1.3 Қазіргі кездегі басқару теориясының күйі
Сонымен қазіргі әлемдік менеджмент теориясы мен прак-
тикасында өмір сүріп, өзара іс-әрекеттесіп жатқан негізгі 3 ба-
ғыт бар: жүйелілік, процестік және жағдайлық. Тұжырымда-
малардың, мектептердің орасан көп саны бар, олар нәтижелерді
қорыту, синтездеу, біріктіру қиындығын туғызады. Басқару тео-
риясын әрі қарай дамыту үшін сенімді негіз беруге мүмкіндік ту-
ғызатын тұжырымдама жағдайлық тұрғысы болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, бұл бағытқа сәйкес кез келген ұйым
– ортамен өзара әсерде болатын ашық жүйе, ал оның ішінде
болып жатқанның барлығын және тиімді басқару мазмұнын
құраушыларды қазіргі менеджменттің негізгі ұғымы – бейім-
делусіз сипаттауға болмайды. Басқару теориясында жаңа ба-
ғыттар мен ағымдар, перспективалы ұстанымдар пайда болды.
Бұлар – «стратегиялық менеджмент», «қызметкерлерді бас-
қару», «ұйымдастыру мәдениеті» тұжырымдамалары. Соңғы тұ-
жырымдаманы 80-жылдардағы басқарудағы ойдың «теориялық
бұзып өтуі» деп есептейді. Жұмыс істеушілердің барлығының
жалпы мақсаты – бір және осы мақсатқа жету жолдарын жасауға
тікелей әрі қызығушылықпен қатысады. Басқарудың қуатты
қаруы ретінде ұйымдастыру мәдениеті Жапонияда аса кеңінен
қолданылуда. Соңғы кездері жапондық тәжірибемен менедж-
мент тарихының айқын беттері тығыз байланыста. Америкалық
менеджментті түбегейлі зерттеген жапондық мамандар, одан ең
тиімділерін алып, басқарудың өзіндік моделін тұрғызды. Ме-
неджменттің батыс және жапондық тұжырымдамалары арасын-
дағы принципті айырмашылық мынадай: біріншісінде – түпкі-
лікті нәтижеге, ал екіншісінде – адами факторларға бағдар ба-
сым. Жапондық тұрғының негізі – өзін-өзі басқару және өзін-өзі
21
бақылау идеялары. Қызметкерлердің қабілеттілігі марапат-
талады, олардың дамуы ынталандырылады, әріптестік пен өзара
көмекке, ынтымақтастыққа, корпоративтік рухтың қалыпта-
суына қолдау жасалынады. Қызметкерлердің моральдық көңіл-
күйіне үлкен зейін аударылады. Адамды жұмысқа қабылдай
отырып, әкімшілік оның кәсіби сапаларына ғана емес, сондай-ақ
моральдық-этикалық сапаларына, оның ерінбей еңбектену тала-
бына және топтық іс-әрекетке үйлесу шеберлігіне де қызығу-
шылық танытады [30].
Басқару теориясы дамуының қазіргі кезеңінде негізгі ағым-
дарды атап көрсетуге болады, олар:
1) ұйымның материалдық-техникалық базасына бұрынғыға
қарағанда әлдеқайда жоғары мән беру;
2) басқаруды әрі қарай демократияландыру, ұйымды басқару
объектісінен өзін-өзі басқару субъектісіне айналдыру;
3) менеджмент пен бизнесті және ол туғызған басқарудың
жаңа мәселелерін интернационалдау.
Барлық осы және басқа да ағымдар басқаруға деген көзқа-
растардың «тыныш басқару революциясы» деп аталатын жаңа
жүйесінің қалыптасуына алып келді. Оның негізгі сипаттары
мыналар:
1) ұйымның ішкі факторларына дұрыс әсер ету басқару
табысының негізі болып табылады деп есептейтін менеджмент-
тің классикалық мектептерінің басқарудағы ұтымдылығынан
бас тарту. Басқарудың стратегиясы мен тактикасын сыртқы орта
өзгерістеріне бейімдеу мәселесі әлдеқайда маңызды болып
есептелінеді;
2) басқаруды жақсартатын кез келген жүйенің бірқатар
әмбебап элементтерін анықтауға мүмкіндік беретін басқарудағы
жүйелер теориясын қолдану;
3) басқаруға жағдайлық бағыт, оның басты тезисі – кәсіп-
орынның ішіндегі бүкіл ұйымдастыру – бұл сыртқы әсерлерге
жауап;
4) менеджменттің бүкіл қоғам және адам алдындағы (ұйым-
да істейтін әрбір адамның) әлеуметтік жауапкершілігін
тану.
XX ғасырдың 90-жылдардағы басқару қағидалары:
22
– қызметкерлерге деген босаңдық;
– жауапкершілік;
– ұйымды тігінен де, көлденеңінен де көктеп өтетін комму-
никациялар;
– қызметкерлердің қабілеттілігін ашуға бағытталған ұйым-
дастыру мәдениеті;
– барлық жұмыс істеушілердің үлестік қатысуы;
– сыртқы ортадағы өзгерістерге пара-пар реакция;
– топ жұмысына тікелей араласу;
– менеджердің жұмысы бойынша барлығын тыңдау шебер-
лігі;
– бизнес этикасы;
– адалдық және адамдарға сену;
– менеджменттің іргелі негіздері: сапа, сервис, ресурстарды
бақылау, қызметкерлерге арқа сүйеу;
– алдағы болашақты ұйымдастыруды көре білу;
– жеке жұмыс сапасы және оны жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |