Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


Табиғаттағы су айналымы. Суды қорғау



Pdf көрінісі
бет154/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Табиғаттағы су айналымы. Суды қорғау. 
Судың тағы бір кереметі - оның су қабаты, ауа қабаты және құрлық 
қабаты арасында тынымсыз айналыста жүретіндігі. 
Күн сәулесінің әсерінен мұхиттар мен теңіздер бетінен жылма-жыл 450 
мың куб. Км мөлшерінде су буланады. Судың буы ауа мен жер ағыстарынан
шартарапқа таралады да, қоюлана келе бұлтқа айналып, одан жерге жаңбыр 
және қар болып жауады. Жауған сулар өзен арқылы дүниежүзілік мұхитқа 
құйылады, біразы топыраққа сіңіп, қалған су буы болып ұшып кетеді. Жер 
шарында үздіксіз су айналымы болып тұрады. 
Адам суды өз қажетіне және өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы үшін 
пайдаланады. Есептеулерге қарағанда, қаланың бір адамы алуан түрлі 
қажеттігін өтеу үшін тәулігіне 700литрге дейін таза суды тұтынады. 
Пайдаланылған су жуынды суға айналады. Ол - ластанған су. Олар 
канализация жүйесі арқылы ағын суларға, көлдерге, теңіздер мен мұхиттарға 
жіберіледі. Кейде топыраққа төгіледі. 
Суға құйылатын ластаушы заттар көп. Олар: өнеркәсіптің, шахтаның, кен
орындарының, мұнай өнеркәсібінің, теміржол және автомобиль көліктерінің 
т.б. жуындылары. Жуындылар арқылы суға тірі ағзалар, қатты, сұйық, еріген 
газ күйіндегі қалдықтар барады. Олардан судағы ұсақ ағзалар, өсімдіктер
балықтар қырылады немесе суға ауру таралады. Шаруашылыққа орны 
толмас аса үлкен зиян келтіреді. Сондықтан суды ластанудан сақтайтын, лас
суды тазартатын арнайы қондырғылар орнату қажеттігі туды. 


Тапсырмалар: 
1.Мәтінді оқып, не түсіндіңіздер? 
2.Сіздерді ойландырған жайт болды ма? 
3.Мәтін тірек сызбасын қалай сызуға болады?(Сатылай кешенді талдау тірек 
сызбасы). 
Олай болса, тірек сызбаны мәтіннің мазмұнына қарай бірге құрайық. 
1.Анықтама.
2.Тану. 
3.Қасиеті. 
4.Ерекшелігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет