71
2) жұмысты әділ бағалау;
3) марапаттау нәтижелілікке байланысты;
4) бәсекелестік емес, ынтымақтастық атмосферасын туғызу;
5) жұмысқа кепілдік, т.б.
Мотивацияның тағы да үш жалпы «экономикалық ережесі»
бар:
1. Сыйақы көлемі еңбекақының 30 пайызынан кем емес.
2. Экономикалық әдістер тиімділігі, олардың әлеуметтік-
психологиялық әдістермен сабақтасуы кезінде күрт өсуі. Мы-
салы, сыйақыны көпшіліктің алдында тапсыру.
3. «Шалғай материалдық пайданың» қателіктерінен қашқақ-
тау (зейнетақы қорына жарна аудару ағымдық мотивацияға
ықпал етпейді).
Мақсаттық әдіс екі маңызды психологиялық заңдылыққа
негізделеді:
1. Мақсаттарға нақты форма беріледі, бұл мотивацияның
артуына соқтырады. Психологияда субъективті қабылданған
мақсаттың болуы мінез-құлықтың маңызды және дербес мо-
тивациясы болып есептеледі. Мұндай мақсат «квазиқажеттілік»
ұғымымен белгіленеді.
2. Қиын мақсаттар жеңіл қол жететіндермен салыстырғанда
үлкен мотивациялы күшке ие болады. Бұл, психологиялық тұр-
ғыдан, қиын мақсат адамның өз мүмкіндіктері мен өзінің мән-
ділігін өзі бағалауын арттырады деп түсіндіреді.
Жетекшілік атқарушылар алдындағы төмендегідей мақсат-
тарын тұжырымдайды:
1) мақсаттардың өлшемділігі;
2) жұмыс нәтижелерін белгілеу;
3) дәл мерзімдер;
4) еңбек өнімділігінің өсу мүмкіндігіне зейінді шоғырлан-
дыру;
5) атқарушылар үшін әлеуетті ынталандырулар;
6) ұйымды қолдау;
7) бақылау;
8) мақсатқа жауапты тұлғалар;
9) мақсатқа қол жеткізу нәтижелерінің айқындығы, баға-
лануы, т.б.
72
Жұмыстарды жобалау және қайта жобалау әдісі (еңбекті
байыту). Жобалау мен қайта жобалаудың мақсаты мотивацияны
жетілдіру жолымен арттыру. Қайта жобалау адамның өз жұмы-
сына деген қатынасын оң қатынастарға өзгертеді, мотивация
мен еңбек тиімділігін арттырады. Мұндағы басты ереже –
қызметкерді жұмысты жобалауға тарту. Осы әдістің негізінде
еңбекті «кеңейтудің» (байытудың) психологиялық заңдылық-
тарын ескеру қажет. Жұмыстың мазмұны мен ұйымдастырылуы,
оған гигиена факторларының, әсіресе мотив-факторлардың
толық жиынтығын енгізетіндей етіп өзгереді. Мотивацияға қа-
тысты жұмыстың негізгі сипаттары:
1) нәтижеге жауапкершілік;
2) жетістіктер: қызметкердің маңызды жұмыс атқарып
отырмын деген сенімділігі;
3) ресурстарды бақылау;
4) кері байланыс: жұмыс нәтижелері туралы ақпарат;
5) кәсіби өсу мүмкіндігі;
6) қызметкерді еңбек жағдайлары барысында бақылау.
Д. Хакмэн және Г. Олдхэмнің тұжырымдамасын байытудың
басқа вариантына сәйкес, келесі ерекшеліктерге, яғни алуантүр-
лілікке, мәнділікке, аяқтауға, дербестікке, психологиялық ком-
фортқа, жеке және кәсіби өсу мүмкіндігіне, антимотиватор-
лардың болмауына ие еңбек қана жоғары білікті болып есеп-
телінеді.
Қызметкерлерді тарту әдісі – қызметкерлерді еңбек про-
цесін ұйымдастыруға және оларды басқаруға қауымдастыру.
Атқарушы басқару әсерлерінің пассивті объектісінен белсенді
қатысушыға – басқару субъектісіне айналады. Шығармашылық
белсенділік, құлшыныс қанат жаяды, жауапкершілік пен мотив
артады. Бұл – психологияда «еңбек субъектісінің әлеуетін жі-
бітудің» ерекше құбылысы деп аталады. Бұл әдістің тиімділігі
жалпы идеология ретінде қолданылатын жапондық менедж-
менттің көшбасшылық жағдайына сәйкес келіп, келесі шарт-
тарды сақтау талап етіледі:
1) мәселені шешу кезіндегі қызметкердің дауыс құқығы;
2) келісімді іздеу;
3) жеке және ұжымдық ақылды қолдану;
73
4) шешімді бірлесе қабылдау;
5) құқықтарды делегациялау;
6) мәселелерді айқындау және іс-әрекетті анықтау;
7) тиісті шарттар мен жағдайлар (туғызу);
8) ынтымақтастықты жақсартуға арналған механизм.
Мотивация қызметін жүзеге асыруға
бейімдік-ұйымдасты-
рушылық жоғарыда қарастырылғаннан шартты түрде ғана
бөлінуі мүмкін, өйткені көбінесе мотивация туғызатын сол әдіс-
тер мен принциптерді қолданады. Оның ерекшелігі, мотивация-
лық әсерлер жүйесі еңбек іс-әрекетінің негізгілері бойынша
жұмысқа қабылдау және кәсіби бейімделуден қызметі аяқтал-
ғанға дейін таратылатынында. Мотивация қызметінің қарасты-
рылған аспектілерінің әдістері мен жүзеге асыру формаларының
барлығы оның бүкіл мазмұнын емес, тек нақты негізін құрайды.
Ол жанама түрде болса да, басқа басқару қызметтерінің барлы-
ғының барысында жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: