Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Басқарудың туынды (кешенді) қызметтері



бет33/166
Дата02.12.2023
өлшемі1,86 Mb.
#131956
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   166
Байланысты:
Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова-emirsaba.org

2.12 Басқарудың туынды (кешенді) қызметтері 
Жетекші іс-әрекетінің құрылымында осы іс-әрекет негізін 

құрайтын қарастырылған қызметтерден басқа басқару қызмет-


терінің тағы да бір санаты объективті беріледі. Бұл – интегра-


циялық, стратегиялық, тұрақтандырушы және ұстанымдық 
қызметтер. Келесі жағдайлар олардың өзіндік ерекшеліктерін 
шарттандырады.
1. Олар басқару іс-әрекетінің бірдебір жіктемесіне қосыл-
майды, басқарудың дәстүрлі қызметтерінің сыртына шығарылады.
2. Олар шоғырланып та, әрқайсысы жекелей де басқару іс-әре-
кетінің қорытылған сипаттамасын береді, іс-әрекет оларсыз толық
болып есептелмейтін жаңа әрі маңызды ерекшеліктерінен тұрады. 
3. Басқару іс-әрекетінің барлық үш негізгі – әкімшілік, кадр-
лық, өндірістік қызметтерін өзіне қосатын олар соның бірде-
біреуіне бекітіле алмайды.
4. Олар өздерінің мазмұны бойынша қарастырылған қыз-
меттердің үш тобына қатысты туынды, қосалқы болып табы-
лады.

Басқарудың туынды қызметтерінің сипаттамасы 
Туынды қызметтердің ерекшеліктері интеграциялық (үй-

лестіруші) қызметте бәрінен де айқын байқалады. Оның маз-


мұны төмендегідей.
Ұйымдастырушылық қызмет ету процесі белгілі бір ішкі қи-
сынға ие, ал оның негізгі компоненттері өзара келісілуге тиіс. 
Ол үшін жетекші іс-әрекетінің барлық негізгі қызметтері тек
әрбір қарастырылған топтар шеңберінде ғана емес, солардың 
арасында да үйлестірілуге тиіс.



93
Кез келген басқару қызметі өз табиғаты бойынша кешенді 


сипатқа ие. Қызметтер мүддесі бір-біріне жиі қарама-қайшы-


лықта болатындықтан, басқару мәселелерін шешу компромистік 
сипатта болады. Интеграциялық қызмет басқарудың өзге қыз-
меттерінің барлығы ұйымдастырушы кешендік болып табылады. 
Интеграциялық және стратегиялық қызметтер арасындағы
шекара барынша шартты, бірақ олардың жалпы элементтерімен 
қатар айырмашылықтары да бар. Стратегиялық қызметтің екі
ерекшелігі бар [45]: 
1) мазмұндық жағынан стратегиялық жоспарлау процесін
іске асырушы бола отырып, ол соның барлық негізгі қызмет-
терін біріктіреді және олардан туынды ретінде тұтастығы мен
үйлесімділігін қамтамасыз етеді; 
2) әдетте, ол өзіне иерархиялық бағыныштағы тактикалық
және жедел қызметтерден дифференциацияланады, бұл атқару-
ды басқару емес, «басқаруды басқару».
Ұсынымдық қызмет дербес болып табылады, ол мұндай 
сапада жетекші іс-әрекетін талдауға алғашқы тәсілдердің
(рөлдік) бірінде-ақ атап көрсетілді (Г. Минцберг бойынша, 
жетекші (басшы) – ол ұйым символы). Ол кешенді және өз-
ге басқару қызметтерінен туынды болып келеді. Оның негі-
зінде жетекшінің жалпы ұйымдастырушылық мүдделері мен
мақсаттарды, ұйым мүшелерінің тұрғысынан соған тән дәс-
түрлер мен ерекшеліктерді персонификациялау механизмі
жатыр.

Психологиялық тұрғыдан ұсынымдықтың (өкілеттіктің)


ерекшелігі оны жүзеге асыру кезіндегі жетекші тұрғысының 
принципті қосарлылығында жатыр. Бір жағынан, жалпы мүдде-
лерді персонификациялай келе, жетекші өз тұрғысын белгілі бір 
топ мүшесі ретінде барынша іске асырады. Екінші жағынан, ол
басқа бір өз ұйымын көрсететін жалпыұйымдық құрылымның 
мүшесі ретінде болады. Ол соның ережелеріне қатардағы мүше
ретінде бағынуға мәжбүр. 
Жеке көзқарастың мұндай қосарлылығы мінез-құлық көрі-
ністерінің қарама-қайшылығына алып келеді. Жетекшінің ше-
каралық жағдайы, оның маргиналдық мінез-құлқының психо-
логиялық құбылыстары туғызатын мәртебе маргиналдығы 


94
ұғымымен белгіленеді. Басшылықтың диктаторлық стилі неғұр-


лым айқын байқалған сайын, жетекшінің өзі жоғары тұрған


басшылықпен байланыста бағыныштыға соғұрлым жеңіл ауы-
сатыны белгілі («бейнеленген авторитарлық» құбылыс).

Жетекшінің маргиналдық шешімдері. Жоғары тұрған ұйым-
ның қысымымен жетекші өз ұйымы ішінде болғанда, қабыл-
дайтынға қарағанда тәуекелі әлдеқайда үлкен шешім қабыл-
данады (тәуекелдің маргиналдық жылжуы). 
Бұл қызметті жүзеге асыру кезінде жетекші имиджі, сондай-
ақ оның тілдік мәдениеті айрықша мәнге ие болады. 
Басқару іс-әрекетінің «қызмет» ұғымымен белгіленетін
бірқатар жақтары бар, дегенмен кең, сондықтан да өте айқын 
емес мазмұнға ие, бұл оның кешенді сипатына байланысты. Бұл
– әкімшілік, тұрақтандырушылық, тәртіптік қызмет. 


Әкімшілік және тұрақтандырушы қызметтер жетекшінің
көптеген өзге қызметтері мен жұмыс бағыттарына негізделеді. 
Олардың мақсаты – ішкі ұйымдық қызмет етудің өзгеретін
сыртқы орта жағдайындағы тұрақтылығын сақтау. Тәртіптік 
қызмет ұйымның ішіндегі оң ортаны қамтамасыз етудің іскерлік
құралы болып табылатын жоғары ұйымдастырушылық мәде-
ниетін жасау мәселелерінің кең спектрін қарастырады.
Сонымен интеграциялық, стратегиялық, ұсынымдық және 
соған ұқсас басқа қызметтер – әкімшілік, тұрақтандырушы және
тәртіптік – басқарудың жалпы жүйесіндегі төртінші, қорытынды 
тобын түзеді. Олар басқа үш топпен (әрекетті-әкімшілік, кадр-
лық, өндірістік-технологиялық) бірге басқару іс-әрекетінің 
мазмұны мен құрылымын ашып көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет