122
Интеллектуалдық қабілеттер диагностикаланатын тесті-
лердің барлығы дерлік теориялық, абстрактілік негізде құры-
лады. Менеджердің интеллектуалдық функцияларына қойы-
латын талаптарды қолданыстағы тестілер жасалған талаптар-
мен салыстыруға болмайды. Сондықтан да нәтижелер қарама-
қайшы.
Басқару іс-әрекеті тиімділігінің интеллект деңгейіне қисық
сызықты тәуелділігі соңғы уақытта анықталған басқа да себеп-
термен түсіндіріледі, мысалы:
1) интеллект деңгейі мен басқару іс-әрекетінің өтілі ара-
сындағы кері байланыстың болуы;
2) басқару іс-әрекетінің өтілі салыстырмалы түрде аз адам-
дарда жоғары интеллектің болуы.
Интеллектуалдық көрсеткіштердің өтіл өсуі кезіндегі тө-
мендеуінің екі негізгі себебі бар: психофизиологиялық функ-
циялардың, соның ішінде интеллектің табиғи жас ерекше-
лік инволюциясы және интеллектуалдық тестілердің көп-
шілігі негізделген академиялық білімдер мен машықтар-
дың «ұмтылуы». Жетекшінің интеллекті көп дәрежеде тео-
риялыққа қарағанда практикалық бола түседі. Басқару іс-
әрекетінің жалпы тиімділігіне интеллектің өзі емес, өтіл мен
оның туындысы кәсіби және өмірлік тәжірибе көбірек ықпал
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: