218
3. Іс-әрекетті
ынталандыру мотивтерін табу, адамдарды іс-
пен қызықтыру шеберлігі.
4. Адамдарды ұжымдық іс-әрекетті орындау үшін топ-
тау кезінде жеке ұнату (симпатия мен антипатияларды есепке
алу).
5. Ұйымдастыру шеберліктері мен білімді қалыптастыру ке-
зінде оқытудың жоғары дәрежесі.
6. Практикалық мәселелерді қолда бар адам мүмкіндіктерін
ескере отырып шешу.
Психологиялық такт мыналарда байқалады:
– адамдармен қарым-қатынастағы шама сезімінде;
– әртүрлі адамдарға тілдік бейімделуде;
– адамдармен тілдесуді жекелендіруде;
–
жағдай сезімінде;
– адамдарға қатысты сезімталдықта;
– тілдесудіңқарапайымдылығы мен табиғилығында;
– адамдарға келістің адалдығы, обьективтілігі сезімін-
де.
Қоғамдық қуаттылық келесілерді білдіреді:
1)
эмоционалдық және жігерлілік тіл әсері – сөйлемдерді
акценттік мүшелеу, екпіндер, кідірістер,
ым-ишара;
2)
сөз және іспен әсер етудің қисынды сенімділігі;
3)
өзінің күшіне сенімділік, рухани сергектік;
4)
тәуекелге бару қабілеті.
Ұйымдастыру іс-әрекетіне талапкерлік,
сыншылдық, бейім-
ділік – мұның барлығы да жалпыұйымдастырушылық қабілет-
тер, олар жекеленген басқару
функцияларын табысты орын-
дауын шарттандыратын әлдеқайда шағын қабілеттермен толық-
тырылады және нақтыланады. Келесі қабілеттер олардың негіз-
гілері болып табылады:
1. Мақсат қоюға қабілет екі негізгі аспектіден тұрады: мақ-
сатты тұжырымдау және олардың ең мәнділерін атап көрсету,
бұл мақсаттарды қарамағындағылар
алдында олар қабылдай-
тындай етіп тұжырымдау қабілеті.
2. Болжау қабілеті – «болашаққа көз жіберу» шеберлігі,
белсенді болжамдық стратегия негізінде басқаруды құру (жетек-
шінің аса маңызды қабілеті).
219
3. Өз іс-әрекеті мен қарамағындағылар, сондай-ақ бүкіл ұйым
іс-әрекетін жоспарлау қабілеті. Бұл қабілет – когнитивтік және
тұлғалық қабілеттер синтезі.
4. Басқару шешімдерін қабылдау қабілетін басқа қабілеттер
толтыра алмайды.
5. Коммуникативтік қабілеттер тұлғалық ашықтық, эмпатия-
лық, рефлексивтік, экспрессивтік сияқты сапаларына негізделеді.
6. Мотивтеуші қабілеттер де сондай-ақ интегративтік түзілім-
дер болып табылады. Жетекшінің
қарамағындағыларға әсерінің
мотивтік құралдарының бүкіл кешені осыған жатқызылады.
7. Бақылау қабілеті. Бастысы – еңбек нәтижесін атқарушы-
ның жеке мүмкіндіктерімен салыстыру. Бақылау еңбек тиімділі-
гін арттыру құралы ретінде қолданылады.
Практикалық тұрғыдан алғанда маңызды, тағы екі интегра-
тивтік қабілет атап көрсетіледі:
Достарыңызбен бөлісу: