Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



бет42/166
Дата02.12.2023
өлшемі1,86 Mb.
#131956
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   166
Байланысты:
Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова-emirsaba.org

Атқарушылық стиль – ережелер және жалпы қабылданған
нормалар бойынша іс-әрекет. 


Заңнамалық стильпроблемаларды шешуге жаңа жолдар
жасау.

Бағалаулық стиль – «тәртіпке келтіретін» дайын жүйелер-
мен жұмыс. Бұл типтегі адамдар проблеманы талдайды, сы-
найды және жетілдіреді.
Интеллектуалдық қабілеттердің жоғары байқалулары- 
ның арасынан интеллектуалды дарындық типтері атап көрсеті-
леді.

Саналаушылар – интеллект коэффициенті 135 балдан жо-
ғары (Д. Векслер шкаласы бойынша норма – 100-115 балл).


Керемет оқушылар – оқу жетістіктерінің жоғары көрсет-
кіштері бар адамдар. 


Креативтер – шығармашылық, айрықша идеяларды көп
мөлшерде туғызатын және күрделі проблемаларды шешуде 
қажеттілікке мұқтаж адамдар.

Біліктілер – кәсіби білімдердің үлкен көлемі және практика-
лық жұмыс тәжірибесі бар адамдар. 


Таланттылар – қоғамдық мәнді формаларда танымға ие
болған аса интеллектуалды жетістіктері бар адамдар. 


Ақылдылар – «күнделікті» өмірді талдау мен болжауға бай-
ланысты айрықша интеллектуалдық мүмкіндіктері бар адам- 
дар.
Интеллект табиғаты мен құрылымын сипаттау қорытын-

дысында психологиядағы интеллектуалдық қабілеттер тұтас-


тай алғанда тұлғаның жалпы қабілеттерінің бірі ретінде айты-
латынын атап көрсету керек. Бірақ бұл санатқа басқа да, тұл-
ға қабілеттерінің «ранг бойынша» қорытылу дәрежесіне ұқсас 


121
креативтік, оқуға бейімділік, рефлексивтілік кіреді. Іс-әрекетте 


олар интеллекпен, интеллектуалдық іс-әрекеттің жаңа ерекше-


ліктері негіз құра отырып, ажырамас байланыста болады. Бас-
қарулық іс-әрекет үшін жалпы қабілеттердің түзілу кешенді-
лігі әлдеқайда мәнді. Интеллект жалпы қабілеттердің бірі бо-
лып табылатындықтан, соңғылары оған ықпал етеді, мұны же-
текшінің практикалық интеллектісін сипаттау кезінде ескеру 
қажет.

Интеллект және басқару іс-әрекетінің тиімділігі 
60-жылдардың басында басқару іс-әрекеті мен интелектіні 

байланыстыратын негізгі және бастапқы заңдылық анықталды.


Америкалық психолог Е. Гизелли тура емес (ұзақ уақыт бойы 
солай есептелінген және осы саладағы зерттеулерді құрсау-
лаған) қисық сызықты тәуелділік бар екенін байқады. Өте жо-
ғары интеллект бар жетекшілер емес, оның байқалуының қандай
да бір оңтайлы дәрежесі бар жетекшілердің іс-әрекеті әлдеқайда 
табысты болып есептеледі. Бұл нәтижелердің кенеттігі осы
саладағы жаңа зерттеулерді ынталандырды. Олар қазіргі кез- 
де хрестоматиялық болған айқындалған тәуелділікті рас-
тады [52]. 
Дегенмен бұл нәтижелер олардың көптігіне және сенімді-
лігіне қарамастан, «жақсы жетекші – бұл өте ақылды жетекші» 
деген күнделікті ұғыммен сәйкес келе бермейді. Ғылыми және
эмпирикалық мәліметтердің қарама-қайшылық себептерін 
айқындау интеллект басқару іс-әрекетінің тиімділігімен байла-
нысының мәнін, олардың өзара әсерлесуінің күрделілігін ашып 
көрсетуге мүмкіндік береді. Ф. Фидлер мен А. Лейстердің «ара-

лық факторлар» тұжырымдамасында осы себептердің кейбі-
реулері сипатталған. Ол, интеллектің басқару іс-әрекеті табыс-
тылығымен тура емес, көбінесе орталанған болып табылаты-
нына негізделеді. Іс-әрекет тиімділігіне интеллект ғана емес, 
көптеген себептер ықпал етеді, ал интеллект оған көптеген
аралық айнымалылар, яғни жетекшінің мотивация деңгейі, оның 
тәжірибесі, басшылармен және өзі басқаратын топпен арақа-
тынасы арқылы әсер етеді.


122
Интеллектуалдық қабілеттер диагностикаланатын тесті- 


лердің барлығы дерлік теориялық, абстрактілік негізде құры-


лады. Менеджердің интеллектуалдық функцияларына қойы-
латын талаптарды қолданыстағы тестілер жасалған талаптар-
мен салыстыруға болмайды. Сондықтан да нәтижелер қарама-
қайшы.
Басқару іс-әрекеті тиімділігінің интеллект деңгейіне қисық 
сызықты тәуелділігі соңғы уақытта анықталған басқа да себеп-
термен түсіндіріледі, мысалы:
1) интеллект деңгейі мен басқару іс-әрекетінің өтілі ара-
сындағы кері байланыстың болуы; 
2) басқару іс-әрекетінің өтілі салыстырмалы түрде аз адам-
дарда жоғары интеллектің болуы. 
Интеллектуалдық көрсеткіштердің өтіл өсуі кезіндегі тө-
мендеуінің екі негізгі себебі бар: психофизиологиялық функ-
циялардың, соның ішінде интеллектің табиғи жас ерекше-
лік инволюциясы және интеллектуалдық тестілердің көп- 
шілігі негізделген академиялық білімдер мен машықтар-
дың «ұмтылуы». Жетекшінің интеллекті көп дәрежеде тео-
риялыққа қарағанда практикалық бола түседі. Басқару іс-
әрекетінің жалпы тиімділігіне интеллектің өзі емес, өтіл мен 
оның туындысы кәсіби және өмірлік тәжірибе көбірек ықпал
етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет