Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



бет70/166
Дата02.12.2023
өлшемі1,86 Mb.
#131956
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   166
Байланысты:
Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова-emirsaba.org

nal leadershіp» ұғымы әлдеқайда «жетекші» терминіне, ұйым-
дық көшбасшыға сай келеді. 
Көшбасшылық пен ресми жетекшіліктің топ іс-әрекетіндегі
айырмашылығы келесі жағдайлармен анықталады: 
1) көшбасшы топтағы тұлғааралық қатынастарды, ал жетек-
ші топтың ресми қарым-қатынасын әлеуметтік ұйым ретінде 
реттейді;
2) көшбасшылық – микроортаның элементі, жетекшілік – 
макроортаның элементі, өйткені ол қоғамдық қатынастар жүйе-
сімен байланысқан; 
3) көшбасшылық – стихиялық процесс, ал жетекшілік мақ-
сатты бағытталған, өйткені әлеуметтік құрылым элементтерінің 
бақылауымен жүреді;
4) жетекшілік – тұрақты құбылыс, көшбасшыны ұсыну топ-
тың көңіл-күйіне байланысты, сондықтан көшбасшылық құбы-
лысының тұрақтылығы төмендеу; 
5) көшбасшылықта жетекшілік игерген белгілі бір санкция-
лар жүйесі жоқ, ал жетекшілікте белгіленген санкциялар жүйесі 
бар;



197
6) көшбасшы топтық іс-әрекетке тікелей қатысты шешімдер 


қабылдайды, ал жетекшінің шешім қабылдау процесі көптеген,


тіпті осы топқа міндетті түрде топпен байланысы жоқ шешім-
дерді де қабылдауға мәжбүр;
7) жетекшінің іс-әрекет саласы көшбасшыға қарағанда ауқымды, 
өйткені ол топты әлдеқайда кең әлеуметтік жүйеде ұсынады.
Кез келген топ ресми болсын не ресми емес болсын, ұйым-
дасу қажет. Мұның ең қарапайым жолы – топ ішінен бір адамға
реттеу және басқару функциясын жүктеу керек. Егер ресми 
топта ол адамдарды жетекші деп атасақ, ал бейресми топтарда
оны басшы деп атаймыз. 


Басшылық ету – топ немесе ұйым мүшелерінің мінез-құлық
психологиясына тән, ал жетекшілік – басқару және қол астын-
дағылардың орнын бөлуі топтағы әлеуметтік қарым-қатынасын
сипаттайды. 
Көшбасшылық, негізінен, топ немесе ұйым мүшелерінің мі-
нез-құлқының психологиялық сипаттамасы, ал жетекшілік – 
топтағы қарым-қатынастың басқару және бағыну рөлдерін та-
рату тұрғысынан алғандағы әлеуметтік сипаттамасы.
Жетекші мен көшбасшы топ мүшелеріне әсер етудің сапалық
әртүрлі формаларына және дәрежесіне ие. Бұл айырмашылықтар 
олардың басқару іс-әрекетін нақты жүзеге асыруға, олар өзде-
рінің жетекші көзқарасын қалай жүргізетініне ықпал етеді. 
Көшбасшы топқа және оның мүшелеріне, оларды қандай да
бір мақсатқа жетуге бағыттай отырып ықпал етеді, ықпал бедел 
құбылысы арқылы жүзеге асады. Жетекші ықпалымен және бе-
делімен қатар билікке, мәртебеге ие, бұл енді «ықпал ету қабі-
леті» емес, ықпал ету міндеті болып табылады. Бұл ұғымның «же-
текші» және «көшбасшы» ұғымдары екі топқа бөлінеді: 
Көшбасшы және жетекші түсініктері екі топқа бөлінеді: 

Көшбасшы түсінігіне: 


Жетекші түсінігіне:
– бейресми ұйымдар 
– ресми ұйым
– бейресми басшы 
– ресми басқарушы
– «Жетекші» 
– «ұйымдастырушы»
– реттеу (үйлестіру) 
– басқару
– әсер ету
– билік ету
– бедел

– мәртебе





198
Көшбасшы мен жетекшілердің айырмашылықтары: 

Көшбасшы: 
Жетекші
– тұлғааралық қатынасты реттейді 
– топтың әлеуметтік ұйым ретінде
қатынастарын реттейді 
– микроортаның элементі
– макроортаның элементі 
– басшылық ету кенеттен ауысып кетуі
мүмкін

– мақсатқа бағытталған


– басшының орны тұрақсыз 
– тұрақты құбылыс
– басшыда белгіленген санкциялары 
жоқ
– белгіленген санкциялар жүйесі 

бар
– тек топқа байланысты шешімдер 


қабылдайды
– топпен байланысы жоқ шешім-
дерді де қабылдауға мәжбүр
Басқару іс-әрекетін психологиялық сипаттау үшін жетекші 

мен қарамағындағылардың биліктік қарым-қатынастарының ерек-


шеліктерін ашып көрсету айрықша мәнді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет