266
Ереуіл – күрестің шекті, төтенше шарасы. Оны жалдамалы
жұмысшылар өздерінің мақсаттарына жету және жұмыс беруші
мен оның өкілдерін қызметкерлердің талаптарын орындауға
мәжбүрлеу үшін пайдаланылады, яғни, беймәлім (жасырын) ке-
зеңнен шығып кеткен ұжымдық еңбек дау-дамайын реттеудің
өзіндік бір әдісі болып табылады.
Қазіргі таңдағы Ресей үшін ереуіл – салыстырмалы жаңа
құбылыс. Алыс шет елдер де ол өзінің дамуының ұзақ жолынан
өтті. Әлемдік ереуілдік қозғалыс тәжірибесі көрсеткендей, ереуіл-
дер оларды өткізу формасы бойынша – біртекті емес. Оларды
бірнеше түрге бөлуге болады:
1) «әдеттегі ереуіл» – жұмысшылар өндірісті тоқтатып, өз-
дерінің жұмыс орнын тастап кетеді. Өнімді, әртүрлі бұйымдар-
ды шығару толықтай тоқтайды;
2) «ережелер бойынша жұмыс істеу», немесе «итальяндық
ереуіл» – жұмысшылар өндірісті тоқтатпайды, керісінше, өн-
діріс барысында өндірістің барлық ережелерін, құрылғыны тех-
никалық пайдалану, қауіпсіздік техникасы ережелерін және
т.с.с. қатаң сақтайды. Бұл ережелердің барлығын қатаң сақтау
әдетте кәсіпорын, ұйым, мекеме жұмысында қандай да бір
іркілістерге алып келеді. Мұндай ереуілдер қолданыстағы заңмен
реттелмеген – құқықтық реттеуден тыс. Мұндай ереуілге шыққан
жұмысшыларға наразылық білдіру іс жүзінде мүмкін емес;
3) «жұмысты баяулату» – «әдеттегі ереуілмен» салыстыр-
ғанда ол жартылай сипатқа ие: өнімді өндіру толықтай тоқта-
майды, тек оның көлемі азаяды;
4) «өтіп тұратын ереуіл» – бүкіл кәсіпорын жұмысшыла-
рының немесе олардың еңбегі өндіріс технологиясының қандай
да бір кезеңімен анықталатын жұмысшылардың (жөндеуші-
слесарлар, құрастырушылар, токарлар, жабдықтаушылар және
т.с.с.) жұмысты ішінара, уақытша тоқтатуы.
Ереуілдердің бұл формаларының барлығы шет елде кеңінен
тараған. Ал Ресейде көбінесе «әдеттегі ереуілдер» пайдаланы-
лады, бірақ «итальяндық ереуілдер» де орын алған сәттер бол-
ды. Сонымен, «ереже бойынша жұмыс істеу» туралы ниет біл-
діру, яғни, желіде жарамсыз поездарды шығармау жөнінде өз
уақытында мәскеулік метрополитен машинистері білдірді.
267
Ереуілдер қандай формада өткізілмесе де ереуілге шығуға
әр қызметкердің құқығы бар екенін айта кету керек, ол азаматтарға
РФ Конституциясымен
кепілдік берілген, ал «Ұжымдық еңбек
талас-тартыстарын шешу тәртібі жөніндегі» Заңның өзі оларды
өткізумен байланысты барлық сұрақтарды толықтай реттейді.
Қазіргі таңдағы Ресейдегі көптеген өнеркәсіптік кәсіпорын-
дар мен бюджеттік ұйымдардағы еңбек қатынастарының ерек-
шеліктері жалақыны ұзақ уақыт кешіктіру бойынша созылмалы
дау-дамайлар болды.
Достарыңызбен бөлісу: