Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет79/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

Сараптық  билікнемесе  талдау  билігі  –  бұл  жетекшіге  са-

налы  сенім  арқылы  билік  (басшыға  сену,  басшының  қолынан 

бәрі келетініне сену). Атқарушылар көбінесе жетекші ұйым мақ-

саттарын  жүзеге  асырады  деп  есептейді,  өйткені  кәсіби  шебер-

ліктің жоғары дәрежесіне ие. Сондықтан оған сену және бағыну 

керек.  Бұл  билік  басқарудың  орталықтандырылмаған  жүйеле-

рінде  әлдеқайда  мәнді.  Оның  кемшілігі  –  сенімділіктің,  күштің 

және тұрақтылықтың кемдігі. Сонымен қатар ол жетекшілердің 

барлығына  бірдей  қолжетімді  емес,  көбінесе  «кері  белгімен» 

жұмыс жасайды. 

Харизматикалық билік немесе өнеге билігі – мысал (үлгі) би-

лігі. Ол саналы сенім мен қисынға емес, дәстүрге және көшбас-

шының  жеке  сапаларының  күшіне  негізделген.  Бұл  қызметтік 

емес,  тұлғалық  ықпал.  Харизматикалық  тұлғаның  төмендегідей 

типтік сапалары атап көрсетіледі [35]: 

–  өз  энергиясымен  қоршағандарды  зарядтау  (энергиямен 

алмасу); 

–  күшті  сырт  типі  –  көбінесе  санадан  төмен  деңгейде  бо-

латын әдеттен тыс айқын сапалар

мінездің тәуелсіздігі

шешендік қабілеттілік

– өз тұлғасына таң қалуды қабылдау (олар өздерін басқалар 

шын мәнінде бағалаған кезде ғана жайлы сезінеді); 

– өзін сенімді және текті ұстау мәнері. 

Харизматикалық  биліктің  жақын  ұғымдары  әлдеқайда  жал-

пы «эталондық билік» ұғымымен біріктірілген. 



Заңды  (дәстүрлі)  билік.  Жетекші  оның  мәртебесінде  заңды 

бекітілген,  атқарушыларға  әсер  етудің  құқықтық,  өндірістік  ті-

ректер  жүйесіне  ие.  Жетекшілер  мен  қарамағындағылар  ара-

сындағы  өзіндік  «келісімге»  сай  биліктік    қарым-қатынас  ор-

найды.  

Ақпарат билігі. Жетекші, әдетте, қарамағындағыларға қара-

ғанда көбірек ақпаратқа ие, сондықтан тиімді мінез-құлық үшін 

объективті  үлкен  мүмкіндіктері  бар.  Басқалардың  алдында  бұл 

оның биліктік шамасын арттырады, оның сараптық және эталон-

дық  билігін  күшейтеді.  Кім  ақпаратқа  ие  болса,  сол  жағдайды 

бақылайды. 




201 

 

Жетекші  іс-әрекетінде,  әдетте,  биліктің  қарастырылған  бар-



лық формалары сабақтасады. Оның  аса маңызды кәсіби сапасы 

–  осы  формаларға  кешенді  сүйену  және  оларды  жағдайға  бай-

ланысты «дозалау». Осы сапаның өзі интегралдық басқару түзі-

лімінің  жетекші  беделінің  қалыптасу  негізі  қызметін  атқарады. 

Бедел  тек  жетекшінің  биліктік  өкілеттері  мен  тұлғалық  сапа-

ларының  қорытылған,  интегративтік  байқалуы  ретінде  ғана 

емес, жетекші мен атқарушылардың ұзақ уақыт бірлесе істеуінің 

өнімі  болып  табылады.  Сондықтан  жетекшінің  беделді  қалып-

тастыру  мен  күшейтуге  бағытталған  мінез-құлық  тәсілдері  бас-

қару  іс-әрекетінің  маңызды  жағы  және  реттеуіші  болып  табы-

лады.  

Арақашықтық  бедел.  Жетекші  өзімен  және  қарамағында-

ғылармен  арадағы  арақашықтық  неғұрлым  үлкен  болса,  оларға 

ықпал ету соғұрлым күштірек болады деп есептейді. 

Мейірімділік  немесе  кішіпейілділік  беделі.  Қарамағындағы-

лармен мұқият қарым-қатынастың мәнін жалған түсіну (басқаға 

жақсылық жасайды). Бұл бедел оларға деген төмен талап қоюға 

негізделеді. 



Сатып алу немесе сыбайластық беделі. Қарым-қатынас «сен 

маған – мен саған» принципі бойынша орнайды (сен маған жақ-

сылық жаса, мен саған жасаймын). Іскерлік қарым-қатынас же-

келікке айналады, жеке берілу формасын қабылдайды. 



Резонерстік  бедел.  Жетекші  көңілсіз  оқыту  мен  үздіксіз  ақыл 

айту  оның адамдарға деген ықпалын күшейтеді деп есептейді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет