Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Өндірістік-технологиялық қызметтер



бет31/166
Дата02.12.2023
өлшемі1,86 Mb.
#131956
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   166
Байланысты:
Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова-emirsaba.org

2.11 Өндірістік-технологиялық қызметтер 
Ұйымның іс-әрекеті сипаты бойынша алуан түрлі нақты бір 

өнім өндіруге бағытталады. Оны жасау іс-әрекетінің мазмұны да


алуан түрлі. Бұлар өндірістік, білім беру, сервистік, құрылыс-
тық, медициналық ұйымдар. Дегенмен әрбір ұйымда өзінің
маңызды компоненті ретіндегі операциялық жүйе бар. Ол тіке-
лей өндіріске, сыртқы орта үшін құндылыққа ие қорытын-
ды өнім жасауға бағытталған іс-әрекетті білдіреді. Басқару 
қызметтері және ұйым іс-әрекетінің басқа аспектілері опе-
рациялық шағын жүйелерді – тауар өндірісін, қызметтерді, 
білімді, т.б. қамтамасыз ету мәселелеріне қызмет етеді. Оны
үйлестіру – басқарудың тікелей тәжірибесінің әр күн сайынғы 
мазмұны.
Кез келген өндіріс үшін оның дамуы мен модификациялық 
қызмет осы топқа жатады.



88
Кез келген өндіріс өнімді өткізуден ажырамайды, сондық-


тан осыған байланысты маркетингтік қызмет қарастыры-


лады.

Өндірістік-технологиялық қызметтер әкімшілік және кадр-


лық қызметтерге, басқару іс-әрекетінің құрылымын әрі қарай 
күрделендіре отырып, тәжірибелік бағытталу береді. Жетек-
ші үшін олар өзінің іс-әрекетінің тікелей мазмұны ретінде 
болады.
Басқару теориясында қызметтердің бұл жүйесіне «класси-
калық», яғни әкімшілік, ұйымдастырушылық және кадрлық қыз-
меттерге қарағанда, зейін кемірек аударылады. Бұл өндірістік 
қызметтер басқарудың жалпы заңдылықтарына қарағанда, ұйым
іс-әрекетінің нақты мазмұнымен көбірек анықталатындығымен 
түсіндіріледі. Оның үстіне, осы қызметтер жүйесін іске асыруда
оның негізгі ұйымдастырушылық принциптері мен психоло-
гиялық ерекшеліктерін сипаттайтын бірқатар жалпы аспектілер
бар. Олардың ең бастысы – ұсынылымдық шамасы.
Жетекші іс-әрекетіндегі өндірістік қызметтер жүйесі оның
ұйымдағы иерархиялық жағдайына өте тәуелді. Қызметі неғұр-
лым жоғары болған сайын, жетекші өндірістік қызметтерді жү-
зеге асырумен соғұрлым аз айналысады. 
Өндірістік-технологиялық қызметтердің ұйымдастырушы-
лық және психологиялық тұрғыдағы мәні өндірістің белгілі бір 
тізбекте қайталанатын, барынша стандартталған өндірістік 

циклдардан тұратынында. Олар жедел реттеуді қажет етеді,
сондықтан оның әрқайсысына қатысты толық басқару циклі 
жүзеге асырылады. Бұл – мақсатты тұжырымдау, мақсатты іске
асыру тәсілдері туралы шешімдерді жоспарлау, қабылдау, 
атқарудың мотивациясын, оның ұйымдастырылуын, бақылауын
және түзетілуін қамтамасыз ету [43].
Негізгі заңдылық өндірістік цикл ауқымына қарамастан,
әрқашан сақталады. Бірақ басқару қызметтерінің барлығы 
уақыттың макроинтервалдарында жүзеге аспайды және бас-
қаруды ұйымдастыруға тұтастай қатынаспайды, нақты өнді- 
рістік мәселемен шектелген уақыттың микроинтервалдарын- 

да іске асырылады. Сондықтан өндірістік қызметтер басқару-
дың толық түрде емес, қысқартыла берілген, басқа қызмет-


89
термен өндірістік мәселелердің өзін шешу үшін қаншалық- 


ты қажеттілікте интеграцияланатындай кешенді болып табы-


лады.

Өндірістік қызметтерде олардың күрделілігі мен қара-


ма-қайшылығын анықтайтын тағы да бір маңызды сипат бар: 
олар теріс сипаттағы және нормативтік іс-әрекетті қиындата-
тын, үнемі өзгеріп отыратын сыртқы және ішкі жағдайларда
іске асады. Жағдайлардың тұрақтылығы мен өзгерімділігі-
нің, нормативтер мен нақты мәселелердің қарама-қайшы- 
лықтағы сабақтастығы түзіледі. Жедел басқарудың мазмұны
осы қарама-қайшылықтың алынуын және өндіріс мақсаттары 
мен міндеттерін өзгеруші шарттарға сәйкес келтірілуін анық-
тайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет