Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет125/179
Дата23.09.2023
өлшемі1,92 Mb.
#109928
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   179
Байланысты:
133929 (1)

тілден
 
сөз
болып ағады» дейді. Ауыр қайғыны 
жеңілдету, бөлісу, шер тарқату, өлімнің орны мен қадірін біл-
діру барысында 
жоқтау
 
айту

көңіл
 
айту
және жаны жаралы
қаралы адамды 
жұбату

көңіл
 
шайын
 
беру

қазақтың осын-
дайда жанашырлық танытатын, қайғыны бөлісу арқылы азай-
туға тырысатын ежелгі ғұрпы. 
Қазақтың ұмытылып бара жатқан жақсы дәстүрлерінің бірі – 
о дүниенің қонағы болған адамын 
жоқтаумен
қайтпас сапарға 
шығарып салу. Данышпан Абай бұл туралы: 
Біреудің кісісі өлсе қаралы – ол, 
Қаза көрген жүрегі жаралы – ол. 
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп, 
Зарланып неге әнге салады ол? 
Туғанда дүние есігін ашады өлең, 
Өлеңмен жер қойнына кірер денең. 
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен, 
Ойлансаңшы, бос қақпайелең-селең, – деген еді. 
Елім деп еңіреп туған ерлерін, қол бастаған батырларын, ту 
көтерген ұлдарын жоқтау арқылы ардақтау – бағзы заманнан 
келе жатқан салт.
Мұң
-
шерді
 
сыртқа
 
шығару
 
– «Жоқтау», «Жылау», «Дауыс» 
деп түрліше аталғанымен, бұлар адамның қазасына байланысты 
айтылатын азалы рәсім. 
Қазақ дәстүрі бойынша қайтыс адамның артында қалған жұ-
байы, қызы, қарындасы, келіні, т.б ең жақын туыстарының әйел-
дері марқұмның жылы толып, асы берілгенше қара жамылып үш 
мезгіл таңертең, түсте, кеште жоқтау айтқан. Ән 7-8 буынды өлең 
шумағында құрылып, үлгісі жағынан жоқтаудың музыкалық-
интонациялық әуе-сазы сыңсу, естірту, көңіл айту, т.б. ғұрыптық 
ән-әуендердің стиль ерекшелігіне қарай сабақтасады.
Жоқтау
– түркі халықтарында ежелден тұрмыс-салтымен 
бірге келе жатқан көне жанр, адам қайтыс болған күннен бастап 


305 
оның жылы өтіп, асы берілгенше айтылады. Жоқтау барлық 
адамның жан дүниесiн тебiрентетiн, сай-сүйегiн сырқырататын, 
егiлтетiн болуы керек. «Өлеңмен жер қойнына кiрер денең» деп 
ұлы Абай атамыз айтқандай, жоқтау әсем дауысты әйелдердiң 
айтуымен құлаққа жетсе, күңiренген жұрт ұйып тыңдап, ерiксiз 
егiледi. 
 
Жоқтау
 
өлеңдерінің

тәрбиелік
 
мәні
 
Жоқтау тәрбиелік үлгі-өнегесі бар, мәдениеттілік пен адам-
ды бағалаудың және оны есте сақтаудың бір белгісі ретінде 
қалыптасқан. Жоқтау – аза ғұрпын көтере түсетін, қайғыны
басатын, қазаға аса лайықты қаралы салттың бірегей түрі. 
Қайтыс болған адамның жақсылығын, еліне істеген қызметін, 
үлгі-өнегесін паш ететін тұрмыс-салт дәстүрі, жыры, зарлы 
өлең.
Жоқтаудың дінге қатысы жоқ, ол қалыпты халықтық салт, 
өлімнің берік әдет-ғұрпы деп ұғыну керек. «Боздағым» деп 
басталатын қазақтың жоқтау жырлары – елге үлгi. Қазақ жыр-
ларынан бастау алатын жоқтаулардағы зарлы, өкiнiштi сезiм-
дердi бейнелейтiн тұсына ел өзегi өртене өксiсе, ендi бiрде оның 
терең өмiр белестеріне үңілте отырып, мәндi де мағыналы ой 
түйiндеуi сөзсiз. 
Осындай аса ауыр күйзелісті қайғыға түскен адамға жұрт 
келіп, 
көңіл
 
айтады

Көңіл
 
айту
– азалы адамды жұбатуға арналған дәстүрлі 
ғұрыптық салт. Бұл ізгі дәстүр көптеген халықта ертеден бар. 
Көңіл айту 
жаны
 
ашығандықты

қайғыға


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет