- шешу, дыбыстардың мәнін орнына қойып, баяндау жолдарын
түсінулеріне жағдай жасау.
б) Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау қабілеттерінің дамуына, алынған
нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді негізге ала отырып, пікірталас,
ойтолғау, шығармашылық жұмыстар атқаруға жағдай туғызу.
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық
Көрнекілігі: Тірек сызба, суреттер
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер.
Сабақтың кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау.
Сұрасаң, атам – қазақ, түбім – түрік,
Мойнына шу асаудың салған құрық.
Дәстүрін ел-жұртымның ардақтаймын,
Ежелгі ата-баба салтын құрып.
Қазақтың халық өлеңі
Бірінші кезең: Өткен материалдарды еске түсіру.
Мақсаты: жаңа білімді
бұрынғы
біліммен байланыстыра отырып, өтілетін материалды жеңіл,
ұғынықты меңгерту.
Тірек тапсырма: Суретпен жұмыс.
Сурет бойынша шағын әңгіме құрап,мәтінге ат қойыңыздар.
Кім? кімдер? не? нелер? – деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді
атаңыздар. (Сурет ұлттық салт-дәстүріміз «Тұсау кесер» туралы болады.
Тірек сөздер: Күрмеуіңді шешейін, тұсауыңды кесейін,
тақымыңды жаз,
қаз-қаз).
Ереже шығару: Зат есім дегеніміз – кім? не? кімдер? нелер? деген
сұрақтарға жауап беріп, заттың,
нәрсенің, құбылыстың, деректі, дерексіз
ұғымдардың атауын білдіретін сөз табы.
Достарыңызбен бөлісу: