Жер бетіндегі ауа тығыз және ауыр болады. Теңіз деңгейіндегі 1 куб.
метр ауаның массасы 0 градус температура кезінде 1кг 293грамға тең
болады. 12см биіктікте 310грамм ғана, ал 40км биіктікте не бары 4грамм
болады. Биіктеген сайын
ауаның тығыздығы ғана емес, сонымен қатар
температурасы да, ылғалдығы да өзгеріп кетеді.
Атмосфера 5 сфераға бөлінеді. Ең төменгі қабаты -
тропосфера. Онда
барлық ауа массасының 80% жынысы шоғырланған, сондықтан ол ең тығыз
қабат. Биіктігі - поюстерде 8км, экваторда 20км,
барлық су буы
тропосферада жинақталған. Ауа райының құбылыстары да дамиды. Жерге
таяу қабатта жергілікті климаттың негізгі ерекшеліктері байқалады. Жоғары
көтерілген сайын ауа температурасы төмендейді, жоғары шегінде -50
градустан - 60 градусқа жетеді. Келесі сфералары: стратосфера, мезосфера,
ионосфера және экзосфера. Тропосфера қабатында ғана тіршілік бар, ал
жоғарылаған сайын ауа өте сиректеп барады.
Атмосфера жерді күндіз күн сәулесінен қатты қыздырмайды, түнде өте
суытпайды.
Жерді метеориттерден сақтайды, олардың көбі жер бетіне
жетпей жойылып кетеді.
Қазіргі уақытта атмосфера бүкіл дүниежүзілік метеорологиялық
ұйымның басшылығымен зерттеледі. Бұл ұйымға көптеген елдер кіреді.
Автоматика , радио, электронды есептеуіш
машиналар секілді ең жаңа
құралдарды қолдана отырып, материалды жинау және өңдеу бағдарламасы
жасалады.
Жер
бетінде
метеорологиялық
станциялар
салынған.
Бақылаушылар
температураны, желдің бағыты мен жылдамдығын, бұлтты,
жауын-шашынды анықтайды.
Атмосфера қабаттарын радиозондтардың көмегімен зерттейді.
Метеорологиялық ракеталар 120км биіктікке дейін көтеріледі. Атмосфераны
400-500 км-ге дейін зерттейді. Ғарышкерлер бақылаулар жүргізеді. Жердің
жасанды серіктері 200км-ге дейін атмосфераның жай-күйін зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: