Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



бет66/166
Дата02.12.2023
өлшемі1,86 Mb.
#131956
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   166
Байланысты:
Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова-emirsaba.org

Д. МакКлелландтың мотивация тұжырымдамасы. Негізгі
зейіні жоғары – өзіндік тұлғалық қажеттіліктерге («екінші») ауда-
рылады. Автор нақ солар адамдық мінез-құлықтың өзіндік ерек-
шелігіне, оның күрделілігі мен қарама-қайшылығына шешу- 
ші ықпал көрсетеді деп есептейді. Бұл теория мазмұндық топқа
жатады – онда қажеттіліктердің негізгі үш тобы: биліктегі, та-


быстағы, қатысудағы (партисипативтілік қажеттілігі) қарасты-
рылады.

Билікке қажеттілік адам белсенділігінің мотивтік жүйесіне


мұндай түрде бірінші рет енгізіледі. Оны құрмет өзін көрсету- 
ге қажеттіліктердің туындысы және синтетикалық ретінде
қарастырады. Мұндай қажеттілігі бар адамдар доминантты- 
лықтың тұлғалық сапасымен сипатталады. Олар белсенді,
қуатты конфронтациядан қорықпайды, өз көзқарастарын қорғай 
алады.
Табысқа қажеттілік (жетістік мотивациясы) – тұлғаның ба-
залық екінші қажеттілігі. Табысқа қажеттілік барлығы үшін жал-
пы болып табылады, оның даму шамасында ғана айырмашылық-
та болады. Д. МакКлелланд қоғамның және бүкіл елдің тұтастай
дамуының деңгейі оның азаматтарында осы қажеттіліктің даму 
деңгейіне байланысты деп есептейді.
Дж. Аткинсон кейінірек табысқа қажеттіліктің сәтсіздікті 
болдырмау, сондай-ақ базалық қажеттілікпен сабақтастықта қа-
растырылуға тиіс екендігін көрсетті. Мотивациясы күшті адам-
дар табысқа ұмтылады, ал мотивациясы әлсіз адамдар сәтсіздік-
тен қашады. Бұл жағдай соңынан Дж. Аткинсон мен Д. МакКлел-
ландтың субъективті басымырақ тәуекел теориясының негізіне
кіреді. Мотивациясы жоғары, жетістікке қол жеткізген жетек-
шілер тәуекелдің орташа деңгейін жөн көреді. Орташа тәуекел
жағдайында іс-әрекет табыстылығы жеке үлеске едәуір тәуелді 
болады, бірақ әлдебір тәуекелділікті білдіреді. Егер тәуекелдік
элементін алып тастаса, онда «ұтыс» ықтималдығы күрт төмен-
дейді. Жетістіктің төмен мотивациялануы, әдетте, жетекшіліктің
босаңдық стилімен байланысады. 


189
Қажеттіліктің қарастырылған екі (билікке және табысқа) 


типі тұлғаның басқару іс-әрекеті бейімділігіне және оның тиім-


ділігіне ықпал етеді. Қажеттіліктердің үшінші санаты – қатысу-
лықпен қатар, олар жетекші мінез-құлқының маңызды мотив-
тену факторларын ашып көрсетеді. Осы тұжырымдама негізінде 
туындаған «жетістікті мотивтендіру» ұғымы бүгінгі күні басқа-
ру іс-әрекетінің басты және ең өзіндік ерекше мотивтері болып 
есептелінеді. Осы ұғым арқылы психологияның карьераның ке-
зеңдерін, типтері мен қозғаушы күштерін қарастыратын арнайы 
саласы – карьералық психология заңдылықтары сипатталады.
«Жетістікті мотивтендіру» ұғымы кең ауқымда тұлғаның басқа 
мотивтермен өзара әсерлесетін, олардың күшін анықтайтын
және осы тұлға үшін оларды қанағаттандыру деңгейіне сай ке-
летін метамотивтерінің бірі ретінде айтылады.
Мотивацияның процессуалдық теориялары 

Бұл теориялардың барлығы мазмұндық концепцияларда ашып 


көрсетілген қажеттіліктердің болу мәнділігін таниды, бірақ олар
адам мінез-құлқы тек қана олармен анықталмайтынын, ал жағ-
дайды қабылдауға, таңдалатын мінез типінің нәтижелерін бол-
жауға тәуелді екендігін көрсетеді. 


В. Врумның «күту» теориясыКүту ұғымы мұнда тұлғаның
белгілі бір оқиғаның ықтималдығын бағалауы ретінде анықта-
лады. Күту жетекшінің мотивтену мінезінің негізінде жатыр.
Бұл теорияда негізгі зейін басты үш өзара байланысқа ауда-
рылады:
1. Еңбек шығыны мен нәтижелердің (Ш – Н) өзара байла-
нысуы қатынасындағы күту. Егер адам олардың арасында тура
байланыс барын сезсе, мотивтену өседі және керісінше. 
2. Нәтижелер мен марапаттаудың (Н – М) өзара байланысуы
қатынасындағы күту. Егер олардың арасында тура байланыс 
байқалса, онда мотивация артады.
3. Күтілетін мадақтау немесе марапаттаудың субъективтік 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет