Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет130/179
Дата23.09.2023
өлшемі1,92 Mb.
#109928
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   179
Байланысты:
133929 (1)

Ойшылдық

білімпаздық

келешекті
 
болжай
 
білушілік
.
Билер 
Күн мен Ай, Жұлдыз бен Көк аспан, Жер мен су, тау мен тас-
тың, жер бетінде қыбырлаған жәндіктердің, жануар, құстардың, 
қоршаған ортаның табиғатын түсініп, қасиеттерін біліп, ой 
қорытқан. Ғылымнан, білімнен хабардар болып, пайымды пі-
кірлер айтарда соларды салыстырмалы түрде пайдаланып, қа-
натты сөздерді ел жадында қалдырған. Әр мәселеде ой түюмен 
қатар келешекке де болжау жасаған. Нияз бидің өлер алдында 
балаларын жанына шақырып алып, Ақмола өңірінің Тілеулі ұр-
пақтарына тарлық ететінін, олардың Торғай өңіріне де барып 
қоныстануын, сол жақтың оларға жайлы болатынын өсиет етіп 
айтып кетуі, оның ойшылдығы, көріпкелдігі, келешекті болжай 
білетіндігі.
Мөңке би Аманұлының (1763-1836) кесім, шешім, билік, ше-
шендік сөздерінің ішінде халықтың болашағын болжап терме-
леген «Сары азамат» «Сардар бек» деп басталатын толғауы, 
«Ақырзаман болғанда» деп оның белгілерін дәл тауып айтуы – 
нағыз, әулие абыздарға тән ерекше көріпкелдігі мен көрегендігі. 
2007 жылы Балтабай Адамбаевтың құрастыруында «Ана тілі» 
баспасынан шыққан «Қазақтың шешендік сөздері» деген кітапта 
Нияз би Тілеуліұлы туралы былай деп жазылыпты: 
«Абылай ханның Кенжетай, Нияз деген екі биі болыпты, 
басқа он биі бұларды күндеп: «Кенжетай мен Нияз ханды қал-
жақтайды, ал, оларды хан жақтайды» деп мәтел қылып халыққа 
таратыпты. Мұны Абылай естіп бір күні күндеуші билерден: 
«Жердің құты, елдің құты, ауылдың құты, аймақтың құты не? – 
деп сұрапты. Билер шеше алмайды. Сөйтіп отырғанда Кенжетай 
мен Нияз келіпті. Келіп отырысымен Абылай: «Белдеріңді шеш-
пес бұрын мына жұмбақты шешіңдер» деп әлгіні айтыпты. Нияз 
би: «Меніңше жердің құты – жаңбыр, елдің құты – азамат, ауыл-
дың құты – жақсы әйел, аймақтың құты – әділ басшы» депті». 
Нияз бидің бұлайша талдап таразылап, жердің, елдің, ауылдың, 
аймақтың құтын дәл анықтауы ойшылдығынан, білімділігінен, 
парасаттылығынан екенін біледі. 


315 
Адамның жан-дүниесін түсіне білушілік. Би адамның жан-
дүниесін терең түсіне білмесе, ақ пен қараны айыра алмауы 
мүмкін. Екі жақтың биі болып қарсы пікір таластырғанда, төбе 
би болып шешім шығарғанда ешкімнің де ар-намысына тимей
ұсақ-түйек кемшіліктерін теріп тізбей, шыққан тегін кінәла- 
май тең ұстап сөйлесу, сезіміне әсер ету психолог-биге тән 
қасиет.
Нияз бидің бойына біткен бір қасиеті қарсыласының жан-
дүниесіне үңіліп, оның әрбір қимыл, қозғалысын, дауыс ырға-
ғын үнемі қадағалап, соған сәйкес өзі де дауыс ырғағын біресе 
жоғарылатып, біресе төмендетіп, қимыл қозғалысы мен бет 
пішімін өзгертіп, айыпкерге әсер ете біледі екен. Бұл Әбді-
ғапардың әкесі Жанбосынның естелігінен біз білген құнды 
деректер. 
Тәлімгерлік

тәрбиешілік
. Әлсіздің жоғын жоқтап, қорлық, 
зорлық көргендерді қорғап халықты имандылыққа, адалдыққа
әділдікке, тәртіпке шақырған билер өзінен кейінгі ұрпақтың да 
ел ұйытқысы болғанын қалағаны ақиқат. Олар өз балаларының 
бірін немесе елдегі көкірегінде көзі бар жастардың бірін би 
болуға, ел басқару өнеріне баулып тәрбиелеген.
Өзінің ру, тайпасындағы ұл-қыздардың парасатты, елін, же-
рін сүйген перзент болып өсуін мұрат тұтқан. Ата-бабаларынан 
қалған ұлағатты сөздерді, мақал-мәтелдерді, шешендік сөздер 
мен ойлы жырларды жас ұрпақтың құлағына құйып, олардың 
тәрбиелі жан болып өсуіне ат салысқан. Өзінің әділ билігімен, 
ізгі істерімен жан-жағындағы адамдарға ой салған. Отбасын- 
да, туған-туыстарының арасында, қоғамдық ортада өздерін 
үлгілі ұстап, жан-жағына шипалы шуағын төккен және төге 
білген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет