Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет12/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

 

 


27 

 

1.4  Ұйымдастыру теориясының элементтері 

 

 «Ұйымдастыру» ұғымының екі негізгі мәні бар: біріншіден, 

бұл – басқару іс-әрекетінің өзі, яғни жеке іс-әрекеттерді белгілі 

бір  жалпытоптық  мақсаттарға  жету  мақсатында  келістіру  про-

цесі;  екіншіден,  бұл  –  негізгі  компоненттерден  және  олардың 

арасындағы тұрақты байланыстан тұратын белгілі бір құрылым. 

Ұйымдастыруды  тұрғызу  негізі  –  екі  басты  принциптің: 

иерархиялық  («тік»)  және  координациялық  («көлденең»)  прин-

циптердің  сабақтасуы.  Біріншісі  жетекшіліктің  төменгі  дең-

гейінен  жоғарғысына  дейінгі  бүкіл  басқаруды  білдіретін  «бас-

қару континуумы» ұғымында көрсетілген. Басқару іс-әрекетінің 

мазмұны жетекшінің иерархиялық деңгейіне байланысты. 

Координациялық  (үйлестіру)  принцип  –  жетекшінің  қыз-

меттік  міндеттері  жүйесінде  бекітілген  функционалды  еңбек 

бөлінісі.  Функционалды  бөліністі  есепке  алу  жетекші  іс-әреке-

тінің  мазмұнын  және  оның  басқа  бөлімшелермен  өзара  іс-әре-

кетін  сипаттау  үшін  қажет.  Ұйымның  коммуникативтік  кеңіс-

тігін  көбінесе  анықтайтын  осы  «көлденең  құраушысынсыз», 

жетекшінің  ұйымдағы  тұлғааралық  өзара  іс-әрекет  негізін- 

де  жатқан  коммуникативтік  қызметін  түсіну  мүлде  мүмкін  

емес. 


Оның  құрылымы  мен  мазмұнын  таңдау  –  жетекші  іс-әре-

кетінің  маңызды  мәселесі.  Ол  ұйымдастыру  қызметінің  негізі 

болып  табылады.  Құрылым  жоспарлау  нәтижелері  негізінде 

құрылады.  А.  Чандлер  басқару  теориясында,  бұл  күні  оның 

аксиомасы  болған  «Стратегия  құрылымды  анықтайды»  деген 

тезисі тұжырымдалды. 

ХХ  ғасырдың  басында  М.  Вебер  «идеал  бюрократия»  тұ- 

жырымдамасын  ұсынады.  Оны  кейде  адамзат  тарихында- 

ғы  ең  пайдалы  идеялардың  біреуі  деп  есептейді.  М.  Вебер  

жүргізген  бюрократиялық  құрылымдардың  талдауы  қазір- 

гі  ұйымдар  мәнінің  айрықша  сипаттамасы  болып  табыла- 

ды  [32].  Оның  тұжырымдамасы  бірқатар  принциптерге  негіз-

деледі: 

–  нақты  еңбек  бөлінісі  және  әр  саладағы  білікті  маман- 

дар; 



28 

 

–  басқару  деңгейлерінің  иерархиялылығы  (төменгі  деңгей-



лердің  жоғары  деңгейлерге  бағынуы  және  солардың  тарапынан 

бақылау); 

–  ұйым  мүшелерінің  қызметтік  міндеттерін  атқаруына 

арналған ережелер мен стандарттар жүйесінің болуы; 

–  ұйым – адамдардың бірлестігі емес, қызметтер жүйесі; 

–  белгілі  бір  қызметтік  міндеттерді  орындауға  қажет  білік-

тілікті игерген атқарушыларды таңдау. 

Бұл  тұжырымдаманың  басты  мына  кемшіліктерін  атауға 

болады: 

1)  стандарттық  нормалар  мен  ережелер  мәнділігінің  тым 

артық болуы; 

2) туындайтын мәселелерді өткен уақыт оқиғалары негізінде 

шешу; 

3)  жоспарлар  мен  шешім  қабылдауды  үйлестірудегі  сал-



ғырттық; 

4)  өзгерістерге  деген  (ішкі  және  сыртқы)  әсерлердің  бәсең 

болуы; 

5) инновацияға деген иммунитет

6) өзін дамытуға қабілетсіздік. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет