарлар көп. 
Еліміздің «Қызыл кітабына» бұғы, киік, барыс қорғауға 
алынған. Құрып кету қаупі төнген жануарлар тізімінің басында 
африка және азия пілдері тұр. Киттер әсіресе көк киттер 


жолақты киттер де – жойылып кету қаупіне ұшыраған су 
сүтқоректілері. Жер бетінде қызыл қасқырдың, негізінен
ұрғашылары ғана қалғандықтан, қасқырдың бұл түрі 
жойылудың аз-ақ алдында. Табиғатты қорғау туралы заңды тек 
үлкендер ғана емес, балалар да сақтауы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет