62
3)
басқару шешімдерін қабылдауды жасау процесінің нор-
мативтік құрылымын сипаттау және оның кезеңдерін анықтау;
4)
басқару шешімдерінің негізгі түрлері мен кластарының
сипаттамалары;
5)
басқару шешімдеріне қойылатын нормативтік талаптар.
Шешім қабылдау басқару іс-әрекетінің жалпы құрылымын-
дағы рөлі жетекшінің ең маңызды басымдығы ретінде қарас-
тырылады. Бұл қызметті бәсеңдету – басқарудың жалпы про-
цесіндегі оның орнын үш жағдаймен анықтау:
1.
Шешім қабылдау қызметі – стратегиялық жоспарлау
процесінің маңызды кезеңі, ол стратегиялық балама мен стра-
тегияны жүзеге асыру кезеңдері арасында тұрақтанады. Осы
кезде жасалатын шешімдер бүкіл ұйымның қызмет етуі үшін
үлкен мәнге ие.
2.
Ол басқарудың басқа қызметтерін жүзеге асырудың өзін-
дік мезанизмі түрінде болады, өйткені олардың қажетті ком-
поненті болып табылады. Мысалы, ұйым мақсаты олардың ба-
ламалары ішінен таңдап алу нәтижесінде айқындалады. Ұйым-
дастыру қызметі де оның құрылымын таңдауға байланысты бо-
лады. Жоспарлау қызметі дамудың қандай да бір стратегиялық
вариантымен ұштасқан. Бақылау қызметін жүзеге асыру да
бақылаудың формаларын, әдістерін және кезеңдерін таңдауды
білдіреді.
3.
Жетекші іс-әрекетінің кез келген кезеңінде сонда шеші-
летін міндеттер мен мәселелерге қол жету дәрежесін бағалау қа-
жет. Қойылған мақсатқа жету немесе жетпеуге байланысты, же-
текші осы кезең аяқталды ма, келесіге өтуге мүмкін бе, сол туралы
шешім қабылдайды. Сонымен шешім қабылдау қызметі басқару
іс-әрекетінің бір кезеңдері мен сатыларынан екіншісіне өту рөлін
атқарады, сондықтан оны байланыстырушы ретінде анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: