Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



бет23/166
Дата02.12.2023
өлшемі1,86 Mb.
#131956
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   166
Байланысты:
Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова-emirsaba.org

2.7 Мотивациялық қызмет 

Ұйымның тиімді іс-әрекеті, сондай-ақ жеке өнімі қызметкер-


лердің мотивациялану дәрежесіне тәуелді болады, сондықтан
атқарушыларды мотивациялау – қызметкерлердің мотивация-
лануын жасап іске асыру мен жетілдіру жетекшінің маңызды
қызметі болып табылады. 


67
Мотивация қызметінің мазмұнын ашу тұтастай алғанда 


еңбек іс-әрекетінің мотивациялану мәселесімен байланысқан,


бұл осы мәселенің кеңдігі мен кешенділігіне байланысты оның 
шешілу қиындығын туғызады.
Басқару іс-әрекетінің төмендегідей өзіндік аспектілері бар: 
1) атқарушылық іс-әрекеттің мотивациялану сипаттамасы;
2) жетекші іс-әрекетінің өзіндік мотивация сипаттамасы 
(басқарудың мотивациялануы);
3) мотивация қызметінің өзіндік құрылымы мен мазмұнын 
басқару іс-әрекетінің негізгі компоненттерінің бірі ретінде си-
паттау.

Басқару тәжірибесінде бұл аспектілер тығыз байланысқан.


Еңбек іс-әрекетінің мотивация теориясындағы жалпы 
ережелердің бірі – мотивация қажеттілігі бірлескен іс-әрекет
кезіндегі еңбек бөлінісінің нәтижесі болып табылатындығы. 
Оның әрбір мүшесі үшін, ол өзі жеке қызметкер ретінде атқар-
ған міндетіне байланысты алатын жетістіктері нақты мотива-
циялануы болып шығады. Мотивация жүйесінің екі принципі
бар:

1) тек материалдық жағдайға емес, қызметкерге тиесілі


барлық қажеттіліктердің типтері мен түрлерінің барлығына 
бағдарлануы;
2) әрбір атқарушының қорытынды нәтижеге нақты үлесін 
баламалы бағалау және осы үлеске сай ынталандыруды қам-
тамасыз ету. 
Екінші принцип ұйымдастыру құралдарын қолдануға, ал
біріншісі тұлға мотивациясының құрылымы туралы психоло-
гиялық түсініктерге тұрақтанады. Сондықтан мотивация барлық
басқару қызметінің ішінде «психологиялық» ретінде қарас-
тырылады. Бұл – басқарудың практикалық психологиясы.
Мотивация қызметінің мәні – жоғарыда көрсетілген екі прин-
ципті қанағаттандыратын жүйе жасау. Тұлғаның мотивация
әлеуетін толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін материал-
дық мотивация мен ынталандыруды дараландыру қате болып
табылады. Бұл әлеуетті тиімді пайдалану үшін жетекші оның 
қандай факторлардың негізгі категорияларынан тұратынын
білуге тиіс. Мотивация жалпыпсихологиялық тұрғыда – іс-


68
әрекетке саналы түрдегі ішкі ұмтылысы. «Мотивация саласы» 


ұғымымен тұлға белсенділігінің барлық ынталану көздері бі-


рігіп, оған келесі компоненттер кіреді: тұлғаның қажеттіліктері, 
мүдделері, ұмтылыстары, сенімдері, ынталандырулары, идеал-
дары, сондай-ақ мінез-құлықтың әлеуметтік рөлдері, норма-
лары, ережелері, стереотиптері, өмірлік құндылықтары мен
мақсаттары, тұтастай алғандағы дүниетанымдық бағдарлануы. 
Бұл жіктеме негізгі болғанымен, жалғыз емес. Қажеттіліктер
басқа негіздер бойынша да сипатталады: туа біткен және қа-
былданған, бірінші және екінші, нәтижелі және процессуалды,
т.б. қажеттіліктердің типтерінің алуан түрлілігі солардың не-
гізінде қалыптасатын мотивация күрделілігін анықтайды, демек
мотивация саласына қажеттіліктің әртүрлі санаттарын «қоса» 
отырып, әсер етуге болады. Психологияда мінез-құлық пен іс-
әрекеттің жартылай мотивациялық ұғымы бар. Әртүрлі моти-
вациялар арасында оң (позитивті) және теріс (негативті) сипат-
тағы қатынастар қалыптасуы мүмкін, сондықтан олардың атқа-
рушыға ықпал ету әсерінен келісіп алу қажеттігі туындайды.
Атқарушы іс-әрекеттің мотивация тұжырымдамасы 

Мотивация теориясының ережелері басқару тәжірибесінде 


менеджмент эволюциясының барлық кезеңінде әртүрлі жүзеге
асырылды. Қызметкердің мотивация табиғатын жалпы тұжы-
рымдауға деген үш негізгі тәсіл атап көрсетіледі: Х теориясы, Y
теориясы және Z теориясы (Д. Мак Грегор, О. Шелдон, В. Оучи). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет