АҢдатпа 6-бет 5-бет



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата15.03.2017
өлшемі6,77 Mb.
#9422
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ақпарат

Бүгінгінің бас тақырыбы



АҢДАТПА

6-бет

5-бет

(Соңы  3-бетте)

№110/1 (2888/1) 6 қазан 2016

www.zanmedia.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@mail.ru

«АлмАты — тәуелсіздіктің 

Алтын бесігі»

жоғАлғАн бАлАлАр 

қАйдА кетеді?

Лаңкестікке қарсы заң жобасы 

мақұЛданды

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында 

«қазақстан республикасының кейбір заңнама-

лық актілеріне экстремизмге және терроризмге 

қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер 

мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы 

мақұлданды. оны депутаттарға таныстырған 

ұлттық  қауіпсіздік  комитеті  төрағасының 

орынбасары  марат  қалқабаев  заң  жобасы 

қауіпсіздік кеңесі отырысында мемлекет бас-

шысының тапсырмасымен әзірленіп, жобада 

лаңкестік қылмыстармен күресудегі оңтайлы 

тәжірибелер ескерілгенін жеткізді. жоба экс-

тремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл, 

қару-жарақ айналымы және көші-қонды реттеу 

саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетіл-

діруге негізделген.

А.ҚҰрмАнғАли

ұЛттық музей 

байқау жарияЛады

қазақстан  республикасының  ұлттық  му-

зейі  қазақ  тарихындағы  маңызды  уақиғалар 

бейнеленген заманауи бейнелеу өнері туын-

дыларының эскиздерін жасауға байқау жари-

ялады. оған кескіндемелік және графикалық 

сурет,  мүсін,  инсталляция  секілді  заманауи 

бейнелеу  өнері  туындылары  қабылданады. 

еліміздің тарихындағы айтулы уақиғалар мен 

тарихи тұлғалардың бейнесін көрсету арқылы 

жастарды отансүйгіштікке баулуды, қазақстан 

халқының тарихи оқиғаларға деген көзқарасын 

қалыптастыруды  мақсат  еткен  байқау  2016 

жылы 16 желтоқсанда қорытындыланады. 



Т.иБАШЕВА

көЛік жүргізу курсын 

бітіргені тураЛы куәЛік 

мектеПте беріЛеді

жол  жүру  ережесін  үйрету  жұмыстарын 

мектеп қабырғасынан бастау арқылы еліміздегі 

жол-көлік апаттарының санын азайтуға бола-

тындығы жайлы үкімет отырысында қр білім 

және ғылым министрі ерлан сағадиев мәлім-

деді. «бүгінде балалардың жолда жарақат алу 

деңгейі  азаймай  отыр.  осыған  байланысты 

алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы-

на, яғни нВП-ға көлік жүргізу, сонымен қатар, 

жол қауіпсіздігі ережелерін оқытуды енгізетін 

боламыз. осының нәтижесінде мектеп бітіретін 

балаларға көлік жүргізу курсын бітіргені туралы 

куәлік беріледі. осылайша, 18 жасқа келген 

бала көлік жүргізу куәлігін ала алады», – дейді 

министр.

К.ЫСҚАҚОВА

та-бабамыздың «тал бесіктен жер бесікке дейін білім ізде» деп келетін өси-

етін ұстанған елміз. білім алу, ілім жинау, ғылымға ден қою ұлтты ұлы 

мұраттарға жетелейтін қасиеттер. сондықтан, бұған жекелеген адамның 

ынта-ықыласынан бөлек, мемлекеттің қолдауы да ауадай қажет. азамат-

тарының оқуына, білім алуына ыңғайлы жүйе құрып, жағдай жасап, бір 

сөзбен  айтқанда,  «болам  деген  баланың  бетінен  қақпай,  белін  буса» 

құба-құп.  

Заң заңғары



(Соңы 7-бетте)

Кездесу


Мемлекеттің  қалыптасуы  да 

адамның  ғұмыры  секілді.  Тек 

адам  –  қысқа  ғұмырлық,  мем-

лекет  –  мәңгілік.  Жер  бетінде 

пайда  болып,  қалыптаса  бас­

тағаннан  бастап­ақ,  оның  ал­

дын да  сан  мыңдаған  мақсат, 

мұ раттар  тұрады.  Белгілі  бір 

ереже­тәртіпке  бағынады,  ке-

мел  келешекке,  жасампаз  да 

жар қын болашаққа ұмтылады. 

Кез  келген  мемлекеттің  өткеніне, 

пайда болу кезеңіне назар аударсаңыз, 

олардың  өмір  тарихы  да  өзіміздікіндей. 

Осыдан  талай  жылдар  бұрын  «Бiз,  ор-

тақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан 

халқы,  байырғы  қазақ  жерiнде  мемле-

кеттiлiк  құра  отырып,  өзiмiздi  еркiндiк, 

теңдiк және татулық мұраттарына берiл-

ген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына 

отырып,  дүниежүзiлiк  қоғамдастықта 

лайықты орын алуды тілей отырып, қазір-

гі  және  болашақ  ұрпақтар  алдындағы 

жоғары  жауапкершілігімізді  сезіне  оты-

рып,  өзіміздің  егемендік  құқығымыз ды 

негізге  ала  отырып  осы  Конституция ны 

қабылдаймыз», – деген Қазақстан хал қы 

да  сол  алпауыт  елдердің  салған  сүрең 

соқпағымен  келеді.  Яғни,  жас  мемле-

кеттің  қанаты  қатайып,  демократия­

лық, құқықтық, зайырлы елге айналды. 

Мем лекет  қандай  негізімен  пәрменді, 

қандай  идеяларымен  өміршең,  қандай 

ұстанымдарымен  танымал,  қандай  бе-

делімен  сыйлы?  Міне,  бұл  кез  келген 

елдің  бет­бейнесін  әлемге  танытатын 

жиынтық доктрина. Яғни, осы сауалдарды 

жіктей отырып біз ондағы өзімізге асыл, 

өзімізге жақын, өзімізге жанашыр аяулы 

дүниелерді  ақтарамыз.  Яғни,  ол  бізді 

өмірге келмей тұрып­ақ жарқын болашақ 

пен салтанатты мемлекетпен қамтамасыз 

еткен батыр бабалар. 

Шығыс қазақстан облысына жұмыс сапарымен 

келген білім және ғылым министрі ерлан сағадиев 

глубокое ауданындағы  уваров орта мектебінің 

ұжымымен кездесті. 

(Соңы  10-бетте)

«АдАМды сүйген 

АдАМның жүрегі 

тАзА БОлАды»



Ш

а

Ұстаздар қауымымен жүздес­

кен  ерлан  сағадиев  еліміздің 

білім  беру  жүйесіне  енгізіліп 

жатқан  жаңалықтар  жайында 

баяндап,  министрліктің  қолға 

алып жатқан шаруасының қан-

шалықты  дұрыс  екеніне  көз 

жеткізді. Министр мұғалімдерді 

кәсіби мерекемен құттықтап, ай-

мақта білім беру саласында  көп-

теген  қанатқақты  жобалардың 

қолға  алынып  жатқанын,  егер  

енгізіліп  жатқан  жаңалықтар 

жемісті  жүзеге  асса,  тәжірибе 

республиканың өзге аймақтары-

на таратылатынын тілге тиек етті. 

Мектептерге қандай 

өзгерістер енеді?

Шығыс  Қазақстан  облысы 

педагогтарымен  кездесу  орны 

бекер  таңдалып  алынған  жоқ. 

Уваров  ауылындағы  бұл  білім 

беру мекемесі былтыр ғана пай-

далануға берілген болатын. Мек-

теп түлектері Ұлттық бірыңғай 

тестілеу барысында ең жоғары 

БіліМ БерУ сАлАсындАғы 

үздіК жетістіКтер тәжіриБеге 

енгізілМеК



Баспасөз — 2017

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу басталғанын 

естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@mail.ru

Біздің басылымдарға

«қазпошта» ақ бө лім ше лері, 

«қазпресс» жШс дүң гір шек тері 

және алматы қаласын дағы «дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


АҚылы ОҚУғА түсетіндер 

ҰБт­дан БОсАтылАды

көрсеткіштерімен ерекшеленеді. 

әртүрлі эксперименттерге қаты-

сып, озық нәтиже көрсететін де 

осы мектеп. заманауи матери-

алдық техникалық құралдармен 

жабдықталуы, қолайлы жағдай 

оқушылардың жақсы жетістікке 

жетуіне ықпал етеді. 

ерлан  сағадиев  мектепке 

дейінгі мекемелерге қандай та-

лаптар енгізілгені туралы да ба-

яндады. енді жатын бөлмелерді 

ойын  бөлмелерімен  біріктіруге 

де болады. Бұрын оған тыйым 

салынған болатын. Бұл өзгеріс 

біріншіден, балабақшадағы орын 

санын арттырып, кезекте тұрған 

балалар  санының  қысқаруына 

септігін  тигізеді.  екінші  үлкен 

өзгеріс  тамаққа  байланысты. 

Осыдан былай балалар тағамы 

комбинаттарына  балабақшаға 

тағам  жеткізіп  беруге  рұқсат 

етіледі. Яғни, енді әрбір балабақ-

шада аспазшы мен ас бөлмесінің 

болуы міндетті емес. Бұл бала-

бақша ұжымындағы қызметкер-

лердің білім беру, тәрбие жұмыс­

тарымен алаңсыз айналысуына 

мүмкіндік береді. 

Министр  жақын  арада  мек-

тептерге  арналған  жаңа  сани-

тарлық  нормалар  мен  ереже-

лердің  жасалатынын  жеткізді. 

Өзгерістерде  жаңа  спорттық 

сы ныптардың болуы да қарас­

тырылуда. жаңа өзгерістер тіпті 

біздің аймақта енгізіліп жатқан 

да көрінеді. 

Орағытып  отырғандағы  айтпағымыз,  та­

ғы  да  білім  жүйесіндегі  өзгерістер  жайлы. 

Қолға алынып жатқан жаңашылдықтың бәрі 

жалпақ жұрттың көңілінен шығып келеді деу 

қиындау. 



2

№110/1 (2888/1) 

6 қазан 2016

zangazet@maiI.ru



Жүйріктен жүйрік озар 

жарысқанда...

Спартакиада

Тағайындау

Оң қадам


ҚҰҚЫҚ

Ардагерлер арамызда

Шара


ЖАҢА  АЛҚА  ТӨРАҒАСЫ 

ТАНЫСТЫРЫЛДЫ



Бас полицей аймақ 

тынысымен танысты

Акция


ОҚУШЫЛАР 

ПОЛИЦИЯ  ЖҰМЫСЫМЕН  ТАНЫСТЫ



Қызылорда  облыстық  сотының 

мәжіліс залында Қазақстан Респуб­

ликасы Жоғарғы Сотының судьясы, 

ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Әділ 

Құрықбаев  Қызылорда  облыстық 

с о т ы н ы ң   ұ ж ы м ы н а   Қ а з а қ с т а н 

Республикасы  Президентінің  2016 

жылғы  27  қыркүйектегі  №342 

Ж а р л ы  ғ ы м е н   т а ғ а й ы н д а л ғ а н 

облыстық соттың қылмыстық істер 

жөніндегі  алқа  төрағасы  Бақытжан 

Қалымбетті таныстырды.

Таныстыру  рәсіміне  облыстық, 

қалалық  әкімдік,  мәслихат  өкілдері, 

Қызылорда облыстық соты жанындағы 

Соттармен  өзара  іс-қимыл  жөніндегі 

кеңес төрағасы, «Нұр Отан» халықтық 

демократиялық партиясының Қызыл-

орда облыстық филиалы, прокуратура, 

ішкі  істер,  Ұлттық  қауіпсіздік,  Әділет 

департаменті  басшылығы,  облыстық 

мемлекеттік  кірістер  департаменті 

және  Қызылорда  облыстық  сотының 

алқа  төрағалары  мен  судьялары 

қатысты.


Жаңадан  тағайындалған  алқа 

төрағасының  қызметі  мен  жеке 

қасиетіне тоқталған Әділ Жамбасбай-

ұлы:  «Бақытжан  Қалымбет  Қызыл-

ордада туып-өскен, осы өңірге еңбегі 

сіңген азамат. Өз ісінің кәсіби маманы, 

білікті басшы, әділдіктің ақ жолындағы 

еңбегімен алдағы уақытта да еліміздің 

сот  жүйесінің  беделін  арттыруға  зор 

үлесін қосады деп сенім білдіремін», 

– деді. 

Құттықтау сөз сөйлеген Қызылорда 

облыстық соты жанындағы Соттармен 

өзара  іс-қимыл  жөніндегі  кеңес 

төрағасы  Қорғанбек  Қайроллаұлы 

алқа  төрағасын  жаңа  қызметімен 

құттықтап,  Елбасы  артқан  сенімді 

ақтай беруіне тілектестігін білдірді.

Сонымен бірге «Нұр Отан» партия-

сының Қызылорда облыстық филиалы 

төрағасының  бірінші  орынбасары 

Ибадулла Құттықожаев: «Біз осы күнге 

дейін  Бақытжан  Қалымбет  жайлы 

жағымсыз пікір естіген жоқпыз. Халық 

– сыншы. Алдағы уақытта да облыстық 

сотты  өз  саласы  бойынша  алға 

жетелейді деген пікірдемін, оған оның 

біліктілігі  мен  тәжірибесі  жеткілікті», 

–  деп,  жаңа  қызмет  жолында  табыс, 

сәттілік тіледі.

Шара барысында Әділ Құрықбаев 

сот  жүйесіндегі  соңғы  жаңалықтар 

мен  заманауи  технологиялардың 

жетістіктерін  айтып  өтті.  Сондай-

ақ,  Ұлт  жоспары  «100  нақты  қадам» 

аясында  атқарылған  шараларға,  сот 

ісін  жүргізудің  үш  сатылы  жүйесіне 

кеңінен тоқталды.

Облыстық сот төрағасының міндетін 

атқарушы,  азаматтық  істер  жөніндегі 

сот  алқасының  төрағасы  Қайрат 

Адранов  таныстыру  рәсіміне  арнайы 

келген ҚР Жоғарғы Сотының судьясы 

Әділ Құрықбаевқа сот корпусы атынан 

алғысын білдірді.

Өз  кезегінде  Бақытжан  Қалымбет 

жауапты  қызмет  жолында  тәжірибесі 

мен күш-жігерін салып, Елбасы артқан 

сенімді ақтайтынын жеткізді.

Осыған дейін Қызылорда қалалық 

№2  сотының  төрағасы  қызметін 

а т қ а р ғ а н   Б а қ ы т ж а н   Қ а л ы м б е т 

1986  жылы  Қарағанды  мемлекеттік 

университетінің  заң  факультетін 

бітірген.  Ол  бүгінгі  күнге  дейін  түрлі 

салаларда  қызмет  атқарған.  Атап 

айтқанда,  прокуратура  саласында 

стажер,  аға  тергеуші,  прокурор, 

Қызылорда облыстық сотының судьясы, 

әділет  басқармасының  бастығы, 

Қызылорда қалалық және қылмыстық 

істер  жөніндегі  мамандандырылған 

ауданаралық  соттарының  төрағасы 

қызметтерін атқарған. 

Сот әділдігін жүзеге асыруды жоғары 

деңгейде  қамтамасыз  еткені  үшін 

2011  жылы  Қазақстан  Республикасы 

Жоғарғы  Соты  төрағасының  алғыс- 

хатымен,  2013  жылы  Қызылорда 

облысы әкімінің Құрмет грамотасымен,  

2014  жылы  Қазақстан  Республикасы 

Жоғарғы Сотының III дәрежелі «Мінсіз 

қызметі  үшін» медалімен, 2014 жылы 

Қазақстан  Республикасы  Судьялар 

одағының  «Үш би» құрмет белгісімен 

марапатталған.



Қызылорда облыстық сотының 

баспасөз қызметі

Ақмола облысының судьялары Қарағанды   қаласында өткен 

Қазақстан Республикасы судьяларының VIII спартакиадасына 

қатысты. Спартакиада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 

Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезіне арналып 

өтті.

Республикамыздың барлық  өңірінің судьяларынан құрылған 

командалар  спорттың  мини-футбол,  волейбол,  бильярд,  үлкен 

теннис, үстел теннисі, шахмат, дойбы түрлерінен жарысты. Cпорт 

жарыстары екі күн бойы жалғасты.

Ақмола облысының командасы қарсыластарынан кем түспеді. 

Іріктеу  ойындарынан  өткен  мықты  командалардың  арасындағы 

жарыстарда  үлкен  теннистен  1-орынды  Ақмола  облысының 

судьясы Марат Молдагельдин иеленді. Ерлер арасындағы үстел 

теннисі бойынша 2-орынды Ақмола облыстық сотының судьясы 

Раджаб  Дамиров  иеленді.  Ал,  Ақмола  облысы  судьяларының 

футбол командасы 4-орынға ие болды.

Өңір судьялары және сот қызметкерлері команданы лайықты 

жеңістерімен құттықтап, жаңа жетістіктерге жетулеріне тілектес 

екендерін жеткізді.

.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі



Қостанайлық  құтқарушылар  аға  буын  өкілдерін  Қарттар 

күнімен  құттықтады.  Күнтізбедегі  мұндай  ерекше  күн  олар 

үшін жай ғана мереке емес, сондай­ақ, тілдесу мен қуанышты 

кездесулер.  Олар  тірліктің  бітпес  түйткіліне  байланысты 

өздері қалағандай жиі кездесе алмайды емес пе?!

– Құрметті ардагерлер! Біз бұл мерекені аға буынның күні, 

даналардың  күні  деп  атаймыз.  Сіздердің  әрқайсысыңыздың 

мойындарыңызда  үлкен  өмір  тәжірибесі,  көпжылғы  еңбек  өтілі 

жатыр. Мереке күні сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ықылас 

пен  ұзақ  өмір  тілегім  келеді,  –  деп  Қостанай  облысының 

Төтенше жағдайлар департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы 

В.Киселев барлық қатысушыларды құттықтады.  

Сонымен  бірге  аға  буынға  деген  ақжарма  тілегін  Қостанай 

облысының ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Т.Кәкімов 

пен «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» 

ММ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі М.Жүсіпов те жеткізді.  

Олар  ардагерлердің  қызметтің  дамуына  баға  жетпес  үлес 

қосқанын, нағыз берік үлгі, патриотизм мен өз ісіне деген үлкен 

жауапкершіліктің үлгісі болғанын атап өтті.

Зейнетке шығумен өмір тоқтап қалмайды, керісінше, бұрын-

соңды  уақыт  бөлуге  мүмкіндік  болмаған  істерде  өздерін  жан-

жақты көрсетуге және де өз талантын, парасаттылығы мен ой-

өрісін жетістікпен қолдануға мүмкіндік туады. Кәріліктен қашып 

құтылу  мүмкін  емес,  алайда,  өмірдің  бақытқа  толы  жылдарын 

мейлінше созуға әбден болады.

Қарттар  күнін  мерекелеу  қостанайлық  құтқарушылар  ара-

сында  жақсы  дәстүрге  айналған.  Мереке  соңында  ардагерлер 

еңбектерін бағалап, ілтипат көрсеткен әріптестеріне алғыстарын 

білдірді.

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар 

департаментінің баспасөз қызметі

Атырау  облыстық  ішкі  істер  департаментінің  бастығы, 

полиция  полковнигі  Аян  Дүйсембаев  аудандық  ішкі  істер 

бөлімдерін,  селолық  округтарды  аралап,  тұрғындармен 

кездесуін жалғастыруда.

Жақында облыстың бас полицейі Қызылқоға ауданында болып, 

осындағы  полицейлердің  тыныс-тіршілігімен  танысты.  Сапар 

барысында ауданның Сағыз стансасына келіп, қылмыстық ахуал 

турасында жергілікті халықпен әңгімелесті.  Осындағы  поселкелік 

полиция бөлімшесі жыл басында жергілікті полиция қызметінің 

құрылуына байланысты жабылып қалған болатын. Бүгінгі кездесуде 

тұрғындар тарапынан бұл мәселе де айтылмай қалмады. 

Аудандарды араламас бұрын, департамент бастығы қылмыстық 

ахуалды саралай отырып, Сағыз стансасына полиция бөлімшесінің 

қажеттігі  туралы  ҚР  Ішкі  істер  министрімен  келіскен  болатын. 

Қызылқоға  ауданының  әкімі  Мақсот  Мұқанов  бас  полицейдің 

қатысуымен Сағыз поселкелік полиция бөлімшесінің ғимаратын 

салтанатты  түрде  ашып,  сақшыларды  қуанышқа  бөледі.  Аян 

Сәбитұлы өз бұйрығымен бөлімшеге 10 штаттық бірлік енгізіп,  

полиция  капитаны  Жұмагелді  Хангереевті  бөлімше  бастығы 

лауазымына тағайындады.

Бұдан соң халықпен кездесу Сағыз стансасының 3 ауылында  

жалғасты. Департамент бастығы осында жаңадан учаскелік тірек 

пунктін  ашты.  Сонымен  қатар,  аудан  әкімдігінің  қолдауымен 

учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Сержан 

Шаукеровке  4 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.



Қ.ҚУАТОВА

Акция облыс орталығына кіреберістегі «Оңтүстік» Шеп 

бекетінің бақылау-өткізу пунктінде өткізілді. Ұстаздар мен 

ата-аналар бастап келген экскурсияға Бірінші гимназияның 

бірінші  сыныбында  оқитын  40-тан  астам  бала  қатысты. 

Дөңгелекті  көліктерді  мәжбүрлеп  тоқтатуға  арналған 

құрылғы, патрульдік автокөліктер, рациялар, компьютерлер 

мен  бекеттегі  бөлмелер  көрсетіліп,  жол-патрульдік 

полициясының өзге де құрылғылармен жарақтандырылуы 

егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Бүлдіршіндер  мектеп  табалдырығын  аттап,  жол  қоз-

ғалысының  қатысушылары  болғандықтан,  оларға  жолда 

жүру ережелері жайлы айтылды. Сондай-ақ, полицейлер 

мен  ұстаздар  балаларға  жаяу  жүргіншілер  өткелінен, 

бағдаршамнан қалай өту керектігіне және ешқашан жолдан 

жүгіріп өтуге болмайтындығына тоқталды.

– Қызметкерлер қолданыстағы барлық құрал-жабдық-

тарды – өткір шегелері бар «Лиана» лентасын, терезенің 

қара  жабынмен  қаншалықты  тұмшаланғанын  анықтауға 

арналған  құрылғыны  көрсетті.  Балаларға  қызғылықты 

болды.  Балалардың  жол-көлік  жарақатының  алдын 

алу  мақсатында  экскурсия  барысында  жол  қозғалысы 

ережелерін түсіндірдік. Бір қуантарлығы, бүлдіршіндердің 

көпшілігі ережелерді білетін болып шықты, – дейді СҚО 

ІІД  Жергілікті  полиция  қызметі  жол-патрульдік  полиция 

батальоны штабының аға инспекторы, полиция капитаны 

Вадим Ламаш.

Жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің айтуынша, 

«Оңтүстік» бекетінде оқушылардың қатысуымен өткізілетін 

мұндай кездесулер дәстүрге айналған. Олар жыл сайын 

өткізіледі екен. Болашақта бұл балалардың бірі өз өмірін 

ішкі істер органдарында қызмет етумен байланыстырып, 

жол  қозғалысы  ережелерінің  сақталуын  бақылайтын 

полиция қызметкері болып қалуы әбден мүмкін.



Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Қызылорда  облыстық  сотында 

Қазақстан Республикасының Судьялар 

одағы VIII спартакиадасының финалдық 

додасына қатысып, Қызылорда облысы 

соттарының  командасында  белсен-

ділік танытып, тартысты ойын өрнегін 

көрсеткен  судьяларды  марапаттау 

рәсімі өтті.

Еліміздегі  судьялар  арасындағы 

сыйластықпен қатар, достықтың одан 

әрі  жандана  түсуіне  үлесін  тигізетін 

спорттық додада Қызылорда облысы 

соттарының командасында белсенділік 

танытқан бірқатар судья облыстық сот 

пен  ҚР  Судьялар  одағының  Қызыл-

орда  облысы  бойынша  филиа лы ның 

және  облыс  әкімінің  марапат тарын 

иеленді.

Қызылорда  облыстық  сотының 

азаматтық істер жөніндегі сот алқасы-

ның  төрағасы  Қайрат  Адранов  спар-

такиа дада  асқан  біліктілік  көрсет кен 

Жалағаш аудандық сотының төрағасы 

А.Мизанбаев, қалалық соттың судьясы 

Ә.Жұмабаев, Арал аудандық сотының 

судьясы Н.Бекетаев, Қазалы аудан дық 

сотының судьясы М.Оспановқа Қызыл-

орда  облысы  әкімінің  алғысхатын 

табыстады.

Сонымен  бірге  облыстық  сот  пен 

ҚР  Судьялар  одағының  Қызылорда 

облысы бойынша филиалының алғыс- 

хаты  облыстық  соттың  қылмыстық 

Дода

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ



і с т е р   ж ө н і н д е г і   с о т   а л қ а с ы н ы ң  

төрағасы Е.Қарабаев, облыстық соттың 

судьялары  М.Ахметов,  А.Наримов, 

Қызылорда  облысының  маман дан-

дырылған ауданаралық эконо микалық 

сотының  төрағасы  А.Дәуренбеков, 

Қызылорда  облысының  маман дан-

дырылған  ауданаралық  эконо мика-

лық  сотының  судьясы  Н.Еламанов, 

Қызылорда  қаласы  №2  сотының 

төрағасы  Б.Қалымбет,  Қызылор-

д а   қ а л а л ы қ   с о т ы н ы ң   т ө р а ғ а с ы 

А.Бабатов, қалалық соттың судьялары 

Ә.Джумабаев, Т.Жусупов, Б.Пазылов, 

Қызыл орда  облысының  кәмелетке 

толма ғандар істері жөніндегі мамандан-

дырылған  ауданаралық  сотының 

төрағасы  А.Әбу,  Жалағаш  аудандық 

сотының төрағасы А.Мизанбаев, Бай-

қоңыр  қалалық  сотының  төрағасы 

М.Тұрғанбаев, Арал аудандық сотының 

судьялары  Н.Бекетаев,  Д.Кентбаев, 

Қызылорда  қаласы  №2  сотының 

судьялары А.Сайдуллаев, Б.Жаңабаев, 

Қазалы аудандық сотының судьялары 

М.Оспанов, Қ.Мыхановтарға берілді.

Біз өз кезегімізде марапат иелерін 

шын жүректен құттықтап, алдағы уа-

қыт та өтетін спорттық додаларда биік 

межелерден көрінулеріңізге тілек тес ті-

гімізді білдіреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет