Басқару
шешімдерінің
ұйымдастырушылық
факторлары
Ұйымның ішкі және сыртқы орталарының негізгі өлшем-
дері басқару шешімдерінің факторлары ұғымымен анық-
талады. Бұл факторлардың жиынтығы күрделілігімен және
63
алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол ұйымдық жүйелердің
социотехникалық
типімен және олардың сыртқы ортадағы-
лармен өзара іс-әрекет формаларының көптігімен шартталған.
Бас-қару теориясында ортаның осы қызметтің жүзеге асуына
ең ықпал ететін үш интегралды өлшемі бар екені туралы ұғым
қалыптасты. Бұл – шешім қабылдау ортасының айқынсыздығы,
күрделілігі және серпінділігі (динамикалылығы).
Басты өлшем
айқынсыздық
– басқаруда баламаны таңдау
үшін релевантты ақпараттың жеткіліксіздігі. Бұл – туындайтын
мәселелерге мазмұны бойынша негізделген шешім шығару үшін
қажетті ақпарат. Айқынсыздықтың туындауының көптеген се-
бептері бар. Олардың негізгілері: ақпарат тапшылығы және
оның артық болуы.
Шешім қабылдау ортасының күрделілігі – ескерілуі, өзара
тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі ескерілуге тиіс фактор-
ларының көп түрлілігі.
Шешім қабылдау ортасының серпінділігі деп ішкі және
сыртқы – ұйымдық факторлардың өзгеру дәрежесін айтады,
сондықтан кез келген басқару шешімі диагностикалық та, прог-
ностикалық та болуға тиіс.
Осы интегралдық үш өлшем синхронды әсер етеді, бұл
шешім қабылдау қызметінің жүзеге асуын күрделендіреді. Бі-
рақ осымен бірге бұл өлшемдер әрбір нақты жағдайда әртүрлі
дәрежеде айқындала отырып, осы қызметтің жүзеге асу шарт-
тарының сабақтастықтағы толық көрінісін береді.
Осы жалпы өлшемдермен қатар тағы да бір маңызды,
ерекше өлшем: ортаның
дау
-
жанжалдық
дәрежесі бар. Басқару
шешімдері сондықтан да бірқатар өзіндік ерекшеліктерге ие,
солардың маңыздысы – компромистік.
Басқаруда
шешім
қабылдау
процесінің
нормативтік
құрылымы
Басқару теориясында шешімдер жасаудың нормативтік про-
цесін сипаттаудың бірқатар тәсілдері бар.
Процессуалдық
инвариант
– шешім қабылдау кезеңдерінің
жалпы тізбектілігі.
Мәселелік
жағдайды
анықтау
– содан ше-
64
шім қабылдау қызметін жүзеге асыру арқылы шығуды білдіре-
ді. Бұл – жағдайды айқындау (диагностика), оның аймақтарын
іс-әрекеттің басқа жақтарымен өзара байланысын анықтау,
оның мазмұнының, басты қарама-қайшылықтарының сипат-
тамасы және сондағы болжау шешімдерінің мақсаттарын
қою.
Мәселелік
жағдай
мазмұнын
талдау
.
Мұнда үш аспект бар:
1.
Жағдайдың айқынсыздығын және бақылау үшін жеткілік-
тілігін азайту мақсатында ақпараттық талдау.
2.
Мәселе туындататын «шектеуші факторларды» анықтау.
3.
Нұсқалардың біреуін таңдау негізіне жатқызылатын ше-
шім көрсеткіштерін тұжырымдау.
Баламалы
тұжырымдау
– мәселелік жағдайдан жаңа мүмкін
шығуларды іздеу мен генерациялау.
Тұжырымдалған көрсеткіштер жүйесі бойынша және іс-әре-
кеттің негізгі мақсаттарына сәйкес баламалы бағалау
«
баламалы
салмақтау
»
кезеңі деп аталады.
Баламалы
таңдау
– басқару шешімінің нормативтік процесс
құрылымындағы негізгі кезең, өйткені онда басты қадам жаса-
лады, шешім қабылдау жүзеге асырылады. Оның тиімді шешім-
дер қабылдау теориясында тұжырымдалған басты нормативтік
принциптерді баламалы үлкен интегралдық «тиімділікпен» таң-
дау болып табылады.
Қабылданған
шешімді
жүзеге
асыру
. Бұл іс-әрекеттің ерек-
шелік сипаты – қабылданатын және жүзеге асырылатын шешім-
дердің дәл келмеуі.
Басқару
шешімдерінің
типологиясы
және
оларға
қойылатын
нормативтік
талаптар
Басқару шешімдерінде жалпы қасиет бар – бұл
полиморфизм
(басқару шешімдерін қабылдау процесін жүзеге асырудың
әртүрлі кластарының, түрлерінің, типтері мен формаларының
көптігі). Шешім қабылдау қызметі таңдау процесінің полимор-
физмінің арқасында ғана мүмкін болып шығады.
«Ұйымдастырушылық шешім» ұғымы басқарушылық ше-
шімдердің бүкіл жүйесін сипаттау үшін шешуші мәнге ие. Оның
65
жинақтаушы сипаты бар және өзімен жетекшінің қызметтік
мәртебесіне байланысты нормативтік-сілтемелік шешімдердің
бүкіл кешенін анықтайды. Жетекші қабылдауға мәжбүр болатын
нормативтік емес шешімдердің орасан көптігі өте зор, бірақ
жанама түрде болса да оның іс-әрекетінің тиімділігіне және бү-
кіл ұйымның әлеуметтік-психологиялық сипаттамасына ықпал
етеді.
Г. Саймон ұйымдастырушылық шешімдерді екі негізгі
санатқа бағдарламаланған және бағдарламаланбаған деп бөлуді
ұсынды. Бұл екі «таза» тип қазіргі кезде континуумның по-
люстері ретінде қарастырылады, ал басқару тәжірибесінде
көбінесе құрама шешімдер кездеседі [39].
Нормативтік шешімдер сондай-ақ оларды түрлерге бөлу
белгісі бойынша, басқарудың қандай қызметін жүзеге асыру-
ға байланысты екендігіне қарай жіктеледі, яғни мақсаттық, бол-
жамдық, жоспарлық, мотивациялық, бақылаулық, ұйымдас-
тырушылық, түзетулік, өндірістік-технологиялық қызметтер-
ге байланысты. Мұндай бөлу нақты түрде басқаруды таңдау
процестерінің негізгі санаттарының анықтамасы болып табы-
лады.
Таңдау процестерінде басқару шешімдері бастапқы дерексіз
жағдайы бойынша құрылымданған және құрылымданбаған
(«жақсы анықталған» және «нашар анықталған») болып бөлі-
неді. Олар үш негізгі белгі бойынша айырмаланады: субъект
шешім үшін қажетті ақпаратқа ие.
Осы жүктемеге байланысты басқару шешімдері
детерми
-
нистік
және
ықтималдық
болып бөлінеді. Біріншілері құры-
лымданған жағдайларда орын алады. Оларды нормативтік про-
цедураларға дайындау кезінде қолдану және тәуекел элемент-
терін олардың процесінен барынша алып тастауға ұмтылу тән
болады. Екіншілері «жұмсақ», жасаудың нормативтік емес про-
цедураларын және интуитивтік құралдарды қолданумен си-
патталады, олар тәуекелді шешімнің қажетті өлшемі ретінде
қарастырады.
Психологиялық шешімге негізделетін жіктеме шешімдердің
үш типінен тұрады: интуитивтік, пікірлерге негізделген және
инновациялық.
66
Инновациялық белгілері бойынша шешім қабылдау түр-
лерінің жіктемесі: майда тірлікті, селективтік, бейімделушілік,
инновациялық.
Мазмұндық белгісі бойынша тыйым салу, рұқсат ету және
сындарлы шешімдер болады.
Басқару шешімдері формаларының ең қорытушы типоло-
гиясы – оларды екі санатқа бөлу, яғни
жекелей
және
алқалық
.
Басқару шешімдері стратегияның алқалық шешімдерінде
қолданылуына байланысты да жіктеледі: мажоритарлы (қара-
пайым көпшілік стратегиясы); консенсус және «байламды таң-
дау» стратегиялары.
Қорытындысында бұл жіктемелердің барлығы бірін-бірі
өзара толықтырады. Басқару шешімдерінің қарастырылған бар-
лық типтеріне «жақсы шешім белгілері» деп есептелетін бір-
қатар нормативтік талаптар қойылады. Олардың әлдеқайда
әмбебаптарын тізіп шығамыз.
Шешімнің
тиімділігі
. Егер қабылданған балама барынша
мүмкін болатындардың ең негізгісі болса, онда басқару іс-
әрекетінің тиімділігі жоғарылауы мүмкін.
Шешімдердің негізделуі, уақытылығы, жүзеге асырылуы
(орындалуы), нақтылығы мен реттелуі, қаттылық пен икемді-
ліктің сабақтастығы шешім қабылдауда «шектеу факторы»
принципінің сақталуында.
Шешім қабылдау процесі басқару теориясындағы орталық
пункт болып табылады, шешім қабылдау әдістері – оның ең
жетілген, ресмиленген тарауы. Қазіргі кезде ол математикалық
аппаратта, жүйелік талдауда, операциялар теориясы мен басқа
да нормативтік пәндерде орнығатын арнайы бағытта рәсімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |