Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет65/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық. 
Көрнекілігі: Суреттер. 
Пәнаралық байланыс:  
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта. 
 
Сабақтың кезеңдері: 
I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық (Интерактивті тақтада 
көрсетіледі)
- Қайсы бұлт сіздерге ұнайды? Неге? 
Бір-біріне тілек айтады. 
Сабаққа бағыттау. 
Білім алушыларды жігерлендіру. 
Жақсы болу - өзіңнен, 
Жаман болу - өзіңнен. 
Өзіңді өзің ая да, 
Өзің үйрен өзіңнен.
II. Үй тапсырмасын сұрау. Білім алушыларды шағын топтарға бөлу. 
(Мысалы, төрт топ) 
 1.Өлеңді поэзиялық талдап береді. (Айтылым, тыңдалым әрекеттері іске 
асырылады). 
2.Қосымша тапсырма, ақын Мағжан Жұмабаевтың кез келген өлеңін
поэзиялық талдап жазып келгендерін оқып береді. 
III. Өтілген тақырыпты пысықтау арқылы жаңа тақырыпқа жол 
сілтеу. 
Әр топтан екі баладан ортаға шығуын өтіну. Қима қағаздарға сұрақтар 
жазылған. Сол қима қағаздарды оқушылар біреуден алады. Астындағы 
сұраққа жауап береді.
Сұрақтар: 
1. «Үйретеді кім оған Ана тілін» өлеңін поэзиялық талдаудың бірінші 
сатысын айтып беріңіз. (Авторы туралы мәлімет) 
2. Өлеңнің бірінші және екінші шумағын мәнерлеп айтып беріңіз. 
3. Өлеңнің үшінші шумағынан жалғастырып айтыңыз. 
4. Өлеңнің төртінші шумағын айтыңыз. 
5. Өлеңнің бесінші шумағын айтыңыз. 
6. Екіншу сатысын талдап беріңіз. (тақырып)
7. Үшінші сатысын талдаңыз. 
8. Төртінші сатысын талдаңыз. 
Қима қағаздың екінші жағында әріптер жазылған, сол әріптерді ретімен 
қойсаңыздар бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады. 
Т 
У
 Ғ 
А
 Н Ж 
Е
 Р
Ой қозғау.

«Туған жер» дегенде көз алдарыңызға не елестейді? 

Туған жердің күні де, түні де ыстық дегенді қалай түсінесіздер? 


Демек, бүгінгі танысатын өлеңіміз Мағжан Жұмабаевтың «Туған 
жер» - деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет