Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



бет21/166
Дата02.12.2023
өлшемі1,86 Mb.
#131956
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   166
Байланысты:
Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова-emirsaba.org

2.6 Шешім қабылдау қызметі 

Шешім қабылдау қызметі жетекшінің бүкіл іс-әрекетінде 




орталық буын болып табылады деген ереже басқару тео-
риясында аксиома болып шықты.
Бұл қызмет басқарудың басқа қызметтерінен азырақ стан-
дарттануымен және алгоритмденуімен ерекшеленгендіктен, 
онда өзіндік субъективті психологиялық факторлардың рөлі зор.
Бұл процесті жеңілдететін шешім қабылдаудың көптеген ере-
желері, процедуралары мен әдістері бар, бірақ әрбір жетекші
мұндағы субъективтік және тіпті интуитивтік факторлардың 
рөлі қаншалықты зор екенін өз тәжірибесі бойынша біледі. Ше-
шім қабылдау қызметі, осыған байланысты басқару теория-
сында да, психологияда да зерттеу тақырыбы болып табылады,
осының нақ өзі басқарудың тек ғылым ғана емес, өнер екенін 


61
сезінуге мәжбүрлейді. Бұл қызметтің мазмұнын талдау сон-


дықтан да бір-бірінен ерекшелікте болатын және өзара тығыз


байланысқан екі – ұйымдастырушылық және психологиялық 
аспектіден тұрады.
Басқару теориясы ұзақ уақыт бойы жалпы мінез-құлық тиім-
ділігі және жеке алғанда шешім қабылдау негізіне негізделеді.
Оның мәні жетекшінің өз мінез-құлқын жағдайдың барлық фак-
торларын барынша ескере отырып, тұрғызатынынан және
шешім қабылдауынан көрінеді. Бұл басқарудың қатаң сұл-
баларының дамуын, «фирманың классикалық теориясының»
қалыптасуын шарттандырды. Бірақ адамға тән психофизиоло-
гиялық шектеулер қатаң тиімді мінез-құлық пен шешім қа-
былдауды мүмкін болмайтындай етеді, ал мұндағы барлық 
объективтік факторларды ескеру мүмкін емес. Басты тезисі
психологиялық (субъективтік) ерекшеліктер – бұл мінез-құ-
лықтың объективті шектеуші факторлары болып табылатын
«шектеулі тиімділік» тұжырымдамасы жасалынды. «Шешім 
қабылдау мектебі» туындайды, фирманың классикалық тео-
риясы мінез-құлық теориясымен алмасады. 
Басқару мен шешім қабылдау теорияларында қазіргі уақытта
екі негізгі – нормативтік және дискриптивтік тәсілдер бар.
Нормативтік тәсіл субъективтік және психологиялық фак-
торлардан дерексіздене отырып, шешім қабылдаудың ереже-
лерін, идеалдық тәсілдері мен «рецептерін» жасауға бағыт-
талған. Дискриптивтік тәсіл, керісінше, бұл факторларды негіз-
гілер ретінде ескеруді талап етеді. Бірінші тәсілдің міндеті –
шешім қалай қабылданатынын, екіншісінің міндеті – бұл қалай 
нақты жүзеге асатынын зерттеу. Басқарудың қазіргі теориясы
осы екі тәсілді сәйкестендіреді [38]. 
Шешім қабылдау қызметін ұйымдық талдау келесідей негізгі
бағыттардан тұрады: 
1) басқару іс-әрекетінің жалпы құрылымындағы шешім
қабылдау процестерінің орны мен рөлін анықтау және оларды 
басқарудың басқа қызметтермен өзара әсерлесуі;
2) ұйымның осы қызметінің жүзеге асуына әлдеқайда күшті 
әсер ететін ішкі және сыртқы орталардың негізгі өлшемдерін
талдау;



62
3) басқару шешімдерін қабылдауды жасау процесінің нор-


мативтік құрылымын сипаттау және оның кезеңдерін анықтау;


4) басқару шешімдерінің негізгі түрлері мен кластарының 
сипаттамалары;
5) басқару шешімдеріне қойылатын нормативтік талаптар. 
Шешім қабылдау басқару іс-әрекетінің жалпы құрылымын-
дағы рөлі жетекшінің ең маңызды басымдығы ретінде қарас-
тырылады. Бұл қызметті бәсеңдету – басқарудың жалпы про-
цесіндегі оның орнын үш жағдаймен анықтау: 
1. Шешім қабылдау қызметі – стратегиялық жоспарлау
процесінің маңызды кезеңі, ол стратегиялық балама мен стра-
тегияны жүзеге асыру кезеңдері арасында тұрақтанады. Осы
кезде жасалатын шешімдер бүкіл ұйымның қызмет етуі үшін 
үлкен мәнге ие.
2. Ол басқарудың басқа қызметтерін жүзеге асырудың өзін-
дік мезанизмі түрінде болады, өйткені олардың қажетті ком-
поненті болып табылады. Мысалы, ұйым мақсаты олардың ба-
ламалары ішінен таңдап алу нәтижесінде айқындалады. Ұйым-
дастыру қызметі де оның құрылымын таңдауға байланысты бо-
лады. Жоспарлау қызметі дамудың қандай да бір стратегиялық
вариантымен ұштасқан. Бақылау қызметін жүзеге асыру да 
бақылаудың формаларын, әдістерін және кезеңдерін таңдауды
білдіреді. 
3. Жетекші іс-әрекетінің кез келген кезеңінде сонда шеші-
летін міндеттер мен мәселелерге қол жету дәрежесін бағалау қа-
жет. Қойылған мақсатқа жету немесе жетпеуге байланысты, же-
текші осы кезең аяқталды ма, келесіге өтуге мүмкін бе, сол туралы 
шешім қабылдайды. Сонымен шешім қабылдау қызметі басқару
іс-әрекетінің бір кезеңдері мен сатыларынан екіншісіне өту рөлін 
атқарады, сондықтан оны байланыстырушы ретінде анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет