Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет10/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

Басқару іс-әрекетін қарастырудың негізгі тәсілдері 

 

Басқару  іс-әрекетінің  мазмұнын  зерттеулердің  көптігіне 



қарамастан,  әлі  күнге  дейін  оның  тұтастай  сипаттамасы  жоқ. 

Бұл  мәселе  бойынша  салыстырмалы  түрде  толықтай  түсінік-

темені  осы  іс-әрекет  мазмұнын  сипаттаудың  шағын  тәсілдерін 

біріктіру  негізінде  ғана  жасауға  болады.  Бұл  тәсілдер  екі  тең 

емес  топқа  бөлінеді:  психологиядан  тыс  және  психологиялық. 

Тәсілдердің  бірінші  тобы  уақыт  бойынша  ерте  пайда  болады, 

сондықтан ол әлдеқайда дамыған. 

Басқару іс-әрекетін микроталдау. Ф. Тейлор мен Ф. Гилбрет 

іс-әрекетінің  басқарудан  басқа  әлдеқайда  қарапайым  түрлерін 

қарастыра  келе,  кез  келген  іс-әрекетті  негізгі  компоненттерінің 

қайталанып отыратын жинағы ретінде сипаттауға болады деген 

тұжырымға  келеді.  Оларды  терблигтер  деп  атайды  (Гилбретті 

теріс оқығанда). Операцияларға талдау жүргізу үшін кино және 

фото түсірулер мен хронометраж әдістері қолданылады.  

Инженерлік  бұл  тәсіл  әрі  қарай  басқару  іс-әрекетін  талдауға 

қолданылады.  Жетекшінің  ағымдық  деп  аталатын  шағын  істері 




23 

 

оның  микрокомпоненттері  болады.  Бұл  талдау  орта  буын  жетек-



шісінің  жұмыс  күні  ішінде  әртүрлі  байланысқа  түсетінін    көр- 

сетті. 


Микроталдаудың басқа варианты – жетекшінің жұмыс уақы-

тын уақыттық талдау. Зерттеулердің қорытындыланған мәлімет-

тері бойынша жоспарланған кездесулер мен мәжілістерге уақыт-

тың – 59%, жоспарланбағанына – 10%, қағазбен жұмыс істеуге –

22%,  байқаулар,  сапарларға  –  3%,  телефонмен  әңгімелесуге    –

6%  кететіні белгілі болды.  

Сонымен басқару іс-әрекетін микроталдау оның тек сыртқы 

жағын ғана сипаттайтынын көреміз.  

Басқару  іс-әрекетін  эмпирикалық  талдау  іс-әрекеттің  әлде-

қайда ірі компоненттерін сипаттауға бағытталған. Оның екі түрі 

бар: 

1. Жетекші  еңбегінің  мазмұн  түрлерін  талдау.  Жетекшінің 



барлық  шағын  істері  негізгі  түрлердің  шектеулі  санына  топ-

талуға тиіс: 

а)  «Қағаз  жұмысы»  –  құжаттарды  қарау,  есеп  жасау,  т.б. 

Оның  үлестік  салмағы  жетекшінің  қызметі  өскен  сайын  арта 

түседі. 

ә) телефонмен сөйлесу; 

б) кездесулер; 

в)  алғы  түрмен  салыстырғанда,  құпиялылық  (конфиденциал-

дық) сипатпен ерекшеленетін жеке байланыстар. Бұл – басқару іс-

әрекеті құрылымындағы әлдеқайда маңызды түрі, ал оның үлестік 

салмағы жетекшінің иерархиялық деңгейі артқан кезде өседі; 

г)  жетекшінің  жедел  ұйымдастырушылық  міндеттері.  Олар-

дың  мазмұнын  ұйымның  іс-әрекетінің  тақырыптық  саласы  мен 

жетекшісінің қызметі айқындайды. 

2. «Жағдайлық талдау» (нақты жағдайларды атап көрсету және 

қарастыру  негізінде  талдау).  Оны  менеджерлерді  оқыту  тәсілі 

ретінде  қолданады,  мысалы,  АҚШ-тағы  Гарвард  бизнес  мекте-

бінде.  Ол  басқару  іс-әрекетінің  мазмұнын  қарастыру  кезінде  де 

үлкен  рөл  атқарады.  Басқару  жағдайы  осы  іс-әрекеттің  талдау 

бірлігі  болып  табылады.  Атап  көрсетілген  жағдайларды  жеңіл 

жіктеуге болады. Бүкіл іс-әрекеттің негізі ретінде қарастырылатын 

негізгі басқару жағдайларының жүйесі тұрғызылады. 




24 

 

Іс-әрекеттің  психологиялық  теориясы  тұрғысынан,  бұл 



теория,  әрқайсысы  іс-әрекеттің  барлық  негізгі  сипаттамаларын 

сақтауға тиіс бірліктерді талдау ү шін және бұл кезде өз бойын-

да  тұтастық  ерекшелігін  әлі  де  сақтап  қалған  барлық  мүмкін 

бірліктердің ең кішісі болуға тиіс ретінде бөлінеді. 

Л.С. Выгодский талдау тәсілдерін компоненттікке және эле-

менттікке  бөлуді  ұсынды.  Мысалы,  су  үшін  молекула  –  ком-

понент,  өйткені  ол  әлі  сұйықтық  болып  табылады.  Сутегі  мен 

оттегі  атомдары  –  тұтастық  (сұйықтық)  ерекшелігін  жоғалта 

бастаған  және  газ  болып  табылатын  элементтер.  Выгодскийдің 

пікірінше,  іс-әрекетті  компоненттік  психологиялық  талдау  ба-

рынша мүшеленген және өз нәтижелерінде талданатын тұтастық 

барлық  қасиетін  қайта  қалпына  келтіре  отырып,  бір  мезгілде 

толық мазмұнды болып шығады. Терең теориялық өңделу алған 

осыған ұқсас көзқарастар С.Л. Рубинштейн мен А.Н. Леонтьевке 

тиесілі [31]. 

Басқару іс-әрекетін талдауға деген, оны іс-әрекет пен ұйым-

дастыру  деңгейінде  қарастыруды  білдіретін  психологиялық 

тәсіл  құрылымдық-морфологиялық  талдау  ұғымымен  белгі-

ленеді.  Ол  басқару  іс-әрекетін  оны  талдаудың  басқа  тәсілдері-

мен (оның жеткіліксіздігінен) сабақтастыра қарастыру негізінде 

қолданылады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет