Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Басқару іс-әрекетіндегі реттеу процестері



Pdf көрінісі
бет47/179
Дата23.09.2023
өлшемі1,92 Mb.
#109928
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   179
Байланысты:
133929 (1)

3.5 Басқару іс-әрекетіндегі реттеу процестері 
Когнитивтік психикалық үдерістер адамға оның өзін бақы-
лауында тікелей берілген, олардың кез келген іс-әрекетті қам-
тамасыз етудегі рөлі айқын. Іс-әрекетті тұтастай ұйымдастыру үшін 


128 
бір ғана когнитивтік процестер жеткіліксіз, өйткені кез келген 
мұндай үдеріс – бұл белгілі бір абстракция, ал басқару сияқты күр-
делі іс-әрекетте ол кешенді түрде жүргізіледі. Сондықтан когни-
тивтік жүйенің жұмысын реттейтін арнайы үдерістер болуға тиіс. 
Барлық когнитивтік үдерістер бір-бірімен байланысқан, 
бірақ олар басқа да психикалық үдерістермен, яғни көңіл-күй, 
мотив, еріктік үдерістермен де өзара байланысады. Өзінің бас-
тапқы бағдарлануы бойынша олар танымға, ортаға бағдарла-
нуға, ақпаратты қайта өңдеуге бағытталған.
Бірақ бұл үдерістер басқару іс-әрекетін қамтамасыз етуші 
үдерістер класының бірі ғана болып табылады. Екінші класс – 
бұл психикалық үдерістердің «іс-әрекетті реттеу процестері» 
ұғымымен белгіленген жиынтығы. Психологияда осыған бай-
ланысты психикалық үдерістер жүйелігінде тағы да бір рет-
теулік туралы ұғым қалыптасты. Реттеу процестері іс-әрекетті 
тұрғызуға және реттеуге тікелей бағытталған. Кез келген іс-
әрекет мақсат түзу, жоспарлау, болжау, шешім қабылдау, өзін 
бақылау, түзету процестерінсіз мүмкін емес. Олардың барлығы 
өзінің құрылымы бойынша кешенді және синтетикалық болып 
табылады, өзінің құрамына көңіл-күй, ерік, мотив сияқты негізгі 
когнитивтік процестерді қосып алады.
Реттеу процестері – бұл негізгі психикалық процестер жұ-
мысы тұтастығына қол жеткізетін синтетикалық түзілімдер, 
сондықтан оларды іс-әрекеттің психикалық реттелуінің «инте-
гралдық процестері» ұғымымен белгілейді. Когнитивтік про-
цестермен қатар олар психикалық процестердің екінші негізгі – 
реттеулік немесе интегралдық класын түзеді. 
Мақсат түзу, антиципация, шешім қабылдау, жоспарлау, бағ-
дарлау, өзін бақылау, түзету процестері іс-әрекеттің ерекше 
мәселелері ықпалымен қалыптасады және іс-әрекетті ұйым-
дастыруға бағытталған. Бір мезгілде олар барлық когнитив- 
тік процестердің, сондай-ақ «бірінші қатардағы» күрделі деп 
есептелетін көңіл-күй, ерік және мотивтік процестер бірігуі- 
нің өнімі болып табылады. Сондықтан реттеулік процестерді 
«екінші қатардағы» процестер ретінде қарастырады. Олар әлде-
қайда кешенді, өйткені басқа үдерістердің барлығына қарағанда, 
негізгі тұлғалық сапалармен көбірек байланысқан [55]. 


129 
Интегралдық үдерістердің әрқайсысының дамуының жеке 
шамасы өз бетінше тұлғалық сапа ретінде болады. Бұл үдеріс-
тер аз реттелген, олар жақында ғана өзіндік психологиялық 
ерекшеліктерге ие психикалық үдерістердің айырықша класы 
ретінде қарастырыла бастады. Ол көбінесе басқару іс-әрекеті- 
не тән, негізгі басқару функцияларының инварианттық жиын-
тығының орындалуын талап етеді. Олар бұрын «әкімшілік» 
(классикалық) мектепте сипатталған болатын және барлық
соның ішінде қазіргі келістерде де сақталады. Оларды іске 
асыру – басқарудың негізгі мәні. Негізгі басқару функцияла- 
ры – бұл оны ұйымдастырудың интегралдық үдерістері. 
Жетекші болса осы үдерістерді ұйымдастыруға және іске асы-
руға тиіс. 
Интегралдық үдерістердің ең жалпы ерекшелігі, өзінің іске 
асу механизмдері бойынша олар психологиялық түзілімдердің 
өзі болып табылады, оларға психикалық үдерістердің басқа 
кластарын (идеалдық, тақырыптық, субъективтік, мақсатты бағ-
дарлық) сипаттайтын негізгі қасиеттердің барлығы тән.
Интегралдық үдерістердің әрқайсысы үшін олар жүзеге 
асыратын құралдардың өзіндік операциялық құрамының болуы 
солардың екінші жалпы ерекшелігі болып табылады. Кез келген 
психикалық үдерістің маңызды белгісі – бұл өзіндік және сол 
үшін өзіндік операциялық құрамның болуы. Мысалы, талдау 
(анализ), синтездеу, салыстыру абстрактілеу, т.б. ойлау үдерісі-
нің операциялары болып табылады. Шешім қабылдау үдерісінің 
операциялары – бастапқы айқынсыздықты тану, таңдау мә-
селесін тұжырымдау, баламаны генерациялау және сұрыптау 
(селекция), т.б.
Интегралдық үдерістер құрамының синтетикалылығы мен 
реттеулік бағытталуы олардың ерекшеліктері болып табылады. 
Кез келген интегралдық үдерістің синтететикалылығы оның 
кешенділігінен көрінеді, өйткені ол психикалық үдерістер- 
дің – когнитивті, көңіл-күй, ерік, мотивтік үдерістерді біріктіру 
арқылы түзіледі. Реттеулік бағытталу интегралдық үдерістердің 
іс-әрекетті ұйымдастыруға және соған байланысты мәселелерді 
(мақсат түзу, жоспар құру, т.б.) шешуге бағдарлануында бо-
лады. 


130 
Интегралды үдерістер – когнитивтік үдерістер мен атқарушы 
іс-әрекеттер арасындағы байланыстырушы буын, яғни бұл да 
оның ерекшелігі болып табылады. Олар тек қана когнитивтік 
үдерістер негізінде ғана емес, солардан кейін де таралады, сон-
дықтан оларды метекогнитивтік ретінде белгіленеді. 
Әрбір интегралдық үдеріс іс-әрекетті ұйымдастырудың бел-
гілі бір кезеңіне байланыстырылады. Осы үдерістердің жиын-
тығы іс-әрекетті ұйымдастырудың мақсат түзуден нәтижелерді 
түзетуге дейінге тұтастай циклін құрайды. Іс-әрекетті ұйым-
дастыруға байланысты мәселелер күрделілігі жағынан үлкен 
айырмашылықтарымен сипатталады. Сондықтан интегралдық 
үдерістердің күрделілігі шамаларының айырмашылығы да өте 
зор. Қарапайым мәселелерде олар қысқартылған формада, 
сансыз, автоматты түрде жүзеге асады. Бұл жағдайда олар пси-
хологиялық операциялар сипатында болады. Мәселелер күр-
деленген кезде бұл үдерістер дербес мақсатқа ие болады және 
іс-әрекет формасын ала отырып, саналануға тиісті болады; аса 
күрделі жағдайларда олар толық дербес іс-әрекетке түрленеді.
Интегралдық үдерістер психологияда белгілі үш негізгі 
формада, яғни операцияда, іс-әрекетте көріне отырып, поли-
морфтылық қасиетке ие. 
Интегралдық үдерістердің когнитивтік үдерістерден күрт 
бөлекше тағы да бір ерекшелігі бар. Когнитивтік үдерістер 
өзіндік иерархия түзеді, оның «шыңында» барлық үдерістерді 
өзіне бағындыратын және қосып алатын ойлау үдерісі тұрады. 
Сондықтан психологияда когнитивтік үдерістерге қатысты 
олардың иерархиясы ұғымы қолданылады. Интегралдық үде-
рістер жүйесі мүлде басқа суреттемені білдіреді. Кез келген 
интегралдық үдеріс жетекші бола алады, бұл жағдайлардың, 
мәселелердің іс-әрекетті ұйымдастыру кезеңдерінің өзгеруіне 
байланысты болады. Бұл үдерістер басқа бір, ғылымда белгілі 
және әлдеқайда жалпы принциптегі гетерархиялық үдерістің 
базасына негілделген. Ол бірнеше «басқару орталықтарының» 
бір мезгілде және олардың жағдайға байланысты динамикалық 
қайта тартылу мүмкіндігінің болуын білдіреді. Бұл барлық 
үдерістер іс-әрекетте қаншалықты толық ұсынылатынына және 
келісілетініне қарай, олардың тиімділігі байланысты болады. 


131 
Интегралдық үдерістердің мәнділік бойынша наритеттілігі бас-
қару іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігін байқатады және басқару 
теориясында үнемі белгіленіп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет