үйрендім.
V. Жаңа матриал бойынша алған білімдерін зерделеу.
Сіз білесіз бе?:
1.Біздің мекенімізде тіршілік ететін қандай құстарды білесіздер? (торғай,
сауысқан, көкек, қараторғай, сары шымшық,қарлығаш, тоқылдақ, қарға,
суықторғай, тырна, алақанат сауысқан т.б.)
2.Біздің жақта қандай құстар қыстап қалады? Оларды біз қандай құстар
дейміз? (сары шымшық, қарға, торғай, суықторғай, тоқылдақ т.б. Қыстап
қалатын құстарды «отырықшы құстар» деп атаймыз).
3.Құстарға тән ортақ қасиет қандай? Ал айырмашылығы неде? (Барлығы да
ұшады, қанаты бар, тұмсығы бар, жұмыртқалайды; Айырмашылығы:
тұмсықтары, дене пішіні, түсі және дыбысы әртүрлі).
4.Құстарға қатысты болжау, ырым-тыйым сөздерді үлкендерден естігеніңіз
немесе оқып білгеніңіз бар ма? (Болжау: Егер торғайлар дыбыс шығармай
қонақтап отырса, қар жауады. Сауысқан шатыр астына тығылса боран
болады.Қарғалар топтасып қарқылдаса аяз болады. Аспанда ұшып жүріп
қарқылдаса қар жауады. Қаз немесе әтеш бір аяқтап тұрса, аяз болады.
Тырналар ерте көктемде ұшып келіп тырауласа, содан соң жер жыртуға
болады. тырналар төмен ұшса, арзаншылық болады.т.б. Құстың
жұмыртқасын жарма, бетіңе шұбар түседі. Құстың ұясын бұзба т.б.)
Тапсырмалар орындау.
«Ойын - ой ұштар»
1. Құпиялысөзді табыңыз.
(Тоқылдақ)
Құпиялысөздің кілті:
- Т - Қ -Л - А
- О -Ы - д - Қ
Жеке жұмыс. Құпиялысөзді анықтап, сол құс туралы мәлімет іздеу.Тірек
сызбаға салу.
Үлгі:
Тоқылдақ
1
.Анықтама.
Достарыңызбен бөлісу: