287
− жанжалдасушыларың мүдделерін анықтау. Бастысы – ұс-
таным емес, мүдде. Біздің ұстанымымыз – бұл, біз мәлімдеп
жатқан, пікір білдіріп жатқан, біздің мәселені шешудің үлгісі.
Біздің мүддеміз – бұл бізді осы
шешімді қабылдауға қозғаушы
күш. Мүдделер – бұл біздің қалауымыз бен уайымымыз, оларда
– мәселені шешудің кілті;
− қатысушылар мен туындаған мәселелерді жіктеу;
− жанжалдасушылардың жеке сапаларын есепке алу;
− жанжалдасушылардың өзара қатынасында (өзара, ұйым-
ның басқа мүшелерімен, жетекшімен т.б.) жанжалдың алдында-
ғы жағдайды есепке алу.
2) Жанжал қатысушыларына қатысты өзінің әділдігін,
объективтілігін және бейтараптылығын ашық мәлімдеу. Же-
текші үшін ең бастысы – істің мүддесі және ұйымдағы өзара қа-
рым-қатынас.
3) Жанжал объектісін және жанжалдасушылардың нара-
зылықтарының санын қысқарту.
4) Бастамашыға әділ, әрі кесіп-пішілмеген қарым-қатынас.
Наразылық пен келіспеушіліктің артында адамды тартындыра-
тын, оған ыңғайсыздық тудыратын елеулі мәселе тұрғанын ұмы-
тпаған жөн.
5) Бағынушылардың жанжалын басқару процесінде эмоция-
лық ұстамдылық әрі байсалдылық таныту.
6) Жанжалды басқару мен шешудің ең тиімді әдісін анық-
тау. Әдісті жүзеге асыру барысында тараптарға мәселені шешу-
дің өз нұсқаларын ұсыну.
«Аралық сот» рөлінде жанжалды басқарудың тікелей және
жанама әдістері. Жетекші бағынушылары арасында туындаған
жанжалды шешу үшін қолдануы мүмкін болған әдістердің
арсеналы қандай?
Тікелей әдістерге келесілер жатады:
− жетекші жанжалдасушыларды
кезегімен өзіне шақырады
және әрқайсысына жанжалдың мәні мен себептерін айтып беру-
ді сұрайды. Мұнда ең бастысы, бірінің басқасын қаралаудағы
кез келген талпынысын тоқтату және эмоция емес айғақтарды
талап ету: «...туралы барлық жаман нәрсені оның көзінше айту
керек, артынан емес. Мен әлі сендерге ондай мүмкіндікті жара-
тып беремін»;
288
− жетекші екі жанжалдасушыны шақырады және оның қа-
тысуында мәселенің мәнін кезегімен айтып беруін сұрайды.
Мұнда, кері эмоция басым болса, ол қарсы пікір білдірушілердің
сөзін бөледі; қатал әрі зейінді, тәуелсіз әрі бейтарап тұсты ұс-
танады;
− жетекші жанжалдасушыларға қызметтестері, жұмыстағы
жолдастары тобында бір-біріне
өз наразылықтарын білдіруді
ұсынады. Мұнда ол осы әңгіме қатысушыларының пікірі, сөз-
дерінің негізінде шешім қабылдайды. Қабылданатын шешімдердің
басты өлшемі – топтың абыройы, оның талқылаулары мен ұжым-
дық шешімі пікірталас тудырмауы әрі объективті болуы керек;
− егер жанжал басылмаса, онда жетекші жазалау шарасына
көшеді; мұнда жазалау шарасының диапазоны қайталамалы
сыни ескертулер мен жанжалдасушылармен
сұхбаттан әкімші-
лік жаза және кадрлық орын ауыстыруға дейін ауытқиды.
Аталған тікелей амалдармен қатар, жанжалдарды шешудің
бірқатар
жанама әдістеріде бар:
− жеке сөйлесу барысында жетекші
«сезімдерді шығару»
Достарыңызбен бөлісу: