Оқушыларды Ұбт мен ожсб-ға дайындаудың тиімді жолдары



бет1/10
Дата29.06.2023
өлшемі48,29 Kb.
#103795
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Оқушыларды ҰБТ мен ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді жолдары
Білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында 2004 жылдан бастап республикамызда Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі енгізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеу- жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттауының бір түрі.
Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң дамуы оқушыны сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда.
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапасын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ-ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi бес пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау. Бағдарлама – мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру -оқушының, меңгерту – мұғалiмнiң ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.
Бірыңғай тестілеу жүйесі елімізде жыл сайын жетілдіріліп келеді. Әр жылғы тест жүйесі мектепте біздің қалай оқытып жатқанымыз бен мектеп бітірушілердің нені талап ететіні арасындағы алшақтықты анықтап береді. Бұл жағдай әр мұғалімнен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін шебер меңгеруді талап етеді. Бүгінде тарихты оқытудағы басты мақсат дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды білетін, оларды өз Отаны- Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан-жақты жетілген, өзінің қоғамдағы орнын түсінетін азаматтарды қалыптастыру. Бұл міндеттің орындалуында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқарады. Міне, осы Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілгеннен бергі уақыт ішінде жылма-жыл оқушыларды физика пәнінен дайындап келемін. Оқушылар арасында тестіні жаттап алсақ болды деген теріс түсінікте қалыптасқан. Тест сұрақтарын үнемі жаттап алу, тестілеу кезінде жауаптардың бәрі дұрыс сияқты болып, оқушылардың шатасып қателікке жол беруіне әкеледі. Жаттау әдісі бойынша оқушы оқиғаның түп-тамырына назар аудармайды.
Әр мұғалімнің оқушыны дайындауда өзіндік әдіс-тәсілдері болады. Менде тестіге қатысты тәжірибеде көзім жеткен, күнделікті жүргізіп отырған жұмысым туралы, оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестіге дайындауда қолданатын әдіс-тәсілдеріммен ой бөлісіп, ортаға салғым келеді. 10-11 сынып оқушыларына алдымен ҰБТ-ға қалай дайындалу керек екендігі жөнінде түсінік беремін. Оларға мына жағдайларды қатаң есте сақтауларын талап етемін. 
1. Тақырыпты алдымен оқулықтан қарап шық.
2. Сабақты зейін қойып оқып, керекті жерлерін дәптерге түсір.
3. Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беруге тырыс.
4. Дайындық барысында мектепте не болмаса үйде сұрақ-жауап әдісін пайдалан.
5. Тест сұрақтарына дұрыс жауап беру үшін алдымен қате жауапты сызып таста.
Мектебімізде 11-класс оқушыларын ҰБТ-ға дайындау үшін оқу жылының басынан бастап әр пәнге қосымша сабақ кестесі бекітіледі. Қосымша сабақ- Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолы. Қосымша сабақтың мақсаты - оқушыларды сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ-ны жақсы тапсыруға ықпал ету. Қосымша сабақтың міндеттері - оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды еңбек сүйгіштік пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже - ҰБТ-да жоғарғы нәтиже көрсету. Күнделікті сабаққа қарағанда қосымша сабақтағы жұмыс түрі басқа материалдармен және басқа жолмен жүзеге асады. Қандай сабақ болмасын қазіргі заманғы жаңа оқыту технологиясын кеңінен пайдалануға болады. Мысалы: проблемалық оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту, ойын, тірек-сигналдары арқылы оқыту түрлерін көбірек пайдаланамын. Тестке дайындық барысында оқушыларға екі дәптер арнатамын. Бірінші дәптер тақырыптарды қайталауға, екінші дәптер тест жұмыстарына арналады. Әрбір тақырыптық , аралық бақылау және сынама тестілері алынғаннан кейін оқушылардың жұмыстарын тексеріп, қатемен жұмыс жүргіземін. Қатемен жұмыс жүргізу оқушыға жіберген қатесін нақтылап, есте сақтауына көмектеседі. Дәптердегі әрбір тест тапсырмалары орындалғаннан кейін сол күнгі алған балын жазып отырамын. Сабақ бекітілген жоспар бойынша өткізіледі. Онда көптеген жұмыс түрлері белгіленген. Әрбір сабақ сайын өтілген тапсырмалар бойынша сұрақ-жауап әдісін пайдаланамын. Ол үшін 7-11-сыныптардың оқулықтары бойынша сұрақтарды алдын-ала дайындап алдым. Дайындалған сұрақтарды оқушылардың қолына компьютермен көбейтіп беріп қойдым. Бұл сұрақтарға оқушы үйде өз бетімен дайындалады. Сұрақ-жауап әдісі бойынша сұрақты оқып, оқушылар дәптерге дұрыс жауабын жазып отырсада болады немесе ауызша жауап береді. Оқушылардың білімін бақылау үшін тест жүйесін қолданудың үлкен маңызы бар. Тест оқушылардың білімін анық көрсетеді. Тест жүргізу арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекеттері және есте сақтау қабілеттері артты. Тест тәсілдері оқушыларды ойландыратындай, қызықтыратындай болуы керек. Оқушыларды тестпен жұмыс істей білуге үйрету-мұғалімнің басты міндеті.Оқушыларды тестке дайындау барысында тапсырмаларды оқушының қиналмай жаттап, ұмытпаулары үшін тест тапсырмаларын мағынасына қарай іріктеп, жаттатуға болады.
ҰБТ -білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.
Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық – оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.
ҰБТ – ге қатысушылардың дайындығы үшін, мектепте комплекстік дайындық бағдарламасын жыл сайын оқу жылы басында құрып, сол бағдарлама негізінде жұмыстар жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет