Диагност
– жоба мен күрделі жағдайдың күшті және әл-
сіз жақтарын жылдам бағалайды. Өзгелердің қателіктеріне шы-
дамды.
Фанатик
– өзінің ғылыми жұмысына елігіп кеткен, басқа-
лардан да ғылымға осындай қатынасты талап етеді, сондықтан
қатал және сыйыспайтын болып есептеледі.
Пионер
– бұл перспективалы проблемаларға жылдам қарай-
тын, басқалардың іс-әрекетін ынталандыратын бастамашы. Ол
жинақы, менмен, эрудициялы, жетекшілікке бейім, отыруды та-
лап ететін мәселелерді ұнатпайды.
Эрудит
– есте керемет сақтауымен, байқағыштығымен ерек-
шеленеді. Өзінің эрудициясын көрсеткісі келмейді. Адал, пе-
дант, бірақ пікір айтуда ынтасыз деп есептеледі.
Техник
– өнерпаз. Өзі шеше алмайтын проблемаға жармас-
пайды. Адал және әріптестерінің мінез-құлқындағы көлеңкені
түсінуге сезімтал.
Тәуелсіз
– өзіне ғана сенеді, ұжымдық ғылыми жұмысқа
скептикамен қарайды.
Басқару практикасында жетекшілік пен көшбасшылықты
бір тұлғаға біріктіру оңтайлы вариант болады деп есептей-
ді. Егер жетекші көзқарастары іскер көшбасшы көзқарасы-
мен сай келсе, осындай болады. Жетекші рөлінің эмоционал-
дық көшбасшы рөлімен дәл келуі негативтік фактор болуы
мүмкін.
Жиі кездесетін және ең сәтсіз вариант – жетекші мен көш-
басшы рөлдерінің сай келмеуі.
Ұйым – бұл бейресми топтардың ресми құрылымы. Оны
оңтайлы тұрғызу үшін басшы қызметкерге өздерін көшбасшы
ретінде көрсеткен адамдарды ұсынған жөн.
Жетекшілік және көшбасшылық – басқару теориясының ең
дамушы бағыты. Бұл тақырып бойынша орындалған жұмыстар
саны орасан.
Д. Греннің «ұйымдық көшбасшылықтағы тік диадалық ал-
масу» тұжырымдамасы өте маңызды фактіні анықтады. Жетек-
ші әртүрлі атқарушылармен араласқан кезде әртүрлі бас-
қару стильдерін ұстана алады. Соңғы екі санат: «ин-топтық»
мүшелер және «аут-топтық» мүшелер. Олар негізгі үш параметр
212
бойынша ерекшеленеді: біліктілік дәрежесі, оларға сенім дәре-
жесі, жауапкершілікке дайындық. «Ин-топтық» мүшелер бұл
сипаттар бойынша «плюс» таңбасымен, ал «аут-топтық» мүше-
лер «минус» таңбасымен сипатталады. Жетекші біріншілер-
ге қатысты партисипативтік және демократиялық стильдер-
мен әрі бейресми әдістермен, ал екіншілеріне қатысты рес-
ми әдістермен және авторитарлық стильмен жұмыс істеуі ке-
рек.
Жетекші мен қарамағындағылар арасындағы арақашықтық
айқын болуға тиіс, бірақ тым аз немесе тым үлкен арақашықтық
тиімділігі әлдеқайда төмен (С. Грин және Т. Митчелл).
Р. Лорд пен Д. Филипс келесіні анықтады: қарамағында-
ғылар басқару әсерлерінің мазмұнын емес, жиілігін бәрінен
жақсы қабылдайды. Осы байқалу бойынша олар жетекшілік-
тің стилі мен сапасын бағалайды. Басқару әсерлердің басқа
жақтарының барлығы екінші және одан кейінгі орындарда бо-
лады. Бұл – экспектация (қарамағындағылардың күткені-
мен сәйкестік) жетекшінің заңнамалық және әлеуметтік норма-
ларды сақтауы.
Қазіргі кезде Д. Надлер мен Дж. Хакманның «биліктер ба-
лансы» теориясы деп аталатын тұжырымдамасы ең танымал
болып табылады. Оның негізгі тезисі – билік екі жақты құбы-
лыс болып табылады. Жетекшілік стилі – жетекші мен қара-
мағындағылардың қарама-қарсы ықпалдарының өзара іс-әре-
кет өнімі. Осы екі биліктің балансы (тепе-теңдігі) жетекшінің
басқару стилін таңдауын анықтайды. Басқарудың авторитар-
лық стилі мен әдістері баланс жетекші билігі жағына қарай
ауғанда үстем болады, ал баланс қарамағындағылар билігі
жағына ауғанда, жетекші демократиялық стильді қолдануға
мәжбүр болады [33, 34].
Егер қарамағындағылар билігі максимумға жетсе, жетек-
ші басқарудың либералдық әдісіне жүгінеді. Ұтымды жетек-
ші биліктердің сапалы балансын ұстанады. Бұл тұжырым-
дама басқару теориясының үш маңызды санатының – же-
текшіліктің, көшбасшылықтың және басқару іс-әрекеті тиім-
ділігінің өзара әсерлесуінің заңдылықтарын ашып көрсе-
теді.
213
Достарыңызбен бөлісу: |