Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет129/179
Дата23.09.2023
өлшемі1,92 Mb.
#109928
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   179
Байланысты:
133929 (1)

 
білерсің

Аңдып
 
жүрген
 
дұшпаның
 
дәл
 
жеткенде
 
білерсің

Заңгерлік
.
Ел арасындағы даулар билер талқысына салынға-
нында екі жақтың билерінің бірі – айыптаушы (прокурор), екін-
шісі – ақтаушы (адвокат) болады және бір би – төрелік айтар 
төбе би болып тағайындалып, айтыс-тартысты шешуге үш би 
қатысады. Сол себепті билерді бәріне ортақ атаумен заңгер де-
геніміз дұрыс. Себебі, билер айыптауда, ақтауда, төрелік айтуда 
Заңды білуге тиісті ғой. 
Бітімгерлік
.
Билер ел бірлігіне, ұлт тұтастығына нұқсан кел-
тірер дауларды шешумен қатар көрші мемлекеттермен қарым-
қатынас жасауда хандарға кеңесші болған. Абылай ханның Ре-
сеймен қарым-қатынаста Нияз би Тілеуліұлы тәрізді билерді 
жанына ертіп жүруі, олардың ақыл-кеңесіне арқа сүйеген. Ал 
Абылай хан 1743 жылы жоңғар басқыншыларының қолына тү-
сіп қалғанында Қаз дауысты Қазыбек би Ресей үкіметі жолдаған 
секунд-майор Миллер экспедициясының құрамында елшілікке 
барды. Сонда қазақ биінің: «Біз, қазақ мал баққан елміз, ешкімге 
соқтықпай жай жатқан елміз, басымыздан құт-береке қашпасын 


313 
деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан ел-
міз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған 
елміз, достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген 
елміз», – деп тақпақтай сөйлегеніне Қалдан Серен разы болып, 
Абылай ханның басына азаттық береді. Осындай оқиғаларға 
байланысты қазақ халқында «Жауластырмақ – жаушыдан, 
елдестірмек – елшіден», «Елшісіне қарап елін таны» деген қағи-
даның қалыптасқаны анық. 
Батырлық
.
Халқымызда Жәнібек, Малайсары, Наурызбай, 
Райымбек, Сырым, Мүнасап тәрізді билердің батырлығымен де 
атақ-даңқы шыққан. Нияз би де жорықтарға қатысқан. Шеген би 
алғашқыда Кенесарыға малдан көмек көрсетсе, кейін оның 
қолына қосылмақ болып қарулы жасақ та құрған. Сарыбай би 
Айдосұлы (1821-1890) Сұраншы батырдың сенімді серігі болған. 
Кеңгірбай би Жігітекұлы (1720-1808) орыс патшасына тәуелді 
болмау үшін күрескен. Бұл жөнінде Ресейдің, Қазақстанның 
мемлекеттік мұрағаттарында тарихи деректер көп. Билердің 
батырлығы қолына қару алып жауларға қарсы шабуымен ғана 
емес, қылышынан қан тамған қаһарлы хан-сұлтандарға, елдесу-
ден кеткен дұшпанына, басқа мемлекеттердің басшыларына 
қаймықпай қарсы тұрып, ақиқатты ашық айтуымен де бағалан-
ғаны мәлім. 
Саясаткерлік
.
Қазақ елі мен басқа елдер арасында қоғамдық 
маңызы зор саяси мәселелерді шешуде билер хан, сұлтандарға 
көмек көрсетіп, кеңесші болған. Айбатты хандардың өзі «Билер 
кеңесінде» көпшілік дауыспен қабылданған шешімдерді өзінің 
жеке билігімен бұзуға дәті бармаған. Тарихи деректер бойынша, 
Абылай ханның жанында үнемі кеңесшісі болып сегіз би бірге 
жүрген. Солардың бірі – Нияз би Тілеуліұлы. Оны академик 
Манаш Қозыбаевтың өзі жазып кетті. Ал енді Әз Тәуке хан 
«Жеті жарғыны» өмірге әкелгенінде Төле, Қазыбек, Әйтекелер-
дің ақыл-кеңестерін басшылыққа алған дейді, тарихшылар. 
1695 жылы Қазақ Ордасында болған орыс елшілері Ф. Скибин 
мен М. Трошин билердің ішкі, сыртқы саясатқа тікелей араласа-
тыны туралы кейін былай деп жазыпты: «... Тәуке хан Қазақ 
Ордасының таңдаулы адамдарын (билерін, М.С.) өзіне шақырып 
алды да, біздің – Федка мен Матюшкенің – көзімше, әлгілерден 


314 
мына біздерді ұстап қала ма, әлде жібере ме, Русь қалалары мен 
слободкаларына соғыс ашып бара ма, әлде бейбіт тұра бере ме, 
соны сұрап алды» [66]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет